Жануар физол


 Терінің экскрециялау қызметі



Pdf көрінісі
бет240/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   504
10.7. Терінің экскрециялау қызметі 

Тері  денені  сыртқы  ортадан  шектеп  тұратын  жабынды  қабық.  Оған 

қорғағыштық,  талдағыштық,  секрециялау,  экскрециялау,  жылу  реттеу 

сияқты  физиологиялық  қызметтер  тəн.  Аталған  функциялар  жайлы 

оқулықтық  тиісті  тарауларында  мағлұматтар  берілді.  Бұл  тарауда  терінің 

экскрециялау қызметін талдаймыз. 

Терінің  бөлінділеу  қызметі  тер  жəне  май  бездерінің  əрекетіне 

байланысты.  Тер  құрамында  су,  тұз,  несепнəр  т.б.  зат  алмасу  өнімдері 

бөлінеді.  



Тер бездері көп торшалы қарапайым түтікше бездерге жатады. Олар нағыз 

теріде  (терінің  дерма  қабатында)  орналасады  (124-сурет).  Тер  бөлу 

ерекшеліктеріне  қарай  бездер  екі  түрге  бөлінеді.  Эккриндік  бездер,  олар 

сұйық секрет бөледі жəне əрекет үстінде бұзылмайды, құрылым тұтастығын 

сақтайды. Бұл бездер жылқыға тəн. Тер бездерінің екінші түрі - эпокриндік    

бездер,  олар  құрамында  май  тектес  заттары  көп  шайырлы  тер  бөледі.  Бұл 

бездердің  біраз  торшалары  əрекет  үстінде  бұзылады,  олардың  секретінің 

құрамында су аз, құрғақ зат көп болады. Тер бездерінің секрециялық бөлігі 

сиырларда  аздап  иірім,  жылқы  мен  шошқада  шумақ  түзеді.  Секрециялық 

бөліктің сыртқы қабаты миоэпителийлі торшалардан, ал ішкі қабаты - текше 

торшалардан  құралған.  Бездің  өзектері  иректеле  келіп  түк  қапшықтарына 

немесе  түк  шанақтарына,  ал  дененің  түксіз  жерінде  -  тері  бетіндегі  тер 

тесіктеріне ашылады. 




 

331


 

125-сурет. Тері құрылысының схемасы: 

І-эпидермис;  ІІ  –  нағыз  тері;  ІІІ-шел;  1-эпидермистік  қасаң  қабат;  2-эпи-

дермистің төменгі қабаты; 3- веналар; 4- артериялар; 5- рецепторлар; 6- тер 

бездері; 7- түк; 8- май бездері; 9- 

ТҮКТІ 

көтеретін бірыңғай салалы еттер; 10- 



май торшаларының шоғыры 

 

Май бездері көбіне түк қапшықтарының жанында орналасады. Бұл бездер 



голокриндік бездерге жатады (секрет бөлгеннен соң ыдырап кетеді), олардың 

өзектері түк қапшықтарына ашылады. 

Тер  бездері  дененің  барлық  бөлігінде  бірдей  таралмаған.  Терінің 

жұқарған  жерінде  (мысалы,  құрсақ  пен  кеуденің  вентральдық  бөлігінде, 

қолтық  пен  шатта,  құлақ  қалқанында  т.б.)  олар  көбірек.  Жылқының 

сауырында  тер  бездері  аз  болады.  Сиыр  мен  шошқада  олар  терінің  мойын 

бөлігінде,  кейбір  малдың  тұмсығында  тығыз  орналасады.  Ешкі  мен  қоянда 

тер бездері нашар дамыған, сондықтан олар терді аз бөледі. Ит пен мысықта 

тер  бездері  тек  майтабанда  ғана  орналасады,  ал  құстарда  тер  бездері 

болмайды. 

Жылқыда терінің əрбір шаршы см ауданында (сауырынды есептемегенде) 

1500,  сиырда  -  700-1000  тер  бездері  болады.  Малда  тер  адаммен 

салыстырғанда  2-3  есе  аз  бөлінеді,  оның  себебі  тер  бездері  қанмен 

нашарырақ жабдықталады (əсіресе қойларда). Тəулігіне жылқы 2,5-3 л, сиыр 

- 4-5 л тер бөледі. 

Жылқы  тері  түссіз,  сəл  лайлау  сұйық.  Оның  тығыздығы  1,01–1,020 

шамасында,  өзіне  тəн  хош  иісі  (окси-қышқылдардың  болуына  байланысты) 

болады. Тердің əрекетшіл ортасы əлсіз сілтілік (рН 7,5-8,5), оның құрамында 

5-6  пайыз  құрғақ  зат  кездеседі  (оның  4-5  пайызы  тұздардан  тұрады).  Тер 

құрамында 0,7 пайыз белок, 0,15 пайыз несепнəр, аз мөлшерде аммиак, ҰМҚ, 




 

332


креатин,  индикан,  фосфатидтер,  қант  болады.  Тұздар  натрий  (0,05%)  мен 

кальций хлоридінен, натрий жəне кальций фосфаттары мен сульфаттарынан 

құралады. Тер құрамында бөлінген белок пен хлорлы натрий тері беткейінде 

ақ көпіршік түзеді. 

Ірі  қара  терінің  құрамы  жайлы  деректер  аз.  Тер  құрамында  құрғақ  зат 

мөлшері  2  пайыздан  аспайды,  белок  пен  хлорлы  натрий  аз  мөлшерде 

кездеседі. 

   Қойларда  тер  май  бездері  секретімен  қосылып,  шайыр  түзеді.  Оның 

құрамында үш глицеридтер мен холестерин эфирі болады. Шайыр түрі мен 

консистенциясы  жағынан  шыжғырылған  тоң  майға  ұқсайды.  Қой  жүнінің 

жалпы  салмағының  20-30  пайызын  шайыр  құрайды.  Шайыр  жүнді 

ластанудан  сақтайды,  жабағы  түзуге  мүмкіндік  жасап,  жүнге  биязылық, 

беріктік қасиет береді. 

Тер  рефлекторлық  жолмен  жылулықты  қабылдайтын  сезімтал  жүйке 

ұштарының  тітіркенуіне  жауап  ретінде  бөлінеді.  Тер  бөлуді  реттейтін 

орталық  жұлында  орналасады.  Бұл  процесті  реттеуге  сопақша  мида, 

гипоталамуста, үлкен ми сыңарларында орналасқан орталықтар да қатысады. 

Тер  бездері  үшін  симпатикалық  жүйке  секрециялау  жүйкесі  болып 

есептеледі.  Олардан  бездерге  қозу  толқыны  ацетилхолин  бөлу  арқылы 

беріледі. Демек, тер бездерінің қызметін холинэргиялық жүйкелер реттейді. 

Тер бездерінің секрециялау қызметін атропин тежейді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет