125
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
терең эстетикалық талғамды сезінесің. Біз Мағжанды сыршыл ақын дегенімізде, көбіне оның
махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына жазылған өлеңдері төңірегінде ой қозғап келеміз. Бірақ
азамат ақын бұл тақырыптағы өлеңдерінде де азаматтық жүкті алға қояды. Біршама
өлеңдерінде ол махаббат, сезіміне тән азығы емес, жан азығы ретінде қарайды. Ұлы күрестер
жолында бойға қуат күш берер рухани азық деп біледі. Мағжан шығармашылығын оқытуда
жалпы, әдеби шығармаларды оқытуда «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы
өзінің өміршеңдігін көрсетеді. Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы (оқушының
қызығушылығын ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс).Осы жобамен жұмыс жасау
барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлануға үйретеді. Педагогикалық
технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы
педагогикалық қызметтің, іс- әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы
белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа
жетелейді.Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға, жаңалық
ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылуы,ізденуі. Шығармашылық қабілет әр баланың
табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан
мүмкіндіктерін ашып көрсету.
Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау,арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой
қозғау, «инсерт» кестесі/
Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс / эссе,шығарма, сауаттылықты
ашатын хаттар т.б стратегиялар/
Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу,мәтіндегі ұқсастық пен
айырмашылықты табуға /Венн диаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/
Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/
Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу /авторға, кейіпкерге хат жазу
стратегиясы
Шығармада екі кейіпкердің қарама – қарсы элементтерін сипаттау /қарама-қайшы
элементтер стратегиясы/
Өлең шумақтарын құрастыру / 5 жолды өлең/
«Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының модулдерін ұтымды пайдалану
оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін,
сапасын арттыруда ерекше маңызды.
Мағжан өлеңдерінің рухани дүниеңді байытатындығын және бала тәрбиесінде алатын
орнын бағамдағанда оның «Педагогика» атты оқулығын айналып өтіп кету мүмкін емес.
М.Жұмабаев орыс, батыс педагог-психолог ғалымдар еңбектерiн оқи отырып, сонымен
бiрге тәрбиенiң ұлттық ерекшелiктерiн ескере өзiнiң “Педагогика” атты оқулығын жазудағы
ұстанымын былайша сипаттайды: “Тәрбие ғалымдарының пiкiрлерiн таңдап алуға ұмтылдым.
Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым… Бiзде бұрын пән тiлi болмағандықтан
түрлi терминдерге тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тидi. Қалайда курстарда оқыған
мұғалiмдердiң жәрдемiмен таза орыс сөздерi қазақшаға айналдырылды. Ал ендi жиһан тілі
болып кеткен сөздерi қазақшаға аударам деп азаптануды тиiс таппадым”[1 , 149].
Шынында да ол кезде қазақша педагогикалық терминдар жоқтың қасы едi.
М.Жұмабаев жүздеген педагогикалық жаңа терминдердi ойлап тауып, тiлiмiзге енгiзген.
Мағжан Жұмабаевтың педагогикасының мақсаты: 1.Ақыл
тәрбиесі, 2. Құлық тәрбиесі, 3.
Сұлулық тәрбиесі, 4. Дене тәрбиесі.
Ақыл тәрбиесі – түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын болса. Құлық тәрбиесі –
жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын болса. Сұлулық тәрбиесі –
сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден лаззат алып, жан толқытатын болса. Дене тәрбиесі –
ыстық-суық, аштық-жалаңаштық, тұрмыста жиі ұшырайтын. Тәрбиенiң бұдан басқа да
бiрнеше түрлерi бар. Автордың төрт тәрбиеге баса көңiл бөлуi сол заманның талабынан
туған көзқараспен астасып жатыр. Бүгiнгiдей экономикалық, экологиялық және құқықтық
тәрбие ол жылдарды (1930) онша актуальды мәселе болмаса керек. Автор осы тәрбиенiң төрт
түрiн тәптiштеп түсiндiре келiп, былай дейдi: “Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс