Жануар физол


 Бірыңғай салалы  еттердің функционалдық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет370/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   504
15.7. Бірыңғай салалы  еттердің функционалдық ерекшеліктері 

 

Жоғары  сатыдағы  жануарлар  организімінде  бірыңғай  салалы  еттер  ішкі 



ағзалар  мен  қан  тамырлары  қабырғасында,  теріде  кездеседі.  Олар  қаңқа 

еттерінен  баяуырақ  жиырылады,  жиырылу  жағдайын  ұзақ  уақыт  сақтай 

алады. 

Бірыңғай  салалы  еттер  бүйірлі  (ұршық  тəрізді)  ет  торшаларынан 

құралған.  Əр  торшаның  ұзындығы  30–500  мкм  (ас  қорыту  ағзаларында  70–

400  мкм),  диаметрі  2–10  мкм  шамасында.  Сыртынан  ол  плазмалық 

мембранамен  қапталады.  Мембрана    беткейінде  ойыстар  жəне  бүйір 

өсінділер  болады.  Бүйір  өсінділер  торшалар  арасындағы  буындық 

байланысты  қамтамасыз  етеді.  Осы  буындар  тұсында  іргелес  орналасқан 

торшалардың  плазмалық  мембраналары  беткейлік  мембранамен  бірігіп 

кетеді  де,  екі  торша  арасында  тығыз  жанасу  табақшасы  (нексус)  пайда 

болады. 


Бірыңғай  салалы  еттерге  өзіндік  құрылым,  жүйкелену,  қанмен 

жабдықталу,  зат  алмасу  ерекшеліктері  тəн.  Осымен  байланысты  олардың 

физиологиялық қасиеттерінде белгілі өзгешеліктер байқалады. 

Қан тамырлары мен ұрықтық өзек жолы қабырғаларының миоциттерінен 

басқа  барлық    бірыңғай  салалы  ет  торшаларына  электр  потенциалының 

өздігінен  туындау  қасиеті  тəн.  Бірыңғай  салалы  еттердің  тонусы  оларды 

жүйкесіздендіргеннен,  оқшаулағаннан  кейін  де  сақталады.  Демек,  еттің  бұл 

түрінде  қозу  толқыны  жүйке  импульсінің  əсерінен  емес,  жүрек  етіндегі 



 

494


сияқты  миогендік  жолмен  пайда  болады.  Кей  жағдайда  бұл  құбылысты 

бірыңғай салалы еттер автоматизмі деп атайды. 

Қозу  толқыны  бірыңғай  салалы  еттің  негізгі  торшаларынан 

электрофизиологиялық қасиеттерімен ерекшеленетін пейсмекер деп аталатын 

торшаларда пайда болады. Ағылшын тілінен аударғанда пейсмекер деген сөз 



ырғақ  беруші  деген  мағына  береді.  Бұл  торшаларға  электрлік  тербелістер 

тудырып, оларды басқа торшаларға таратып отыратын қасиет тəн. 

Бірыңғай  салалы  ет  торшаларында  тыныштық  потенциалының  дейгейі 

төмен,  10–20  мВ  шамасында.  Тыныштық  потенциалын  тудыруда  натрий, 

калий  иондарымен  қатар  кальций  жəне  хлор  иондары  қатысады.  Ал,  əрекет 

потенциалы  пейсмекерлік  потенциал  əсерімен  кальцийлік  арналардың 

активтенуі салдарынан торша мембранасының табалдырықты деңгейге дейін 

үйексізденуі нəтижесінде пайда болады. 

Бірыңғай  салалы  еттердің  қозғыштық  қасиеті  төмен.  Оның  қозу 

табалдырығы жоғары, ал хронаксиясы ұзақ болады. 

Бірыңғай  салалы  еттерде  де  қозу  импульсі  айналымды  электр  тогы 

арқылы  таралады.  Сонымен  қатар  қозу  процесі  бір  торшадан  іргелес 

орналасқан  торшаға  оңай  өтеді.  Қозудың  таралу  жылдамдығы  секундына 

бірнеше  миллиметрден  бірнеше  сантиметрге  дейін  жетеді.  Мысалы,  ішек 

қабырғасында қозу секундына 1 см, жатырда 18 см жылдамдықпен таралады, 

Бірыңғай  салалы  еттердің  жиырылу  кезеңі  ұзағырақ,  əсіресе  оның 

босаңсу кезеңі созылыңқы келеді. Бірыңғай салалы еттердің жасырын кезеңі 

де ұзаққа созылады. 

Көлденең  жолақ  ет  сияқты  бірыңғай  салалы  еттерге  де  икемділік  жəне 

созылғыштық қасиеттері тəн. Бірақ олардың созылғыштық қасиеті икемділік 

қасиетінен  нашарырақ  дамыған.  Созылғыштық  қасиет  əсіресе  ішкі  қуыс 

ағзаларда жақсы байқалады, осымен байланысты қуыс ағзалар толған сайын 

олардың  қабырғасы  созыла  түседі  де,  ішіндегі  қысым  өзгермейді.  Мысалы, 

ит  қарнына  240,  не  460  мл  сұйық  құйылғанның  өзінде,  ондағы  қысым 

өзгермей, су бағанасымен 7 мм шамасында сақталады. Дəл осындай жағдай 

қуықта да байқалады. 

Бірыңғай салалы еттерде тонус жақсы жетілген жəне тонустық жиырылу 

кезінде  олар  онша  көп  энергия  шығындамайды.  Кейбір  бірыңғай  салалы 

еттерде автоматизм қасиеті жақсы дамыған. Бұл қасиетке миогендік табиғат 

тəн. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет