55
Ал саралап оқыту дегеніміз: оқыту мен оқуға қатысты анықталған ортақ
қасиетті ескере отырып дайындалған, оқушылар тобына мұғалімнің оқу үрдісін
ұйымдастыру нысаны. Саралап оқыту- әрбір оқушының мақсатқа жетуіне оң
ықпал етудің тиімді жолы.Саралап оқыту дегеніміз - бір материалды барлық
оқушыларға әртүрлі оқыту тәсілдерін қолданып оқыту дегенді білдіреді және
мұғаліммен әрбір оқушының қабілетіне қарай тапсырмаларды қиындық деңгейі
бойынша жіктей отырып, сабақты ұйымдастыруды талап етеді.
Сол себепті де еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына
білімнің нәрін, тәрбиенің иісін қатар сіңіруіміз қажет-ақ. Осы орайда бүгінгі
білім берудегі саралау тәсілі арқылы
оқыту мен оқу үдерісінде тәрбиеге ерекше
мән берілуде. Әрбір ұстаздың тиімді оқыту мен оқуды жүзеге асыратын қысқа
мерзімді жоспарларында «құндылықтармен байланыс» бөлімі (графа)
енгізілген. Аталмыш бөлімде (графа) пәндік берілетін білімді жүзеге асыруда
оқу бағдарламасында көрсетілген құндылықтарды, осы сабақ арқылы баулуға
бағытталған ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тақырып
мазмұнын сипаттау қарастырылады.
Қазіргі таңда информатика сабағында компьютерлік технологияны кеңінен
қолдану
тиімділігі
оқушылардың
бойына
ұлттық
құндылықтырды
қалыптастыруда кез-келген материалды қызықты, әрі ғылыми тұрғыдан
мазмұнды етіуге игі әсерін тигізеді. Компьютерлік технологияны дұрыс,
мәдениетті түрде пайдалана білсе, оның мүмкіншілігі көп.
Информатика пәнінде компьютерлік технологияны пайдалану арқылы
оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға арналған
жаттығуларлар ретінде «Ұлттық қолөнер», «Ұлттық салт-дәстүрлер», «Ұлттық
тағамдар», «Ұлттық ойындар», «Ұлттық киімдер», «Ұлттық музыкалық
аспаптар» деген тақырыптарды қолдануға болады. Аталған тақырыптарға
байланысты жаттығулар жасау негізінде, оқушыларға қазақ халқының салт-
дәстүрі негізінде тәрбие беру моделін іске асыруға болады. Ұлттық құндылыққа
негізделген білімдегі интеграция
Достарыңызбен бөлісу: