Жануар физол


 Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу процесі жəне   оның маңызы



Pdf көрінісі
бет407/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   504
18.7. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу процесі жəне   оның маңызы 

 

Жүйке орталықтарына толқынды қозу белсенділігін тежеу қасиеті де тəн. 



Орталық жүйке жүйесінде тежелу процесінің болатынын алғаш реті орыстың 

ұлы  ғалымы  И.М.Сеченов  (1862  ж)  ашқан.  Физиология  ғылымында  бұл 

құбылыс “Сеченов тежелуі“ деген атпен белгілі (практикумды қара). 

Тежелу  -  белгілі  бір  əрекеттің  əлсіреуімен  немесе  тиылуымен 

сипатталатын  процесс.  Қазіргі  кезде  қалыптасқан  көзқарастарға  сəйкес 

тежелуді енжар (пассивті) процесс деп есептемейді. Табиғаты жағынан ол да 

қозу  сияқты  белсенді  жүретін  процесс.  Филогенездік  жəне  онтогенездік 

тұрғыда  тежелу  əрі  баяу,  əрі  қозудан  кейін  туындайды.  Бұл  тиянақсыз 

құбылыс жəне организм үшін қолайсыз əсерлердің салдарынан тез тиылады. 

Сырт белгілері жағынан тежелу қажу процесіне ұқсас. Бірақ физиологиялық 

мəні  тұрғысынан  олар  əртүрлі  процестер.  Қажу  -  ұзаққа  созылатын, 

біртіндеп  тереңдейтін  жəне  айтарлықтай  салдар  қалдыратын  процесс.  Ал 

тежелу - қозуды шектейтін белсенді жүйкелік процесс. 

Орталық жүйке жүйесінде тежелудің екі түрі байқалады: бастапқы жəне 

салдарлық. Бастапқы тежелу орталық жүйке жүйесіндегі арнаулы тежегіш 




 

539


нейрондардың  əрекетінің  нəтижесінде  туындайды,  ал  салдарлық  тежелу 

арнаулы  тежегіш  құрылымдардың  қатысуынсыз  қозу  процесін  тудыратын 

нейрондарда пайда болады. 

Бастапқы  тежелу  бірнеше  түрге  бөлінеді  Оның  тежегіш  синапстың 

постсинапстық мембранасында пайда болған түрін постсинапстық тежелу 

деп  атайды.  Тежелудің  бұл  түрі  постсинапстық  мембранада  өршіген 

гиперүйектену  нəтижесінде  тежегіш  постсинапстық  потенциалдың  (ТПСП) 

пайда  болуымен  байланысты.  Өз  кезегінде  постсинапстық  мембранадағы 

гиперүйектену  тежегіш  нейрон  аксонының  ұшынан  арнаулы  тежегіш 

медиаторлардың  (глицин,  гамма-аминді  май  қышқылы)  бөлінуінің 

салдарынан туындайды. Аталған медиаторлар пресинапстық мембрана мен 

синапс саңлауынан өткеннен соң, постсинапстық мембрананың тек қана тар 

арналарын ашады. Бұл тар арналар арқылы калий жəне хлор иондары ғана 

өте алады да, ал натрий иондары өтпейді. Оның себебі гидраттанған натрий 

иондарының  диаметрі  калий  мен  хлор  иондарының  диаметрінен  үлкен 

келеді.  Калий  иондарының  сыртқа,  ал  хлор  иондарының  ішке  өтуі 

нəтижесінде мембрана беткейінде оң, ал ішінде - теріс заряд деңгейі артады 

да,  гиперүйектену  туындайды  (мембрананың  сыртқы  жəне  ішкі 



беткейіндегі потенциалдар айырмасы көбейеді). 

 

 



 

 

198-сурет.Үдемелі 

постсинапстық 

тежелу схемасы: 

1–еттің  ұршықты  торшасы;  2  – 

сезімтал  нейрон;  3  –  аралық 

қоздырушы  нейрон;  4  –  жазғыш  ет-

терді 

жүйкетейтін 



қозғағыш 

нейрондар;  5  –  жазғыш  еттердегі 

қозғағыш жүйке ұштары; 6 – аралық 

тежеуші  нейрон;  7  –  бүккіш  етті 

жүйкетейтін  қозғағыш  нейрон;  8  – 

бүккіш  еттегі  қозғағыш  жүйке 

ұштары; 9 – бүккіш ет; 10 – жазғыш 

ет. 


 

 

 



 

 

 



 


 

540


Постсинапстық  тежелуді  1951  жылы  австралия  нейрофизиологы  Джон 

Экклс аяқтың бүккіш жəне жазғыш еттерінің қызметін реттейтін жұлынның 

қозғағыш  нейрондарының  биопотенциалдарын  зерттеу  нəтижесінде  ашқан. 

Бір  аяқтың  бүккіш  еттері  қызметін  реттейтін  орталық  қозса,  осы  аяқтың  

жазғыш  еттері  қызметін  реттейтін  орталықтың  тежелері  белгілі.  Бұл 

құбылыстың  механизмін  Экклс  анықтады.  Мысалы,  жазғыш  еттің  қызметін 

реттейтін  қозғағыш  нейронды  қоздыратын  афференттік  жүйке  талшығы 

тітіркенді дейік. Бұл жағдайда жүйке импульсі жұлын түйінінде орналасқан 

сезімтал нейронға жеткен соң оның аксонымен жұлында екі бағытта тарайды: 

жазғыш  еттердің  қызметін  реттейтін  қозғағыш  нейронды  қоздырады  жəне 

бүйір  тармақтар  арқылы  өсінділері  бүккіш  еттердің  қызметін  реттейтін 

қозғағыш  нейрондармен  жанасатын  тежегіш  нейрондарға  беріліп,  қызметі 

қарсы  еттердің  əрекетін  тоқтатады  (198-сурет).  Тежелудің  бұл  түрі  орталық 

жүйке  жүйесінің  барлық  бөлімдеріндегі  кереғар  орталықтарды  өзара 

байланыстыратын  аралық  нейрондарда  кездеседі  жəне  оны    үдемелі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет