158
өзіне ғана тəн дыбысы болады. Ол көмекейдегі дыбыс аппаратының
құрылым ерекшеліктеріне байланысты.
Құстардың көмекейі жақсы қимылдамайды, оларда бөбешік болмайды да,
кеңірдек ашасында (бифуркация) төменгі көмекей пайда болады. Дыбыс
шығаруда кеңірдек ашасының ішкі жағында орналасқан сыртқы ернеулік
еттердің əрекеті маңызды рөл атқарады. Бұл еттерге қарама-қарсы,
физиологиялық жағдайы евстахий түтігі еттерінің жиырылуымен реттеліп
отыратын, бұғана қапшығының дабыл жарғағы орналасады. Аталған сыртқы
ернеулік еттер жиырылғанда оң жəне сол бронхылардағы дабыл жарғағы
бір-біріне жақындап, саңылау пайда болады. Деммен шыққан ауа ағыны осы
жарғақты тербелтіп, дыбыс тудырады
Достарыңызбен бөлісу: