Жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес «Мектеп» баспасынан шыққан 5-9 сыныптардың «Қазақ әдебиеті» оқулығына сипаттама беріңіз (құрылымы, тапсырмалар жүйесі)
53.Жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес «Мектеп» баспасынан шыққан 5-9 сыныптардың «Қазақ әдебиеті» оқулығына сипаттама беріңіз (құрылымы, тапсырмалар жүйесі). Оқулық негізінен күрделіден қарапайымға өту тәсілін қолдана отырып әзірленген. Әр тақырып соңында кері байланыс берілген. Ол кезең алған білімді түрлі әдістер көмегімен таразылауға бағытталған. Кері байланыс жүйесі әр тақырыпта әр түрлі болып мазмұнына сай түрленіп отырады. Оқулықтың бір ерекшелігі- кідіріс жасау. Мәселен, белгілі бір жырды не өлеңді берген сәтте ортасынан кідіріс жасап, жарты бөлігін талдауға және зерттеуге арналған тапсырмалар реті құрастырылған. Кейін ары қарай жалғастырып оқиық деп шығарманың қалған бөлігін ұсынып, оны да орындауға тапсырмалар жасалған. Әр шығарманың авторының өмірбаянына қысқа түрде тоқталып өтіп, шығарманың нақ өзін көбірек талдауға жағдай туғызған. Жас ғалымға көмек айдары теориялық білімді орнықтыру мақсатында құрастырылып, қызық екен айдары ғаламның түрлі қызықтарын шығармамен байланыстырып оқу ретінде жасалды.
54.Қазақ әдебиеті пәнінен ТЖБ тапсырмаларын жасау әдістемесі. Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру алгоритмі Нәтиже
Оқу мақсаттарына шолу
Тапсырмалардың ұзақтығын ескеру
Балл қою кестесін құрастыру
Тапсырмаларды спецификацияға сәйкес құрастыру
Тапсырма құрастыру кезінде неге сүйену қажет?
оқу бағдарламасы және оқу жоспары;
спецификация;
құрастырылған бағалау критерийлері;
кәсіби іс-тәжірибе/мұғалімнің шешімі:
оқу материалын қамту көлемі мен деңгейі;
оқушы деңгейі;
оқушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктері.
*Тапсырма
Қамтылатын мақсаттар
Тапсырма түрлері
*Тапсырмалар сипаттамасы
*Орындау уақыты, мин
Балл
Тапсырмаға сараптама жасау
Тапсырма оқу мақсатына, бағалау критерийлеріне, көрсетілген ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келе ме?
Сұрақтың немесе тапсырманың берілуі түсінікті ме (екі жақты теріс пайымдау, қажетсіз қиын сөздер, күрделенген синтаксис, жаргон сөздер, диалект сөздер, анық емес сөздер және т.б.)?
Тапсырманың берілуінде түсінік беретіндей тұстары жоқ па (тура, ауыспалы)?
Тапсырмалардың күрделілік деңгейі жеткілікті ме?
Суреттер, диаграммалар, сызбалар және т.б. анық па?
Грамматикалық және орфографиялық қателер жоқ па?
Балл қою кестесі/дескрипторлар тапсырмаға сәйкес пе?
Жауап нұсқаларының ішінде дұрыс жауабы бар ма?
Дистракторлар дұрыс құрастырылған ба?
Жауап нұсқалары логикалық реттілікпен орналасқан ба?
Тапсырмаға сараптама жасау
Тапсырмалар спецификациямен сәйкес (оқу мақсаты, балл саны, орындау уақыты)
Тапсырмалар мазмұны оқу мақсаттарына сәйкес
Тапсырмалар мазмұны ойлау дағдылары деңгейіне сәйкес
Тапсырмаларды орындау уақыты рационалды түрде белгіленген
Жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы ұсынылған
Балл қою схемасының құрылымында барлық маңызды компоненттер сақталған (тапсырма нөмірі, тапсырманы орындау кезеңдері көрсетілген жауаптар, әр кезеңнің баллы, балл қою бойынша ұсыныстар келтірілген қосымша ақпарат)
Тапсырманың күрделілік деңгейіне балл саны сәйкес келеді