Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


-ші ыдыстағы жануарда пайда болған өзгерістердің патогенезі қандай? Патогенездің негізгі тзбегін атаңыз. Бұл жағдайда қандай кері айналып соғу шеңбері дамуы мүмкін?



бет114/166
Дата17.09.2023
өлшемі1,01 Mb.
#108300
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   166
3. 2-ші ыдыстағы жануарда пайда болған өзгерістердің патогенезі қандай? Патогенездің негізгі тзбегін атаңыз. Бұл жағдайда қандай кері айналып соғу шеңбері дамуы мүмкін?
2 ші жағдайда құтыдағы барометрлік қысымды төмендеткен. Нәтижесінде гипобаралық ауру туындайды.
Төменгі қысымнан гипобария болады --- атмоферадағы О2 азаюы--- Жүрекке О2 жетіспеуі—жүректің жиырылуының бұзылысы --- қанқысымының төмендеуі---альвеоларлық гипоксия ---хеморецептордың тітіркенуінен қайтадан гипоксияның дамуы(порочный круг)---гиперкапния—организмдегі сұйықтықтардың еруі(сатурация)---мида липидтердің көп болуынан еріген азоттың көбеюі—ОЖЖ қызметі бұзылу --- бас айналу —терең ұйқының келуі—бас ауру---жүйкелік-бұлшықеттік үйлесімдіктіңт бұзылуы---естен тану
Кері айналып соғу шеңбері: Гипоксия-Жүрек зат алмасуларын бұзылуы-жүрек жиырылуының бұзылуы-артериялық қысымның төмендеуі –гипоксияға алып келеді
Тапсырма 2. Науқас Р., 27 жаста, клиникаға өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы бойынша емделуге жатқызылған. Тексеру кезінде жалпы қан анализінде эритроциттер мен гемоглобиннің төмендеуі, эритроциттердің орақ пен жарты ай тәрізді пішінінің өзгеруі анықталды. Сілтілік гельде электрофорездеу кезінде, 65% НbА-мен қатар, фракциясы 35% құрайтын НbS анықталған. Отбасылық анамнезінде: әкесі мен анасында НbS бар, әпкесі ерте балалық шағында анемиядан қайтыс болған. Науқастың жұбайының дені сау.


1.Науқаста анықталған қан патологиясы тұқым қуалайтын аурулар тобына жатады ма? Ұрпағына қай түрде беріледі? Науқастың балаларында осы патологияның даму ықтималдығы қандай? Жауаптарды түсіндіріңіз.
  1. Бұл ауру- орақ тәрізді жасушалық анемия. Себебі, ауру өкпені зақымдайды, эритроциттер пішіні өзгертеді, диагностикалық электрофорездеу кезінде HbS анықталады. Орақтәрізді жасушалық анемия –аутосомды рецессивті жолмен тұқым қуалайтын гемоглобин синтезінің бұзылыстарына байланысты, оттегіні беретін гемоглобин ерігіштігінің төмендеуінен эритроциттердің пішіні орақ тәріздес болып өзгеруімен сипатталатын ауру болып табылады.


  2. Бұл ауру аутосомды басылыңқы, рецессивті. Егерде ата анасының екеуі де гетерозиготалы болса (ауырмай тасымалдаушылар), балаларында бұл ауру пайда болуы 25%. Екеуі де рецессивті гомозиготалы (екеуі де ауырса) болса 100% тұқым қуалайды. Ал біреуі гетеро, екіншісі гомозиготалы болса (біреуі ауырады, екіншісі тасымалдайды) 50% тұқым қуалайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет