Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 9-сынып Қазақ тілі



бет39/82
Дата03.02.2022
өлшемі2,04 Mb.
#24803
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82
Барлығы

40 минут

30

«Қазақ тілі » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

«Мәңгілік Ел – мұратым», «Жаһандану мәселелері» бөлімдері бойынша
ІІ нұсқа
Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма

[10]
1. Мәтінді оқып, негізгі ойын анықтаңыз. Мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың қолданылуына сыни тұрғыдан өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Пікіріңізді жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дәлелдей сөйлеңіз.

2. Жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Мәтін бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Талқылауға белсенді қатысып, пікір білдіріңіз.
1-мәтін

Су тапшылығы әлемнің бас ауруына айналды
Бүгінгі күнде тұщы су тапшылығы ХХІ ғасырдың он жаһандық қатерінің қатарына еніп отыр. Ресми деректерге сүйенсек, дүниежүзiндегi 1 миллиард адам iшуге жарамды суға зәру.

Кейбір болжамдар бойынша, 2025 жыл­­ға қарай 50 ел ауызсу тап­шылығының зар­дабын тарта бастайды.

Ауызсудың тапшылығы жаһандық климат өзгерістерімен қоса, адамзат бала­сының суға қажетті сұранысының артуынан да туындап отыр. Жер бетіндегі ауызсу құрлықтарға бөлінбеген. Бір құрлық судың ортасында немесе ма­ңайында орналасса, екіншілері шөлейт және шөл аймақтарда жатыр. Мәселен, күллі адамзаттың 60 па­й­ызы өмір сүретін Азияда ауызсудың үштен бірі ғана бар. Ақиқатында, суға қажеттілік артып отырған за­манда ескеретін, үнемі еске алатын жайттар жеткілікті-ақ. Ең ал­дымен, біз суды үнемдеуді үйренуіміз қажет. 2050 жылға қарай адамдардың азық-түлікке сұранысы тағы да 70 пайызға көбейеді. Ауылды жерлерде таза суды пайдалану 19 па­йызға артады. Осы уақытта барлық қажетті­ліктерге жер бетіндегі барлық тұщы судың 90 пайызы қажет болады.
ЮНИСЕФ пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мә­ліметіне сүйенсек, бүгінде таза ауызсуға жер халқының 89 па­йызы ғана қол жеткізіп отыр. Ең алаңда­тарлық жағдай, 783 млн адам осы күнге дейін ластанған су көздерін тұтынуға мәж­бүр. Олардың басым бөлігі, дәлірек айтсақ, 40 пайызы Африкада, Оңтүстік Сахарада тіршілік етеді. Бір қиыны, дәл осы құр­лық­тың тұрғындары Жер шарында ең үлкен қарқынмен көбейіп келе жатыр.

(195 сөз)



http://old.aikyn.kz/ru/articles/show/26485-su_tapshyly_y_lemni_bas_auruyna_ainaldy
2-мәтін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет