Байланысты: Дәріс тезистері - жаңартылған дене шынықтыру
Дәріс 13-14. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру және ӛткізу Бастауыш сыныптағы дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі формасы –
дене шынықтыру сабағы.
Дене шынықтыру сабақтарының мазмұны мемлекеттік
стандарт пен оқу бағдарламасына сәйкес белгіленіп, оқушылардың күші мен
жылдамдығын, ептілігі мен шыдамдылығын және ерік-жігерін, батылдық пен
табандылықты және тез шешім қабылдау секілді тәрбиелік қасиеттерін дамытады.
Дене шынықтыру сабақтары оқушылардың қимыл-қозғалыс негіздерін,
спорттық жаттығулар мен спорттық ойындардың қарапайым техникаларын
меңгертуге, сол арқылы күш-қайратты жетілдіріп, епті де тӛзімді болып ӛсуге
жағдай туғызады. Жаттығулар жасау арқылы денсаулықты сақтап, нығайтып,
ӛмірге қажетті қимыл-қозғалыс әрекеттерін бірте-бірте кӛбейтіп, қызықты да
мазмұнды ӛмір сүруге бастайды.
Мұғалім дене шынықтыру сабақтарының барлық түрінде де уақытты тиімді
пайдаланып, сыныптағы әрбір баланың қимыл-қозғалыстарының сапасы жақсара
түсуіне үнемі жағдай жасап отыруға тиіс.
Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру
міндеттері шешіледі.
Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті – оқушылардың дене
шынықтырумен үнемі шұғылдануға ынта-ықыласын дарыту. Бастауыш
сыныптағы дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан
алуандығымен ерекшеленеді.
Дене шынықтыру сабағы
дайындық, негізгі, қорытынды бӛлімдерінен
тұрады.
Дайындық бӛлімі оқушылардың
сергек
кӛңіл-күйін,
дене
шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балалардың сабақтың негізгі
бӛлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін
пайдаланылады. Мұнда кӛбінесе жүру, жүгіру, сапта тұру барысында
оқушылардың дене бітіміне, қол-аяқтарының қимыл-қозғалыс сәйкестігіне, аяқ
алысының, жүгіруінің дұрыстығына, жалпы ӛзін-ӛзі ықшам, жеңіл ұстауына кӛп
кӛңіл бӛлінеді.
Балалардың денесін қыздыру үшін тоқтамай жүгіру сабақтың барлық түрінде 2-
3 минут жүргізіледі, жалпы дамыту жаттығулары кеңінен қолданылады. Бұл
жаттығулар сабақтың мақсатына және негізгі бӛлімде жүргізілетін қимыл-
қозғалыс негіздеріне байланысты ыңғайлап алынады. Мысалы секіру түрлеріне
үйрететін сабақта балалардың аяқ бұлшық еттерін қыздыратын жалпы дамыту
жаттығулары басымырақ болады.
Сабақтың