340-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау
Үй маңындағы, саяжай мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталардан басқа, айтарлықтай залал келтіре отырып, орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, сол сияқты орман дақылдарын, орман питомниктерi мен плантацияларындағы егiлген не отырғызылған көшеттерді, сондай-ақ ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған алаңдарда өзi өсiп шыққан шыбықтарды, өскiндерді не қолдан отырғызылған екпелердi жою немесе зақымдау –
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бірінші бөліктің екінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
мүлкі тәркіленіп, бір жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Айтарлықтай залал келтіре отырып, орман қорына кіретін ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау –
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Екінші бөліктің екінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
мүлкі тәркіленіп, бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) бірнеше рет;
2) адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып;
3) iрi залал келтiре отырып;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс-әрекеттер –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 340-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.