Жануар физол



Pdf көрінісі
бет178/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   504
Қуыстық  ас  қорыту  ұйқы  безі  сөлінің,  ішек  сөлінің,  өттің  құрамындағы 

ферменттердің  əрекетімен  жүреді.  Бұл  ферменттердің  əсерімен  алдын  ала 

қарындағы  өңдеуден  өткен  ірі  молекулалы  қосылыстар  ыдырап,  əр  түрлі 

олигомерлер  -  жай  пептидтер,  дисахаридтер,  ди-  жəне  моноглицеридтер 

түзіледі. 

    Қорыта келгенде, ащы ішек қуысына ішек сөлі, ұйқы безінің сөлі жəне өт 

құрамында  бөлінген  ферменттердің  əсерінен  белоктар,  көмірсулар,  майлар 

қарқынды  ыдырап,  организмге  тез  сіңетін  қарапайым  қосылыстар  түзіледі. 

Белоктар  -  амин  қышқылдарына,  көмірсулар  моносахаридтерге,  ал  майлар  - 

глицерин мен май қышқылдарына ыдырайды.  

Барлық  қолайлы  жағдайды  туғызғанның  өзінде  (жылылық,  оптимальды 

орта,  ферменттер  жиынтығы  т.б.)  организмнен  тыс  жағдайда  қоректік 

заттардың  ыдырауы  əлдеқайда  баяу  жүреді.  Пробиркаларға    ас  қорыту 

жолының  кілегей  қабығының  аз  ғана  қиындысын  салса  қоректік  заттардың 

ыдырауы  əлдеқайда  шапшаңдайды.  Осымен  байланысты  организмде   



«торшалықң      ас  қорыту  процесі  орын  алады  деген  ұғым  пайда  болған. 

Расында  торшалар  қоршаған  ортадан  өзіне  қажетті  қоректік  заттардың  

молекулаларын сіңіріп, оларды өз құрамындағы ферменттер арқылы ыдырата 

алады. Торшаның бұлай қоректену жолын «Пиноцитозң немесе «Торшалықң  



ас қорыту  деп атайды. Бірақ жоғары сатыдағы омыртқалылардың ас қорыту 

механизмін  пиноцитоз  арқылы  түсіндіруге  болмайды.  Себебі  көптеген 

қоректік 

заттар 


молекулаларының 

мөлшері 


торша 

қабығындағы 

жасушалардан əлдеқайда үлкен, демек олар торша ішіне өте алмайды. Тағы 

бір  көңіл    аударатын  жай,  крахмалды  ыдырататын  амилаза  ферментінің  99 

пайызы  ұйқы  безі  сөлінің  құрамында  болады.  Соған  қарамастан  бұл  сөлді 

ішекке жібермей қойғанның өзінде крахмалдың ыдырау процесі шамалы ғана 

өзгеретін  көрінеді.  Осы  тəжірибелер  негізінде  ас  қорыту  процесінің  басқа 



 

234


механизмі  болуы  мүмкін  деген  болжам  туған.  Шынында  лабораториялық 

жануарлардың  ащы  ішегіндегі  ас  қорыту  ерекшеліктерін  зерттеу  үстінде 

А.М.Уголев  қоректік  заттардың  дұрыс  ыдырауы  үшін  жын  құрамындағы 

қоректік заттардың ішектің кілегей қабығымен жанасуының қажет екендігін 

байқады.  Ас  қорытудың  бұл  түрін  мембраналық  немесе  беткейлік, 

жанаспалы  қорыту  деп  атайды.  Мембраналық  ас  қорытудың  негізінде 

ішектің кілегей қабығының құрылым ерекшеліктері жатады. Ішектің кілегей 

қабығының  ішкі  бетінде  ішек  бүрлері  мен    микробүрлері  болатынын  айтып 

өткенбіз.    Осы      микробүрлер      өз    құрамындағы  ферменттердің,  не  ішек 

қуысынан  мембрана  беттеріне    жабысқан  ферменттердің  əсерімен 

мембраналық  қорыту  процесін  жүргізеді.  Сонымен,  организмге  түскен 

қоректік  заттардың  қорытылу  процесінің  алғашқы  сатысы  қарын  мен 

ішектердің қуысында түрлі сөлдердің құрамындағы ферменттердің əсерімен 

жүреді,  ал  оның  соңғы  сатысы  ішек  мембранасының  беткейінде  өтеді  (97-

сурет).  Мембраналық  ас  қорыту  қоректік  заттардың  ыдырау  жəне  сіңу 

процестерін əлдеқайда жылдамдатады. А.М. Уголев деректеріне қарағанда ас 

қорытудың бірінші сатысының үлесіне қорытылған заттардың 20-50 пайызы, 

ал соңғы сатысының үлесіне 50-80 пайызы келеді. 

Малда 


мембраналық 

қорыту 


ерекшеліктері 

алғаш 


рет 

Алматы 


зоотехникалық-мал  дəрігерлік  институтының  физиология  кафедрасында 

академик Н.Базанова басшылығымен зерттелді. 



Мембраналық  ас  қорыту  гликокаликс  қабатында,  мембрана  бетінде 

жəне 

микробүрлер 

торшалары 

мембранасының 

өзінде 

жүреді. 

Мембраналық  ас  қорыту  процесін  не  химустан  жабысқан  ферменттер  (

α

-

амилаза,  липаза,  трипсин),  не  ішек  эпителийі  торшаларында  түзіліп, 



микробүрлер  мембранасының  бетіне  жинақталған  ферменттер  (

α

-амилаза, 



дисахараза, аминопептидаза, сілтілік фосфатаза) жүргізеді. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



97-ñóðåт.

 

Ìåìáð-í-ëûº 



-ñ  ºîðûтó  ïðîöåñiíi» 

ç-»äûëûºт-ðû 

(-.Ì.Óãîëåâ): 

 

1- 



ôåðìåíттåðäi» 

т

-ð-ëóû; 



II 

ôåðìåíттåð, 



т

-ñûì-ëä-óøûë-ð 

ñóáñтð-тт-ð 

-ð-º-тûí-ñû: 

1-iøåê 

ºóûñûíä-¹û ôåðìåíттåð; 

2- 

ìåìáð-í-¹- 



æ-áûñº-í 

ôåðìåíттåð; 

3- 

т

-ñûì-ëä-óøûë-ð; 



4- ñóáñтð-т 

 



 

235


     

 

Ішек бүрлері көмкерме эпителий торшаларымен қапталған. Осы эпителий 



торшаларының  цитоплазмалық  өсінділері  ерекше  микробүрлер  түзеді.  Əр 

торшаның бетінде 3 мыңға дейін микробүр болады. Олардың əрқайсысының 

ұзындығы  0,55-1,1  мкм,  жуандығы  -0,05-0,08  мкм.  Микробүрлер  жиынтығы 

ішектің  кілегей  қабығының  беткейін  30  есе  көбейтеді.  Кілегей  қабықтың 

бокал  тəрізді  торшалары  бөлген  шырыш  микробүрлер  бетінде  гликокаликс 

деп  аталатын  мукополисахарид  торын  түзеді.  Осы  тор  елеуіш  қызметін 

атқарып,  микробүрлер  аймағына  қоректік  заттардың  ірі  полимерлік 

молекулаларын,  микроорганизмдерді  өткізбейді.  Сондықтан  ас  қорытудың 

соңғы  сатысы  пəк (стерильді)  жағдайда,  микроорганизмдердің  қатысуынсыз 

өтеді.  Полимерлік  қосылыстар  гликокаликске  жабысқан  ферменттердің 

əрекетімен  өңдеуден  өткеннен  кейін  ғана,  олардың  майда  молекулалары  не 

микробүрлер  бетінде,  не  микробүрлер  мембранасында  қарапайым 

қосылыстарға  дейін  ыдырайды.  Осы  процесс  кезінде  түзілген  мономерлер 

сол  мембрананың  тасымалдаушы  жүйесінің  əрекетімен  кілегей  қабық 

торшаларынан  өтіп,  не  қанға,  не  лимфаға  сіңеді.  Сонымен,  қазіргі  кезде 

жинақталған  мағлұматтарға  сəйкес  ас  қорыту  процесінде  үш  кезең 



байқалады: қуыстық ас қорыту - мембраналық ас қорыту - сіңіру. 

    Мембраналық  ас  қорыту  механизмінің  биологиялық  мəні  -  оның 

үнемділігінде,  пəк  жағдайда  өтуінде,  организмдегі  күрделі  ас  қорыту  жəне 

ыдырау  өнімдерін  сіңіру  процестерін  өзара  жалғастыруында.  Мембраналық 

қорыту  кезінде  түзілген  ыдырау  өнімдері  кеңістікте  шашырамай, 

микроорганизмдерге  жем  болмай,  макроорганизмнің  өз  мұқтаждығы  үшін 

ғана  жұмсалады.  Бұл  механизм  ферменттерді  тиімді  пайдалануға  мүмкіндік 

береді.  Мембрана  бетіне  жабысқан  ферменттер  орта  өзгерістеріне  (рН 

ауытқуларына) төзімді келеді. 

    Мембраналық  ас  қорыту  –  əмбебап  құрылыс.  Ол  қарапайым  бір  торшалы 

организмге де, жоғары сатыда дамыған жануарларға да тəн. Бұл процесс аш 

ішекте  өте  қарқынды  жүреді,  сонымен  қатар  ас  қорыту  жолының  басқа 

бөлімдерінде де, тіпті күйіс малының алдыңғы қарнында да байқалады (Н.О. 

Базанова, Т.О.Измаилов). 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет