Тапсырма. Мәтінді тыңдап, жазылу мақсатын, негізгі ойын «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы анықтаңыз, ойыңызды дәлелдеңіз.
«Төрт сөйлем» тәсілі 1.Пікір.Мәтіннің жазылу мақсатын өзіндік пікір арқылы бір сөйлеммен жазыңыз.
2.Дәлел. Өз пікіріңізді мәтіндегі негізгі ой арқылы бір сөйлеммен дәлелдеңіз.
3.Мысал. Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.
4.Қорытынды.Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз.
Орталық Азияның демографиялық ахуалы Серік Қаржаубаев, сарапшы: - Бүгінгі таңда Қазақстан мен жалпы Орталық Азия елдеріндегі халықтың өмір сүру деңгейі біршама жақсарып келеді. Әлеуметтік мәселелерді шешудің арқасында халықтың өмір сүру ұзақтығы артып отыр. Қарт адамдардың қатары 4,5 пайызға өскен. Бұның бәрі аймақтағы тұрғындардың көбеюіне оң әсерін тигізуде.
Біріккен Ұлттар Ұйымы жүргізген зерттеу нәтижесінің қорытындысы бойынша, аймақтағы орташа өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші артқан.
Мәселен, Өзбекстанда ол – 73,8 жас, Тәжікстанда – 73,7, Қазақстанда бұл көрсеткіш – 72,4 жасқа жетсе, Қырғызстанда – 70,9 жасты құрап отыр, Ал Түркменстаннның орташа өмір сүру ұзақтығы – 70,4 жас. Жалпы аймақтағы аға буын өкілдерінің үлесі 5 пайызға артқандығы байқалады. Бұл орайда ең жоғарғы өсім Қазақстанда болса, ең төменгі көрсеткіш Тәжікстан елінде тіркеліпті. Сондай-ақ отандық сарапшылардың мәлімдеуінше, бүгінде Орталық Азия елдеріндегі 14 жасқа дейінгі балалардың саны 20,5 млн-нан асыпты. Бұл аймақтағы бар тұрғындар санының 29 пайызына тең. Осы тұрғыда Тәжікстан елі көш бастаса, Қырғызстандағы көрсеткіш баяулай түскен.
Егер де бұл өсім бүгінгі қарқынынан таймаса, 2018 жылы аймақтағы балалардың үлесі 30 пайызға жететін болады. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Демографтардың айтуынша, қазір өңірде туу көрсеткіштері өсіп, халықтың негізгі дені жастардың үлесінде. Осылайша, өткен ғасырдың 80 жылдарындағы қалыпты дамыған демографиялық көрсеткіштердің деңгейіне жеттік деп сеніммен айта аламын.