Жалпы макроэкономикалық теңдестік: жиынтық СҰраныс жәНЕ жиынтық Ұсыныс



бет2/8
Дата31.10.2022
өлшемі75,46 Kb.
#46358
1   2   3   4   5   6   7   8
Жиынтық сұраныс
Жиынтық сұраныс дегеніміз — сатып алушынын сұранысы, өндірілген өнім саны мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік.
Басқа сөзбен айтқанда, жиынтық сұраныс қисығы әрбір берілген баға деңгейінде сатып алатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер санын көрсетеді.
Біз жиынтық сұранысының сандық ақша теориясының базасында қарапайым теңдеуін құра аламыз.
МҮ = РҮ
Мұнда: М — ақша ұсынысы
V — ақша айналымының жылдамдығы (мұнда ол тұрақты) Р - баға деңгейі
Ү — өндірілген өнім және көрсетілген қызмет саны
Ақша ұсынысының бұл теңдеуі өндірістің атаулы көлемін анықтайды, ал ол өз кезегінде баға деңгейіне және өндірілген өнім санына тәуелді.
Сандық ақша теориясының теңдеуі ақша қаражатының сұранысы мен ұсыныс көрсеткіштері түрінде нақты көрсетілуі мүмкін.
М/Р=(М/Р) d = кҮ
Мұнда: к = 1/Y
Бұл теңдеу нақты ақша ұсынысы М/Р = (М/Р)d сұранысқа тең және сұраныс өндірілген өнім Ү санына пропорционалды екенін көрсетеді.
Ақша ұсынысы тұрақты болғанымен Р баға деңгейі мен өндірілген өнім Ү саны арасындағы тәуелділік теріс екендігін сандық ақша теориясының теңдеуінен көреміз. Р және Ү әр түрлі мәндерінің байланысы келтірілген, олар сандық теорияны белгілі бір тұрақты ақша ұсынысы тендеуін қанағаттандырады. Бұл қисық жиынтық сұраныс қисығы деп аталады.
Жиынтық сұраныс қисығы төмен оңға қарай бағытталған. Әрбір берілген ақша ұсынысының деңгейіне (РҮ) өнім шығару көлемінің белгілі бір мәні сәйкес келеді. Егер Р баға деңгейі көтерілсе, Ү өнім шығару көлемі қысқаруы керек. Р және Ү арасындағы кері тәуелділік механизмін анықтау үшін, ақша ұсынысы және жалпы шығарылған тауарлар мен қызметтер көлемінің арасындағы тәуелділікті қарастыруға болады.
Ақша айналымы жылдамдығы тұрақты болғандықтан, шығарылған тауарлар мен қызметтердің ақшалай көлемі ақша ұсынысының мөлшерімен анықталады. Баға деңгейі көтерілгенде тауар мен қызмет көрсетуге көп мөлшерде ақша қажеттігі туындайды, сондықтан сатып алынатын тауарлар мен қызметтер саны азаяды.
Ақша нарығындағы сұраныс пен ұсынысты талдау да осыны көрсетеді. Өндіріс көлемі өскен сайын жасалатын мәмілелер саны да көбейеді, демек М/Р нақты сипатында ақшаның көп қоры қажет. Тұрақты ақша ұсынысы кезінде ақша қаражатының қоры нақты күйінде ең төменгі баға деңгейі қойылған жағдайда ғана өсуі мүмкін. Және керісінше, ең төменгі баға деңгейіне ақша қаражатының көп қорлары сәйкес келеді, ақша көлемінің өсуі жалпы үлкен сомаға мәмілелер жасауға көмектеседі, яғни өнім өндіру көлемін ұлғайтуға көмектеседі.
Жиынтық сұраныс қисығының графигі өнім көлемінің белгілі бір мәніне сәйкес салынады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл графикте белгіленген М мәніне сәйкес келетін Р және Ү мүмкін болатын үйлесулері өрнектелген. Егер ақша ұсынысы өзгерсе, онда Р және Ү мүмкін болатын үйлесулер жиыны да өзгереді, яғни жиынтық сұраныс қисығы қозғалады. Осындай қозғалысты тудыратын кейбір жағдайларды анықтайық.
Біріншіден, Ұлттық банк ақша ұсынысын қысқартқанда не болатынын қарастырайық. (МV=РV) сандық теориясының тендеуі ақша ұсынысының қысқаруы өнім шығару көлемі құнының РY нақты түрінде пропорционалды







да қысқаруына әкелетінін көрсетеді. Сондықтан да әрбір баға деңгейіне сәйкес келетін өндірілген өнімнің саны азаяды, солға қарай жылжиды.
Енді Ұлттық банк ақша ұсынысын жоғарылатқан жағдайда не болатынын қарастырайық. Сандық теория теңдеуіне сай РҮ жоғарылайды.


Ү

Табыс, өнім шығару




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет