GPA=∑(k х d)/семестрдегі барлық кредиттің қосындысы, Мұндағы, k – осы семестрде оқылатын пәннің кредит саны;
d – осы семестрде студент оқыған пәннен алған бағасы.
Қорытынды баға рейтинг бағасын және қорытынды емтихан бағасын қосумен анықталады.
Бақылаудың рейтинг жүйесі бойынша:
күнделікті бақылау
аралық бақылау күндізгі бөлімде семестрде 2 рет: 7 аптада және 14 аптада, ал сырттай оқитын бөлімдерде әр академиялық уақыт үшін 1 рет. Күндізгі бөлімде сессия 16 аптадан кейін, ал сырттай оқитын бөлімдерде – оқу процесінің бекітілген графигімен басталады.
Студенттің (магистранттың) әр пән бойынша семестр кезінде жинайтын баллы – 60 балл, ол қорытынды бағаның 60% құрайды. Әр аралық бақылау 30 – балл, ол аралық емтихан бағаларымен бірге есептелінеді. Рейтинг баллдарын жинау шарттары курс бойынша оқытушылардың бағдарламалары мен силлабустарында көрсетіледі, оқытушылардың журналы мен ведомостарында (рейтинг журналында) ескеріледі.
Қорытынды емтиханның 40%-ке бағаланатын 40 баллы төмендегідей түрде бөлінеді: 15 балл (15%) – кафедралық ауызша емтихан; 25 балл (25%) – 1 және 2 курс үшін тестілеу центріндегі қорытынды емтихан, ал жоғары курстар үшін 40% баға кафедралық емтихан қорытындысы бойынша қойылады.
1 кесте
Баға әріп жүйесі бойынша
Балл
%-тік
көлемі
Қалыптасқан жүйе бойынша баға
А
4,0
100
өте жақсы
А-
3,67
90-94
В+
3,33
85-89
жақсы
В
3,0
80-84
В-
2,67
75-79
С+
2,33
70-74
қанағаттанарлық
С
2,0
65-69
С-
1,67
60-64
Д+
1.33
55-59
Д
1,0
50-54
F
0
0-49
қанағаттанарлықсыз
Студент қажетті несие санын жинауға міндетті - “Физика” курсы бойынша 3 (4) несие.
Аттестациясының қорытындысы бойынша студентке пән бойынша несие саны және алған балдары қойылады (1-кесте).