Жануар физол



Pdf көрінісі
бет359/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   504
 

 

42. Қаңқа етінің белоктық құрамы 

 

Белоктар 



 

Молекулалық 

массасы, мың 

дальтон 


 

Пайыз 


мөлшері 

 



 

478


Миозин  

Актин – 


γ

 

Тропомиозин  

Тропонин комплексі (ТнТ, ТнІ, ТнС)  

Актин – 


α

  

Басқа  белоктар  (миоглобин,  ферменттер 

т.б.). 

 

460 



46 

70 


76 

180 


55-60 


20-25 

4-6 


4-6 

1-2 


5-10 

 

 



Бірыңғай  салалы  еттер  бүйірлі  (шүйке  тəрізді)  жəне  жұлдыз  пішінді, 

ұзындығы  60–200  мкм,  диаметрі  4–8  мкм  ет  торшаларынан  -  миоциттерден 

құралған. Буаздық кезеңінде жатыр миоциттерінің ұзындығы 500 мкм жетеді. 

Олардың  ядросы  торшаның  ортасында  орналасқан.  Торша  жиырылғанда 

ядро бұрғы тəрізді бұралып кетеді. Ядро маңында митохондриялар мен басқа 

да нəрлік (трофикалық) компоненттер жинақталған. 

Бірыңғай  салалы  ет  торшаларының  саркомплазмасында  ұзындығы  1–2 

мкм  шамасында  актин  жəне  миозин  профибриллалары  кездеседі.  Олар 

торшаны  бойлай  орналасады,  бірақ    миофибриллаға  бірікпейді.  Осымен 

байланысты  бірыңғай  салалы  ет  талшықтарында  көлденең  жолақтар 

байқалмайды.  Торша  саркоплазмасында  ішінде  кальций  иондары  бар 

көптеген  көпіршіктер  кездеседі.  Олар  көлденең  жолақ  ет  талшықтарының 

саркоплазмалық торына тəн қызметтерді атқаратын болу керек. 

Бірыңғай  салалы  ет  торшалары  ерекше  байламдар  (десмосомалар) 

арқылы  бірігіп,  торша  аралық  гликопротеиндік  заттармен,  коллаген  жəне 

эластин  талшықтарымен  жабысқан  тығыз  шоқтар  құрайды.  Осындай 

торшалары  бір-бірімен  тығыз  жанасқан,  бірақ  цитоплазмалық  жəне 

мембраналық біртұтастығы жоқ құрылымдарды «функционалдық синцитийң 

деп  атайды.  Ал  мұндай  синцитий  құрайтын  торшаларды  бірыңғай 

(унитарлы) торшалар дейді. Қозу процесі мұндай торшалардан бір-біріне еш 

кедергісіз, оңай беріледі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет