464-бап. Ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу
1. Абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге не аварияға немесе жауынгерлік техниканың істен шығуына немесе әскери бөлімдер мен бөлімшелердің жауынгерлік даярлығы мен жауынгерлік қабілеті деңгейінің ұзақ уақыт төмендеуіне алып келген ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу, сол сияқты әскери ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын бұзу –
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Абайсызда адам өліміне алып келген дәл сол іс-әрекеттер –
белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан көп адам өліміне алып келген іс-әрекеттер –
белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 464-бап жаңа редакцияда - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
465-бап. Корабль жүргiзу қағидаларын бұзу
Әскери корабльдерді жүргiзу немесе пайдалану қағидаларын абайсызда адам өлiмiне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан бұзу –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 465-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
466-бап. Адамның алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде машиналарды жүргізуі, корабльдерді жүргізуі, әскери ұшу аппаратын басқаруы, әскери техниканы осындай адамның жүргізуіне немесе басқаруына беру не жүргізуіне немесе басқаруына жол беру
1. Алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның жауынгерлік, арнаулы немесе көліктік машинаны жүргізуі не әскери корабльдерді жүргізуі не әскери ұшу аппаратын басқаруы не осындай адамға аталған әскери техниканы жүргізуге немесе басқаруға беру, сол сияқты осындай адамның әскери техниканы жүргізуіне немесе басқаруына лауазымды адамның жол беруі –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 466-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.