Жануар физол



Pdf көрінісі
бет169/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   504
алмасудағы  маңызы.  Бұрын  күйіс  малы  қарнынан  қоректік  заттар 

сорылмайды  деген  пікір  қалыптасқан  болатын.  Соңғы  30-40  жыл  ішінде 

жүргізілген  ғылыми  тəжірибелер  қарындағы  күрделі  биохимиялық  жəне 

микробиологиялық  процестер  барысында  түзілген  ыдырау  өнімдерінің  осы 

ағзаның өзінде-ақ пəрменді сорылатынын дəлелдеді. Қарындағы сору процесі 

оның кілегей қабығының құрылым ерекшеліктерімен байланысты. Қарынның 

ішкі  қабығы  бүртікті  көп  қабатты  эпителийден  құралған.  Кілегей  қабық 

бүртіктері  қарынның  сору  беткейін  үлкейтеді,  оларға  көптеген  қан  жəне 

лимфа  тамырлары  келеді.  Сонымен  қатар  бұл  бүртіктердің  сыртқы  беті  өте 

тез  жаңарып,  жаңа  торшалармен  көмкеріліп  отырады.  Электрондық 

микроскоп  арқылы  жүргізген  зерттеулер  мес  қарынның  кілегей  қабығын 

құрайтын торшалар арасында ерекше саңлаулар болатынын көрсетті (Бергер, 

Кетц,  Базанова  т.б.).  Осы  торша  аралық  саңлаулар  да  қарындағы  сору 

процесінде зор рөл атқарады. 

    Сору  процесі  қарынның  төрт  бөлімінде  де  жүреді,  бірақ  ол  мес  қарында, 

жұмыршақта  жəне  қатпаршақта  ұлтабармен  салыстырғанда  əлдеқайда 

қарқынды  болады.  Мес  қарыннан  ағып  шығатын  қанның  құрамында  ҰМҚ 

концентрациясы  басқа  тамырлардағы  қанмен  салыстырғанда  əлдеқайда 

жоғары  келеді.  Бұл  мес  қарыннан  ҰМҚ  сорылатынының  дəлелі.  Арнаулы 

операция арқылы дайындалған «оқшауланған мес қарын қалтасынанң  судың, 

этил  спиртінің,  сүт,  янтарь,  құмырсқа  қышқылдарының,  глюкоза,  несепнəр, 

метионин,  тимин,  кальций  жəне  фосфор  т.б.  заттардың  сорылатыны 

дəлелденді.  Тəжірибелерге  қарағанда  қошқардың  мес  қарнынан  сірке 

қышқылы  сағатына  32  м/экв  (милли-эквивалент),  пропион  қышқылы  13 

м/экв, майлы қышқыл 21 м/экв жылдамдықпен сорылады. Қалыпты жағдайда 



 

218


ҰМҚ-ның тек аздаған мөлшері қарында сорылмай ішекке өтеді. Ұшпалы май 

қышқылдарының  сорылу  жылдамдығына  қарын  жынының  қышқылдық 

ортасы  көп  əсер  етеді:  жынның  қышқылдығы  жоғарыласа  (рН  -  5,8)  ҰМҚ-

ның  сорылуы  шапшаңдап,  ал  төмендесе  (рН  -  7,5)  -  баяулайды.  Қарын 

жынының қалыпты ортасында (рН 5,5-6,5) ұшпалы май қышқылдарының көп 

мөлшері  еркін  күйде,  ал  рН  -  7,0-7,5-нан  жоғарыласа,  олар  тұздармен 

қосылыс түрінде кездеседі. Қалыпты жағдайда сорылу жылдамдығына қарай 

басымдықты  сірке  қышқылы,  одан  кейін  майлы  қышқыл,  соңынан  пропион 

қышқылы  алады.  ҰМҚ-ның  қоспасы  жеке  қышқылдарға  қарағанда 

жылдамырақ  сорылады,  оған  майлы  қышқылдың  мес  қарын  қабырғасымен 

жақсы алмасуы себепші болады. Осыдан қақпалық вена қанында мес қарын 

жынымен  салыстырғанда  майлы  қышқыл  азырақ  мөлшерде  кездеседі. 

Бауырдың  қақпалық  венасында  артерия  қанымен  салыстырғанда  кетонды 

заттардың  көбеюі  де  мес  қарын  қабырғасында  майлы  қышқылдың  күрделі 

алмасудан өтетінінің айғағы. 

    Ұшпалы 

май  қышқылдарының  сорылу  қарқынына  мес  қарын 

қабырғасының  тамырларындағы  қанның  ағу  жылдамдығы  да  əсер  етеді. 

Қанның  ағу  жылдамдығы  жоғарыласа,  ҰМҚ-ның  сорылуы    күшейеді.  Өз 

ретінде  мес  қарын  қабырғасындағы  қанның  ағу  жылдамдығына  қарын 

жынының рН-ы да əсер етеді. Қарын жынының қышқылдығы артса, қанның 

ағуы жылдамдайды. 

Ұшпалы  май  қышқылдарымен  қатар  мес  қарыннан  едəуір  мөлшерде 

аммиак сорылады, бірақ оның сорылуын реттейтін механизм əлі анықталған 

жоқ. Аммиак мес қарын қабырғасынан диффузия заңдылығымен өтетін болу 

керек.  Мес  қарын  жынының  реакциясы  төмендесе  аммиактың  сорылуы 

күшейеді. Қарын жынындағы аммиактың концентрациясы 50-60 мг пайызға 

дейін жоғарыласа, оның сорылуы шапшаңдайды. 

    Мес  қарыннан  əр  түрлі  минералды  тұздар  мен  су  да  сорылады.  Бұл 

қосылыстардың  сорылу  жылдамдығы  организмдегі  минералды  заттардың 

алмасуымен  байланысты.  Азықпен  келіп  түскен,  суда  жақсы  еритін 

минералды  тұздар  мес  қарын  мен  ішекте  сорылып,  олардың  организмнің 

мұқтаждығынан  артық  мөлшері  несеп  арқылы  бөлінеді.  Мес  қарындағы 

сұйық  пен  тұздардың  мөлшерін  белгілі  бір  дəрежеде  сақтауда  сілекейдің 

маңызы  зор.  Егер  мес  қарын  жынының  осмостық  қысымы  жоғарыласа, 

бейорганикалық  иондар  тезірек  қанға  сіңіп,  қан  құрамындағы  су  қарын 

жынына  өтеді.  Ал  жынның  осмостық  қысымы  төмендесе  –  кері  процесс 

жүреді. 


    Мес қарыннан фосфаттар өте нашар сорылады, ал калий, кальций, магний 

элементтерінің сорылу ерекшеліктері жайында мағлұматтар өте мардымсыз. 

Дегенмен,  калий  жəне  магний  элементтерінің  өзара  əсері  болатыны 

байқалады.  Егер  жын  құрамында  калийдің  мөлшері  көбейсе,  магнийдің 

сорылуы 

нашарлайды. 

Сондықтан 

көктемгі 

жайылымдарда, 

шөп 



 

219


құрамындағы  калийдің  көп  болуының  салдарынан,  қарын  жыны  құрамында 

оның концентрациясы жоғарылап, магнийдің сорылуы нашарлайды.  

Азықтың бактериялық қорытылуынан пайда болған ыдырау өнімдері тек 

мес қарында ғана емес, алдыңғы қарынның басқа бөлімдерінде де сорылады. 

Қатпаршақтан  судың  36-64,  май  қышқылдарының  40-60  пайызы  сорылады. 

Сондықтан  ұлтабарға  мес  қарында  түзілген  ҰМҚ-ның  тек  1-2  пайызы  ғана 

жетеді. 

    Баяндаған  жайларды  қорыта  келгенде,  мес  қарын  қабырғасы  зат  алмасу 

өнімдерінің  қаннан  қарын  қуысына  жəне  керісінше  қарыннан  қанға  өтуін 

реттеуде  өте  зор  рөл  атқарады.  Жынның  құрамына  қарай  кейбір  заттар 

қарыннан қанға сорылып, ал оның орнына қарын қуысына басқа заттар өтіп 

отырады.  Қарын  қабырғасының  бұл  ерекше  қызметін  қос  бағытты 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет