Жануар физол



Pdf көрінісі
бет294/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   504
Жұмыртқалық жол жұмыртқа-торшаның аналық безден жатыр мүйізіне 

түсуін  қамтамасыз  ететін  иректелген  жұп  түтікше.  Олардың  əрқайсысының 

ұзындығы сиырда 25–28 см, мегежінде -30, қой мен ешкіде–6, жылқыда –30 

см  жетеді.  Жұмыртқалық  жол  қабырғасында  оның  қимылын  қамтамасыз 

ететін көлденең жəне бойлама бағытта орналасқан ет қабаттары болады. Осы 

еттердің  жиырылуынан  түтікшеге  түскен  аналық  торша  жатырға  қарай 

жылжиды.  Симпатикалық  жүйке  көлденең  орналасқан  ет  талшықтарының 

жиырылуын  күшейтіп,  бойлама  еттердің  жиырылуын  бəсендетеді.  Ал, 

парасимпатикалық жүйке керісінше əсер етеді. 

Жатыр  ұрықтың  өсіп-дамитын  ағзасы.  Ол  үш  бөлікке  бөлінеді:  жатыр 

мүйіздері,  жатыр  тұлғасы  жəне  мойын.  Бұл  бөліктердің  ара  қатынасы, 

мөлшері  түлік  түріне,  малдың  жасына  қарай  өзгеріп  отырады.  Жатыр 

мүйізінің ұзындығы сиырда 25 см, қойда 12 см, мегежінде 2 м, биеде 25 см. 

Жатыр тұлғасының тұрқы сиыр мен қойда 3–5 см, мегежінде 5–12 см, биеде 

15 см. Жатыр мойынының ұзындығы сиырда 10 см, қойда 6 см, мегежінде 20 

см, биеде 8 см. Қынап тереңдігі сиырда 38 см, саулықта 12 см, мегежінде 18 

см, жылқыда 30 см шамасында. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет