71
үшін әр тәрбиеленуші үнемі шығармашылық ізденісте, жаңашылдыққа жақын
болуы керек.
Мен өзімнің бірнеше жылдық жұмыс тәжірибемде тәрбиеленушілермен
бірлесіп, топтасып, жұптасып, ұжымдасып жұмыс істеуіне көп көңіл бөлемін.
Жеке жұмыс жасағаннан гөрі бірлесіп, топпен жұмыс жасап, жұппен талқылау
барысында ортақ мәселені шешуге атсалысып, өзіндік пікірі мен ойын ортаға
салып, басқаның пікірін тыңдап, одан ой түйіп жатса, бұл үлкен жетістік деп
білемін. Бұнымен өздері келіседі. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып, өз
әлдерінше жаңалықтар ашу барысында жұмыс жасайды. Шамалары келгенше
жасаған жұмыстарын таласа-тармаса талдауға, қорғауға тырысады. Топпен,
ұжыммен жұмыс жасау өте тиімді. Ол үшін мынадай қағидаларды есте ұстаған
жөн деп есептеймін:
өзара сыйластық (тең дәрежеде болу);
жауапкершілік (басқаға сенім артпай, белсенді болу);
топпен жұмыс жасауда кезекпен сөйлеу;
топта ұтымды ой айтып, белсенді жұмыс жасау;
Осындай әрекеттер арқылы топта жұмыс жасауда тәрбиеленушілердің
білімі шыңдалады, нәтижеге қол жеткізеді.
Балалар топпен, жұппен жұмыс жасауда бір-біріне көмектесіп,
бәсекелестік артып, өздерінің ойлау деңгейін көтереді. Оқуға, жазуға, тыңдауға,
сөйлеуге кең мүмкіндіктер алады, өз пікірін еркін жеткізуге ынталанады.
Тәрбиеленушілерге жекелеп іс-әрекет жасау технологиясын қолдану
тиімді. Жекелеп ол – баланың жеке басының қабілетін ескеру, оның ойын
тыңдап, қарқынын таңдау.
Қорыта айтсақ, тәрбиешінің ұйымдастыру іс-әрекетінде жаңа технология
түрлерін қолдануы тәрбиеші үшін қандай тиімді болса, тәрбиеленуші үшін де
сондай мәнді. Осындай жүйелі жұмыстың нәтижесінде тәрбиеленушінің
ынтасы артып, өз бетімен шығармашылыққа толы жұмыс жасауына, өзін-өзі
бағалап, өз күшіне сенуіне жол салынады.
Ұйымдастырылған іс-әрекетте жаңашыл әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану
жолдарының мақсаты мен мән-мазмұнын айқын түсіну – тәрбиеленушілердің
жеке тұлға ретінде қалыптасуына, дамуына әсер етері сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: