«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет80/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   208
 
 
ӘОЖ 80 
 
АҚЫННЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАСЫ 
 
Жауынбаева Н.Қ.

І. Жансүгіров  әдеби  музейінің меңгерушісі
1
, Талдықорған қ.  
 
Жетісудың  жыр  дүлдүлі,  ақын,  қазақ  поэзиясының  құлагері  -  Ілияс  Жансүгіровтің 
поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына  жатады.  Ілияс Жансүгіров  – 
қазақ  әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі  туындылар берген әмбебап дарын. 
Әсіресе  ол  өзінің  аса  қуатты  суреткерлік  талантын  поэзия  жанрында  көрсетіп,  күллі  қазақ 
әдебиетінің мақтанышына айналған туындыларын  дүниеге  әкелді.  
Жыр  дүлдүлі  Ілияс  Жансүгіровтің    шығармаларын    көпшілік    арасына    кеңінен  
насихаттау мақсатында жер жәннаты Жетісудың орталығы Талдықорған қаласында 1984 жылы 
ақынның  әдеби  музейі  ашылған  болатын.  Отыз  жылдан  аса  уақыт  ішінде  әдеби  музей  өз 
жұмысын үздіксіз жүргізіп  келеді. Музей қорында алты мыңнан жәдiгерлер сақталуда. Бүгінгі 
күні  Ілияс  Жансүгіров  шығармашылығы,  жеке  басына,  қоғамдық–мемлекеттік  қызметтеріне 
қатысты  сирек  материалдарды,  құнды  жәдігерлерді  көруге  деген  көрермендердің 
қызығушылығы  артуда.  Жылына,  3500  аса  көрермен  музейдің  жұмыстарымен  танысады. 
Көпшілігі оқу бағдарламасы бойынша мектеп оқушылары мен дипломдық, курстық жұмыстарға 
дайындалушы студент - жастар. 
         Жыл  сайын ақынның  1 мамыр  туған  күнін, 26  ақпан  репрессия  құрбаны  болған  
азалы  күндеріне арналған  ақынды  еске  алу жиындарын  өткiзу  дәстүрге  айналған.  
2016 жылы неміс жазушысы Герт Хайденрайх Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасын 
неміс  тіліне  аударып,  кітап  Қазақстан-Гете  институтының  демеушілігімен  Германиядағы 
«Вuchergilde»  баспасынан  жарық  көрді.  Жаңа  кітаптың  неміс  тіліндегі  нұсқасы    Германияның  
Лейпциг  қаласында  алғаш    оқырман    қауымға    таныстырылып,    тұсауы    кесілді.  Аталмыш   
кітаптың      еліміздегі    тұсаукесері  сол  жылдың    26  мамырында  Алматы  қаласында  Қазақстан 
Республикасы  Ұлттық  кітапханасының  көрме  бөлімінде  өтті.  Герт  Хайденрайх  поэманы  неміс 
тілінде шабыттана оқып, таңдай қақтырды. Музей меңгерушісі ретінде мен өзім барып қатысып 
қайттым.  Музейге  деген  ерекше  құрметпен  автор    жеке  қолтаңбасын  қоя  отырып,  аталған 
кітапты музей қорына сыйға тартты. 
2016  жылы  құлагер-ақынымыз  Ілиястың  жейдесі  табылды.  Оны    Ақсу  ауданы  Еңбек 
ауылының  тұрғыны  айтыскер  ақын  Атамбаев  Бекболат  Қапашұлы  Ілияс  Жансүгіровтің  музей 
қорына тапсырды.   
Тағы бір жағымды жаңалық Алматыда 2016 жылдың 17 қазаны күні  ҚР Мәдениет және 
спорт  министрлігінің  тапсырысы  бойынша  «Арман»  кинотеатрында  Ш.Айманов  атындағы 
«Қазақфильм» АҚ  түсірген «Фатима» атты толықметражды деректі фильмнің тұсаукесері өтті. 
Бұл деректі фильм қазақтың ақын Ілияс Жансүгүровтің өмірлік серігі бола білген Фатима 
Ғабитованың  күнделігі  мен  хаттарының  негізінде  жасалған.  Өскелең  ұрпақ  өз  халқының 
тарихын тек оқулықтардан емес, сонымен қатар, осындай фильмдер арқылы да танығаны дұрыс. 
Мұның  барлығы  –  Ілияс  пен  жастар  арасындағы  рухани  үндестікті,  ұрпақтар  сабақтастығын 
жалғастыру деп білеміз. 
2017  жылы  Алматы  облыстық  Ішкі  Істер  Департаментінің  ақпараттық-аналитикалық 
орталығы  І.Жансүгіровтің  1936  жылы  Алматы  қаласында  берілген  паспортын  және  ақырғы 
бейнесі,  тұтқындалған  кездегі  фотосуретінің  түпнұсқасын  ақынның  музей  қорына  сыйға 
табыстады.  
Алғашында НКВД қабырғасында сақталынып кейін Ішкі Істер Департаментіне берілген  
паспорт 80 жыл кейін өз мекенін тапты.  Құнды  мұраларды  қорға  жинастырып  қана  қоймай, 
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  мақаласы  аясында  Ілияс 
Жансүгіровтің  туған  жері  Ақсу  ауданының  Ақсу  және  Қапал  ауылдарына  «Ілияс  әлемі»  атты 
жылжымалы көрмелер ұйымдастырылды.   


 
66 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет