Жануар физол



Pdf көрінісі
бет464/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   504
шартты  рефлекстер.  Үйрену  нəтижесінде  классикалық  шартты  рефлекс 

жəне  операнттық  шартты  рефлекс  қалыптасады.  Үйрену  нəтижесінің 

алғашқы түрінде шартты сигналға жануар шартсыз рефлекстермен, ал екінші 



 

625


түрінде  қимыл  -  əрекетпен  жауап  береді.  Үйренудің  аталған  екі  түрі  де 

ассоциациялық  үйрену  (жинақталған  тəжірибе)  болып  табылады,  себебі 

олар мида уақытша байланыстың пайда болуының нəтижесінде атқарылады. 



Машықтану, 

латенттік 

үйрену, 

еліктеу, 

импритинг 

үйренудің 

ассоциациялық  емес  түріне  жатады.  Бұл  жағдайларда  мида  кейінірек  қайта 

жаңғыртылатын естік із қалады, ассоциациялық байланыстар түзілмейді. 



Машықтану  шартсыз  бағдарлау  рефлекстерін  қалыптастыру,  залалсыз 

бөгде  нысандарға  реакция  анықтау  нəтижесінде  атқарылады.  Бүркенші 



(латенттік)  үйрену  жануарлар  есінде  өткен  оқиғалардан  қалған,  немесе 

оларға  ұқсас  не  таныс  оқиғалар  қайталанғанда  жаңғыратын  із.  Еліктеу  - 

басқаның  іс-əрекетін  қайталау  арқылы  тіршіліктік  маңызы  зор  əрекеттерге 

дағдылану (балапандар - дыбыс шығаруға, сайрауға, төл - жайылуға т.с.с.) 



Импритинг (есте қалдыру) - үйренудің ерекше түрі, ол дара дамудың ең 

алғашқы сатыларында байқалады, ұзақ жəне берік сақталады. Мысал ретінде 

жаңа  туған  төлдің,  немесе  қауыздан  жаңа  шыққан  балапанның  енесінің 

артынан, ол болмаса қимылдаған заттың соңынан еріп жүруін айтуға болады. 

Импритинг  арқылы  жануар  өмірінің  белгілі  бір  кезінде  сыртқы  орта 

нысандарымен  байланыс  қалыптастырады.  Демек,  импритинг  жануардың 

мінез-қылықтық  əрекетінің  қалыптасуында  маңызды  рөл  атқарады.  Ол 

арқылы қажетті заттар мен құбылыстар есте сақталады. 



Есте  қалдыру  механизмі  жайлы  əлі  күнге  дейін  тиянақты  пікір  жоқ. 

Кейбір  зерттеушілер  (А.Г.Понугаева,1973)  оны  естің  ерте  дамыған  түрі  деп 

түсіндірсе,  басқа  ғалымдар  (А.Г.Воронин,1969)  оны  жинақталған 

рефлекстерге  сенсибилизация  (сезімталдықтың  жоғарлауы)  процесіне 

негізделген үйренудің қарапайым түрі деп санайды. 

Жүре  қалыптасқан  мінез-қылықтық  əрекеттің  ең  күрделі  түрі  -  инсайт 



(зеректік),  түсінуге  негізделген  ақылды  əрекеттердің  нышаны.  Инсайт 

көбінесе  жоғары  сатыда  дамыған  приматтарда  байқалады.  Мысал  ретінде 

жануарлардың  қарапайым  құралды  пайдалануы,  қара  құстың  тасбақаның 

қабығын  биіктен  тастап  жаруы,  т.б.  келтіруге  болады.  Кейде  жануарлар 

бірнеше  рет  қайталанған  сəтсіз  əрекеттен  кейін,  аз  үзіліс  жасап,  кенет  өз 

əрекетінің  сипатын  өзгертеді  де,  мақсатты  əрекетті  орындаудың  дұрыс 

шешімін табады. 

Үй  жануарларында  мінез-қылықтық  əрекеттің  бірнеше  түрі  болады. 

Олар метаболиттік (қоректік), комфорттық, қорғаныстық, үйірлік (топтық), 

жыныстық,  ұрпақ  қорғау  (ата-енелік),  зерттеу  əрекеттері  т.б.  болып 

жіктеледі. 

Қоректік  мінез-қылық  деп  жануардың  азықты  іздеп,  қабылдап, 

организмдегі  метаболиттік  гомеостазды  сақтауға  бағытталған  белсенділігін 

айтады.  Бұл  түсінікке  азық  пен  суды  əр  түрлі  бағып-күту  жағдайында 

қабылдау  шапшаңдығы,  шайнау  мерзімін  реттейтін  механизмдер,  зəр  мен 

нəжісті  бөліп  шығару  жəне  олардың  тəуліктік  сипаты  жатады.  Ас  қорыту 



 

626


жолындағы  метаболиттік  ауытқулар  мен  механикалық  өзгерістер  əсерінен 

қоректік  қажеттілік  пайда  болып  гипоталамус  арқылы  өздігінен  реттеу 

тетіктері  іске  қосылады.  Бұл  организм  гомеостазын  уақытша  эндогендік 

реакциялар  арқылы  (қоректік  заттарды  қоймаларынан  шығару  жəне  оларды 

тарату) сақтауға мүмкіндік туғызады. Бірақ бұл жолдың мүмкіндігі шектеулі 

ғана  болады,  сондықтан  ОЖЖ-ің  жоғарғы  бөлімдерінде  қоректену 

мотивациясы  туындайды  да,  өзіндік  реттеу  тетігінің  сыртқы  механизмі  іске 

қосылады.  Осының  нəтижесінде  азық  қабылданып,  организмнің  қоректік 

қоры толықтырылады да,  гомеостаздың  ауытқыған  көрсеткіштері қалпына 

келтіріледі. 



Комфорттық  мінез-қылық  жануардың  өзіне  тиімді  тіршілік  жағдайын 

туғызуға  бағытталған  реакцияларымен  сипатталады.  Көбінесе  ол  дене 

жылуын реттеу əрекеттерімен (оқшаулану, қолайлы жер іздеу, жылу түзуді 

жəне  жылу  бөлуді  күшейту  не  əлсірету)  байланысты.  Осы  əрекеттерге 

қоршаған  орта  ылғалдығының,  ауаның  газдық  құрылымының  т.б. 

ауытқуларына байланысты туындайтын реакциялар да жатады. 



Сақтық  мінез-қылық  енжар  (пассивті)  жəне  белсенді  (активті)  болып 

бөлінеді.  Енжар  сақтану жануардың  əрекетсіз,  қимылсыз тұрып  қалуымен 

сипатталады.  Кейбір  жануарлар  қатерлі  сəтте  бытырай  қашып,  тығылып 

қалады.  Қимылсыз  қалшиып  қалу,  немесе  тығалу  сыртқы  тежелумен 

байланысты (А. Крушинский, 1943). 

Белсенді қорғану реакциясы кезінде жануар өзінің кейпін өзгертеді, айбат 

шегеді.  Мысалы,  жылқы  құлағын  жымитып,  осқырынады,  жерді  тарпиды, 

тістеуге,  тебуге  ыңғайланады.  Бұқа  алдыңғы  аяқтарымен  жерді  тарпып, 

өкіріп,  жақындаған  адам  мен  малды  сүзуге  ыңғайланады.  Қорғаныстық 

əрекеттер  көбінесе  үйірдегі  жеке  дарақтардың  ара  қатынасын  анықтау 

кезінде байқалады. 

Мінез-қылықтың қалыптасуында бағдарлау реакциялары да маңызды рөл 

атқарады. Жануар белгісіз, бұрын таныс емес беймəлім жағдайға кездескенде 

жан-жағына қарап, жерді, өздерін қоршаған заттарды иіскелеп, дыбыстарды 

тыңдап,  бағдарлау  нəтижесінде  белгілі  əрекет  атқарады.  Бағдарлау 

реакциялары  əсіресе  жас  төл  өмірінде  маңызды  рөл  атқарады.  Жас  төлге 

зерттеу əрекеті де тəн. Оның арқасында дағдылар қалыптасады, жануардың 

мінез-қылықтық əрекеті жетіледі. 

Бір  түлік  өкілдерінің  үйірдегі  (табындағы,  отардағы,  келедегі) 

өзара  қатынасын  тобырлық  мінез-қылық  анықтайды.  Жануарлардың  өзара 

шайқасынан кейін топ бастаушылар анықталады, əлсіз, жасқаншақ қорқақтар 

топтан  шеттетіледі,  топта  деңгейлік  (иерархиялық)  үстемдік  қалыптасады. 

Осыған  байланысты  жайылып  жүргенде,  немесе  тыныстаған  кезде  жеке 

дарақтар  арасында  белгілі  алшақтық  сақталады,  үйір  тəртіппен  реттілік 

сақтай отырып қозғалады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет