Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық


Көкөністер мен жемістерді мұздату



Pdf көрінісі
бет285/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   305
Көкөністер мен жемістерді мұздату
Көкөністер  мен  жемістердің  сақталу  мерзімін  ұзартудың  кең 
тараған  əдісі  оларды -10 -20°С-да  мұздату  жəне  одан  əрі  сол  тем-
пературада сақтау болып табылады. Мұздатуға дайындау үдерісінде 
технологиялық жəне санитарлық талаптардың сақталуында өнімнің 
бетіндегі микроорганизмдер саны азаю керек.
Технологиялық тəртіп бұзылғанда 1 г өнімде микроорганизмдер-
дің  төзімді  түрлері,  көбінесе  спора  түзуші  бактериялар  саны 
бірнеше мыңнан миллионға дейін көбейіп кетуі мүмкін. -10, -20°С-
та  мұздату  жəне  əрі  қарай  сол  температурада,  əсіресе  қышқыл  ор-
тада сақтағанда микроорганизмдер саны бірте-бірте азаяды. Алай-
да  микроорганизмдердің  жойылу  жылдамдығы  бастапқы  өнімнің 
тұқымдану дəрежесі мен микрофлора сипатына байланысты.
Өнімдегі микроорганизмдердің көп мөлшерінде олардың біразы 
жойылса  да,  белгілі  мөлшері  тірі  қалады,  əсіресе  бактериялардың 
споралары  тұрақты  болады.  Көкөніске  топырақтан  келіп  түсетін 
клостридиум  ботулиниум  споралары  қауіпті,  мұздатылған  ортада 
осы микроорганизмдердің токсиндері ұзақ сақталып қалады.
Мұздатылған жемістерді, жидектерді жəне олардан дайындалған 
шырындарды 0°, -1°С-да  сақтағанда  ашытқылардың  көбеюі  мен 
спирт пен көмір қышқылы түзіле жүретін шырын қантының ашуы 
байқалады. Өнімдердің дефростациясы (жібіту) кезінде қалған ми-
кроорганизмдер  тез  көбейе  бастайды,  сондықтан  мұздатылмаған 
өнімдермен салыстырғанда, жібітілген жемістер мен көкөністердің 
тұрақтылығы  төмен  температура (+2
о
С)  жағдайында  сақтағанда 
да  төмен  болады.  Осы  температурада  көкөністерде  суық  сүйгіш 
шіріткіш  флавобактериум  тобының,  бактериум  флюоресцесн 
микроорганизмдері,  торулопсис  жəне  кандида  туысының  ашытқы 
тəрізді  саңырауқұлақтары;  жемістерде – ашытқылар  мен  зең 
саңырауқұлақтары көбейеді.
Бөлме температурасында сақтағанда, көкөністер мен жемістерде, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет