«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет107/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   208
негізгі,  орта  буындар  мен  кіші  және  үлкен  саға  деп  аталатын  бірнеше  бөлімдерден  тұрады. 
Осыған орай домбыра мойны да сондай бөліктерге бөлінеді. 
Қазақ  күйлерінің  арналы  бір  саласы  –  кең  ауқымды,  жылдам  да  жойқын  желіспен 
орындалатын  төкпе  күйлер.  Батыс  Қазақстан  аймағына  тән,  әдетте  домбыраның  қос  ішегінде 
қатар  тартылатын  күйлер  табиғаты  А.Жұбанов,  П.Аравин,  Н.Тифтикиди,  ӘМұхамбетова, 
Т.Жұмалиева, т.б. тарапынан жан – жақты зерттеліп келді. Домбыра аспабының дыбыс көлемін 
толық  қамтитын  бұл  күйлерді  дәстүрге  енген  аспаптық  импровизация  ретінде  де  бағалауға 
болады.    Батыс Қазақстанның күй дәстүріне қатысты зерттеулер кейінгі кездері де бой көрсетіп 
келеді.  Айталық  “қазақ  халқының  дәстүрлі  музыкасы”(2005)  атты  бірнеше  авторлар  атынан 
жарық көрген кітапта қазақ халқының аспаптық музыкасы, ондағы жанрларға қатысты тараулар 
бар.  Дегенмен  осы  еңбекте  бұрыннан  мәлім  деректерді  қайталау  басым.  Дәлсіздіктері  де  жоқ 
емес:  Янгикент  –  Яншкент,  Нышан  абыз  жаздырған  он  бір  күйдің  саны  тоғызға  түсіп  қалған, 
Вельяминов – Зернов, И.Аничковтар жазып алған Қорқыт туралы аңыз Ш.Уәлихановқа телініп 
кете барған. Күйлерге берілген жанрлық анықтамалар (аңыз, тарихи, тұрмыс – салт, лирикалық, 
т.б.) да айтарлықтай сәтті көрінбеді. Күйдің ең басты элементі – музыкалық үн – әуені назардан 
тыс қалған [2].            
 Күй – музыкалық құбылыс десек, оның жанрлық ерекшелігін анықтайтын да музыкалық 
сарыны мен әуені. Төкпе күй дәстүрі – қазақ музыкасының аймақтық ерекшеліктерін байқататын 
аса  қымбат  мәдени  –  музыкалық  мұра.  Оларды  терең  игеру  әрбір  болашақ  маманның  негізгі 
міндеті болып табылады.   
Домбыра  аспабы    бұл  күнде  де  өз  жалғасын  тауып,  дамып  өркендеп  отыр.  Өмірдің, 
тұрмыс – тіршіліктің жаңғыруына байланысты орындаушылық дәстүр мен оның функциялары 
да  қазіргі  уақытта  өзгеріске  ұшырады.  Құрманғазы,  Дәулеткерей,  Қазанғап,  Дина  сияқты  ұлы 
күйшілеріміз  кейінгі  ұрпаққа  сарқылмас  қазына,  мәңгі  өлмес  рухани  мұра  қалдырды.  Сол 
мұраны  сақтап,  жас  ұрпаққа  күй  орындаудың  шеберлігін  үйрету  арқылы  жалғастыру  –  біздің 
басты  міндеттіміз.Қоғамдағы  оқу  –  ағарту,  білім  беру  саласындағы  демократияландыру 
процестері,  ең  алдымен,  білім  мазмұнын  жаңартуды  қазіргі  заман  талаптарына  сәйкес  болуын 
қажет  етеді.  Оқушыларды  домбыра  күйлері  арқылы  рухани  ой  –  өрісін  кеңейтіп,  қиялын 
шарықтатып,  дүние  танымын  қалыптастыруда  күйлер  арқылы  шығармашылықты  дамыту  баға 
жеткісіз  қызмет  атқарады.  Бұларды  оқу  арқылы  оқушылар  бұрынғы  ғасырлар  мен  бүгінгі 
ғажайып  істердің  сырын  ұғады,  танымдылық,  талғампаздық  қасиеттерді  ұштай  түседі.   


 
83 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
Домбыра  өнерінде  батысқазақстандық  төкпе  және  шығысқазақстандық  шертпе  тәрізді  екі 
аспаптық  дәстүр  қалыптасты.  Бұл  екі  дәстүр  бір  –  бірінен  композициялық  құрылысы,  ойнау 
техникасы,  музыкалық  тілі  жағынан  айрықшаланып  дараланады.  Батыс  Қазақстан  күйлері 
негізінен  шиеленіскен  тартысты  оқиғаларға  байланысты    құрылады.  Күйлер  терең 
философиялық  толғанысқа  толы    қуатты  әрі  толыққанды  бейнелер  арқылы  шығады.  Төкпе 
күйлердің шертпе күйлерден айырмашылығы – оның бас буын, орта буын, кіші саға, үлкен саға 
болып  келетін  нақтыланған  формасы  бар.  Және  бұл  дәстүрдегі  тағы  бір  ерекшелік  –  оң  қол 
қағысында орындалады.Орындалатын төкпе күйлердің қағыстары оң қолды сермей соғу арқылы  
орындалады  және    қара  қағыс,  ілме  қағыс,  бөгеме  қағыс  сияқты  сан  түрге  бөлінетіні 
белгілі.Оқушыларға  дәстүрлі  төкпе  күйге  деген  түсінігін  қалыптастыру    барысында  келесі  
өлшемдерарқылы  анықтауға  болады    олар  эмоционалды  тұрғыда  қабылдауы;    күй 
шығармаларының  дамуын;  көркемдік  ерекшеліктерін  әңгімелей  білуі;    шығармаларды  есте 
сақтауы  және  төкпе  күйді  қайта  тыңдауды  қажетсінуі[3].Осы  дәулескер  күйшілеріміздің 
күйлерін  оқушыларға  үйретіп,  оларды  түрлі  сахналарда  орындауын,  байқауларға  қатысуын 
біздің  төкпе  дәстүріне  қосып  келе  жатқан  үлесіміз  деп  білеміз.Төкпе  күйлерді  үйрету  әдіс  – 
тәсілдері. 
Бұл  штрихты  орындағанда  қол  суретте  көрсетілгендей  орналасады,  штрих  пьесаны 
орындау  мәнеріне  орай  саусақтың  өзімен  немесе  білек  буынының  көмегімен  атқарылад.   
Тремоло  штрихы .Тремоло  ( ит. Tremolo  – дірілдеу  )  –  бір немесе бірнеше дыбыстың өте  жиі 
қайталануы.  Ол  дыбысты  ұзақ  ұстап  тұру  үшін  немесе  әуенді  әрлеу  үшін  қолданылады 
Домбырада  тремоло  штрихы  түрлі  әдіспен  орындалғанымен,  негізінен  оның  екі  түрі 
қолданылады: 
Жеке  сұқ  саусақпен  орындау.  Бұл  тремолоны  домбыраның  шанақ  түбіндегі  түйме 
тұсынан  оң  қол  білегімен  қаусыра  ұстап,  алақанды  төмен  қаратып  орындау  керек.  Сұқ  саусақ 
пен бармақ арқылы ойналатын тремололар қолдың әр түрлі қимыл қозғалысымен орындалады. 
Мәселен,  тремоло  штрихының  бірінші  түрінде  қозғалыс  саусаққа  берілсе,  екіншісінде  буынға 
беріледі.Тремоло штрихына әр ішекте жеке жаттыққан тиімді. 
 
 
 


 
84 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет