Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет110/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

Санитарлық  бақылау.  Судың  микробиологиялық  қатынасы 
барлық тамақ өндірісі кəсіпорындарының ортақ талаптарына сай 
болуы керек. Жұмысшылардың, əсіресе дайын өнімдерді салушы-
лар мен кəмпитті орауда жұмыс істейтін тұлғалардың жеке гигие-
насын бақылаудың мəні өте зор. Көптеген өндірістік процестердің 
механизациялануына қарамастан, қызметкер қолы дайын өніммен 
жиі жанасады жəне қолдан инфекцияның берілу қаупі өте жоғары 
болып  қалады.  Жұмысшылар  қолдың  тазалығына  қатаң  көңіл 
бөлуі керек. 


100
101
 
8-ТАРАУ. 
ҚАНТ ӨНДІРІСІ
Тағам  өндірісінде  жəне  азық-түлік  өнімі  ретінде  көп  тараған 
қанттарды  жəне  қант  тəрізді  заттарды  қант  қызылшасынан  жəне 
қант  қамысынан  алады.  Олар  қызылша  қанты  жəне  қамыс  қанты 
болып табылады. Қанттың алу технологиясы микроорганизмдердің 
өміршеңдігіне байланысты емес. 
Бұл – химиялық жəне физикалық процестер. Микроорганизмдер 
өндіріске тек қана залал келтіреді. Олар технологиялық процестерді 
бұзады  əрі  шикізаттар  мен  жартылай  фабрикаттардың  бұзылуына 
əкелуі мүмкін. 
Технологиялық  процесс  қызылшадан  қантты  алу  жəне  оны 
кристалды  өнімге – құмшекерге,  тығыздалған  қантқа  жəне  де 
т.б.  өнімдерге  айналдыру – көп  сатылы  жəне  күрделі  физикалық-
химиялық процесс болып табылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет