Жануар физол



Pdf көрінісі
бет105/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   504
6.6. Лимфа айналымы 

 

Лимфа  жүйесінің  тамырлары  веналармен  қатарласа  орналасып,  бүкіл 



денеде  тармақталып  жатады  да,  ұлпалардан  қанға  судың,  онда  еріген 

кристаллоидтардың,  коллоидты  ерітінділердің  оралуын  қамтамасыз  етеді. 

Бұл  жүйе  лимфа  капиллярлары  торынан  басталып,  ағзалық  майда  тамырлар 

шумағын,  арнаулы  қақпақшалармен  жабдықталған  ұсақ  жəне  ірі  лимфа 

тамырларын, негізгі лимфа бағандарын, лимфа түйіндері мен дененің басты 

лимфа өзектерін қамтиды. 

Сүтқоректі жануарларда лимфа ұлпааралық кеңістіктегі қысым айырмасы 

мен  еттердің  жиырылуының  əсерінен  жылжиды.  Майда  лимфа 

тамырларында  қысым  су  бағанасымен  8-10  мм  деңгейінде  болады.  Көкірек 

өзегінің  венамен  қосылған  жеріндегі  қысым  сынап  бағанасымен  4-0  мм 

шамасында, басқаша айтқанда ірі веналардағы қысыммен бірдей. Тыныштық 

жағдайында тек ас қорыту ағзаларының тамырларында ғана лимфа тоқтаусыз 

ағады.  Басқа  органдардан  тыныштық  кезінде  лимфа  ақпайды.  Лимфа 

тамырлармен  тек  бір  ғана  бағытта  жылжиды,  оған  веналардағыдай 

қақпақшалардың  болуы  ықпал  етеді.  Лимфа  ағысын  бұлшық  еттің  жүмысы 

жылдамдатады.  Тыныс  алу  қозғалыстары  да  лимфа  ағысына  ықпал  етеді, 

оның көкірек қуысына қарай жылжып ағуын қамтамасыз етеді. 

Лимфа  өте  баяу  жылжиды.  Мысалы,  жылқының  мойнындағы  лимфа 

тамырларында  ол  минутына  260-300  мм  жылдамдықпен  ағады.  Вена 

тамырларында  бұл  қашықтықты  қан  бір  секунд  ішінде  өтеді.  Лимфа 

ағысының баяулығына қарамай лимфа тамырлары арқылы тəулігіне өте көп 

мөлшерде ұлпалық сұйық өтеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет