Жаңартылған білім мазмұнындағы


Ж.Аймауытовтың «Психология» еңбегіндегі «Таңсыққойлық(любопытство)», «Перне іліктестігі (ассоцация)» туралы мәселерді саралап жазыңыз



бет16/32
Дата19.12.2022
өлшемі1,79 Mb.
#58184
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32
Байланысты:
ҚӘОӘ сессия НОВЫЙ

32.Ж.Аймауытовтың «Психология» еңбегіндегі «Таңсыққойлық(любопытство)», «Перне іліктестігі (ассоцация)» туралы мәселерді саралап жазыңыз.
Ж.Аймауытов психология еңбегінде «Перне іліктестігі» туралы былай дейді:
Әдет туралы сөйлегенде, көбінесе көзде тұтқанымыз – белгілі қозғалысқа, сыртқы амалға арналған әдеттер еді. Әдет жалаң, козғалуда. амалда болмайды, біздің ойлау қызметтерімізде, сезім ағымы да сол әдет заңына бағынады. Міне осы заңға тірелетін кұбылыстың катарына «перне іліктестігі»кіреді. Енді осы мәселені қарастырып көрейік.
Естеріңізде болсын -сана деп заттардан,ішкі,сезімдерден,сандырама әуестерден кұралып, үнемі ағып жататын бұлақтыайтады. Сананың дәуірлерін я шалқуын желді күнгі егінмен,әйтпесе толқынмен салыстыруға болады: әрбір егіндікте я толқында бір кіндік орын болады да, біздің ілтифатымыз сол кіндік орынға тиянақтайды. осы кіндікке ойлау жолындағы басым болатын нәрсе дәл келеді, бұл басым нәрсенің төңірегі орамалдың шеті тәрізденіп, жиектеледі, ол жиек неден жасалады? десеңіз. әлгі кіндік нәрседен гөрі бәстеу,көмескілеу. басқа нәрселерден, осылардың бірігуі себепті туатын көңілдің, қайраттың талаптарынан жасалады. Ішкі өмірді осылай сурсттеп айтсак, азды-көпті өзіне жақындаған боламыз. Сонымен, сана деігсиіміз - бір толкын сықылды болса, ол толқын дәйім саулап, бірінен соң бірі келіп тұратын ықпалы болса, сырттан қарағанда толкын ішіндегі нәрселер шашырамалы, бытырамалы іспетті көрінуге мүмкін. Олай емес,өзімізді бақылау жолымен әлгідей толқындар белгілі заттардан құралатындығын көріп отырмыз, өйткені аллыңғы толқынның тегіне қарап тап үстінен түспегенмен, келесі толкынды да жобалап білуге болалы. Міне сол өткен толқынға әрбір сонғы толқынның қатынасы екі түрлі заңмен тағайындалалы. Осы заңды «іліктестік заңы» дейді, алғашқысын орайлас іліктестігі,соңғысын ұқсас іліктестік заңы деп атайды.
Орайлас іліктестік заңы айтады: жаңа толқынның бас кезінде ойлаған нәрселеріміз соның алдында өткен толкындағы нәрселермен бір кезде бір жакын болғаны бар дейлі. Жоғалып бара жаткан нәрсе, бір кезде біздің акылымызда осы ойлап отырған нәрселеріміздің көршісі болған, бір нәрсенін атын атау нәрсенің өзін ойға түсіреді, нәрсені көру атын еске түсіреді,мәселен, біреу «шегембай» десе, аяк-қолы бакандай, ансағай,аңқау Шегенбайдың түрі көзіме елестейді. Түрі есіме түсті-ак, онын ісі тағы түседі, тірідей өзіне кұран шығарып. кожа-молдаға жалғыз-жарым тоқтысын беретіні. өзі сл кылырып,етік тігіп жатып, Исабай қажының баласын ертіп үйіне әкеліп,екі токтысының бірін сойып беріп, оның мәсісін ұлтарып.ертеңіне көкшолағымен ертіп кететіні. кандай шығынға.киянатка, зорлыкқа ұшыраса да. «құлайдын калағаны болар»деп, уайым-кайғысыз жүре беретіні - бәрі ссіме түседі. Міне,осының бәрінде орайлас іліктестік заңының кызметі көрінеді.
Ал енді ұқсас іліктестік заңы айтады. Біздің миымызда жүріп жататын кызметтерді орайлас іліктестік заңымен түсіндіруге болмайтын кездерде. тыңнан келетін заттар бұрынғы өтетін заттармен ұксас болады, ұксас заттар еш уакытта бұрын бірге болып көрмесе де бола береді. Қиял кезген уакытта ұксас іліктестік жиі ұшырайды. Ағып жаткан қайтарын токтатып, неліктен мен осы нәрсе туралы ғана ойлап отырмын деп, өзімізден сұрасақ, ол нәрсе айтылған скі заңның бірі болмаса, бірінін куатымен санамызда пайла болғанынтабамыз. Жадымызда орнаған әдеттегі ойдың барлық ағыны орайлас іліктестік заңы арқылы болып отыралы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет