Жалпы бөлік 1-БӨлім. ҚЫлмыстық заң 1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы


-бап. Сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергi жасау



бет73/231
Дата12.08.2023
өлшемі357,49 Kb.
#105205
түріКодекс
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   231
Байланысты:
ҚР ҚК

150-бап. Сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергi жасау


1. Азаматтың өзінің сайлау құқықтарын немесе референдумға қатысу құқығын еркін жүзеге асыруына кедергі жасау –
бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
1-1. Сайлау комиссияларының немесе референдум комиссияларының жұмысына заңсыз араласу және дауыс беруге, кандидатты, партиялық тізімдерді тіркеуге, дауыстарды санауға және сайлаудағы немесе референдумдағы дауыс беру нәтижелерін айқындауға байланысты міндеттерді атқаруға кедергі жасау –
бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде көзделген:
1) параға сатып алумен, алдаумен, күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен ұласқан;
2) адам өзiнiң лауазымдық жағдайын немесе қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;
3) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;
4) электрондық сайлау жүйесi жұмыс iстеуiнiң белгiленген тәртiбiн бұзу жолымен жасалған іс-әрекеттер –
төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 150-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

151-бап. Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды дұрыс есептемеу


1. Сайлау құжаттарын немесе референдум құжаттарын бұрмалау, бюллетеньдерге немесе қол қойылған парақтарға жалған жазбалар енгiзу, дауыстарды көрiнеу дұрыс есептемеу не сайлаудың нәтижелерiн немесе референдум қорытындыларын көрiнеу дұрыс айқындамау не дауыс беру құпиясын бұзу, егер бұл іс-әрекеттердi Қазақстан Республикасының Президентiне кандидаттың сенім білдірілген адамы немесе депутаттыққа кандидаттың сенім білдірілген адамы, сол сияқты сайлау комиссиясының немесе референдум өткізу жөнiндегi комиссияның мүшесi жасаса, –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Электрондық сайлау жүйесi жұмыс iстеуiнiң белгiленген тәртiбiн бұзу жолымен жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет