Жануар физол



Pdf көрінісі
бет475/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   471   472   473   474   475   476   477   478   ...   504
                       құлақтың құрылысы: 

        І   – дабыл жарғағы, 2 – 

           балғашық,  3 – төсше, 5 –   

        үзеңгі, 6 – сопақша тесік,  

        7– дөңгелек тесік, 8 –  

        Евстахий түтігі, 9– ұлу   

        (иірімді түтік),  10 – жартылай         

         дөңгелек түтіктср. 



Ішкі 

құлақ, 

немесе 


шытырмақ 

(лабиринт) 

самайдың 

қайыршақ 

сүйегінің ішінде орналасады. Ол бірінің 

ішінде бірі орналасқан сүйекті жəне жарғақты шытырмақтан түзілген. Бұл 

екі  құрылымның  арасында  перилимфа,  ал  жарғақты  лабиринттің  ішінде  - 



эндолимфа, ішкі сұйықтық болады. 

Сүйекті  лабиринт  үш  құрылымнан  тұрады.  Олар  саға  (кіре  беріс),  ұлу 



(иірімді  түтік)  жəне  жартылай  дөңгелек  түтіктер.  Саға  мен  ұлу  есту 

мүшесін құрайды. Ал сағада орналасқан қапшықтар мен жартылай дөңгелек 

түтіктер тепе-теңдік (вестибулалық) аппараты болып табылады. Демек, ішкі 

құлақта  функционалдық  тұрғыдан  есіту  жəне  тепе-теңдік  мүшелері 

орналасқан. 

Саға - кішкентай қуыс. Ол екі бөлікке - сопақша қапшыққа жəне дөңгелек 

қапшыққа бөлінеді. Сопақша қапшық жартылай дөңгелек түтіктермен (тепе-

теңдік мүшесі), ал дөңгелек қапшық - ұлумен жалғасады. 



Ұлу  (иірімді  түтік)  орталық  білікті  бойлай  спираль  тəрізді  екі  айналым 

жасай орналасқан құрылым. Рейснер жəне негізгі мембраналар арқылы ол үш 

жіңішке  өзекке  бөлінеді  (243-сурет).  Оның  сопақша  тесіктен  басталатын 

бөлігін «саға өзегің, ал дөңгелек тесікпен жалғасатын бөлігін «дабыл өзегің 

деп атайды. Ұлудың ұшында бұл екі өзек бір-бірімен тар тесік - геликотрема, 

арқылы  жалғасады.  Аталған  екі  өзек  те  перлимфамен  толған.  Осы  өзектер 

арасында  аталған  мембраналармен  шектелген  ұлу  өзегі  жатады.  Ол 

эндолимфамен  толған.  Ұлу  өзегінде  негізгі  мембрананы  бойлай  дыбыс 

толқынын қабылдайтын Корти мүшесі орын тебеді. 

 



 

644


 

243-сурет. Ұлудың (иірімді түтіктің) көлденең кесіндісінің көрінісі  

 

Корти  мүшесі  өте  күрделі  орган.  Ол  түкті  есту  торшалары  мен  сүйеніш 

торшалардан  құралған.  Есту  торшаларының  ұшында  өте  жіңішке  түктер 

болады.  Бұл  торшалар  есту  мүшесінің  рецепторы  болып  табылады,  олар 

дыбыс  толқынының  əсерін  қозу  процесіне  айналдырады.  Бұл  торшалардың 

жоғарғы  жағында  бір  ұшы  сүйекті  тұлғаға  жалғасып,  екінші  ұшы  бос 

жататын  жабынды  табақша  орналасады  (244-сурет).  Дыбыс  толқыны 

ұлудағы перилимфаға əсер етіп, оны тербетеді. Осының нəтижесінде негізгі 

мембрана  тербеледі  де,  онда  орналасқан  есту  торшаларының  түктері 

жабынды  мембранамен  түйіседі.  Бұл  сезімтал  торшаларда  қозу  процесінің 

пайда болуына себепші болады.  

Есту  торшаларына  ұлудың  спиральдық  жүйке  ганглийінде  орналасқан 

қос  өрісті  жүйке  торшаларының  өсінділері  келеді  де,  олар  осы  жерде  тор 

түзеді.  Ал  осы  биполярлы  торшалардың  аксоны  есту  жүйкесінің  ұлулық 

бөлігін құрап, сопақша мидың кохлеаралық (ұлу) ядросымен жалғасады. Осы 

жерде есту жолының екінші реттік нейроны орналасады. Олар импульстерді 

төрт  темпөшіктің  артқы  жұп  төмпешігінде  (дыбысты  бағдарлау 

орталығында) жəне  

 

таламустың  медиальдық  имек  денесінде  орналасқан  үшінші  нейронға 



жеткізеді.  Одан  əрі  импульстер  үлкен  ми  жарты  шарларының  самай 

бөлігінде  орналасқан  есту  анализоторының  қыртыстық  бөліміне  беріледі. 

Бұл  орталық    құлақтан  келген  дыбыстық  сигналдарды  қабылдап,  оларға 

талдау жасайды (245-сурет). 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   471   472   473   474   475   476   477   478   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет