Жануар физол


 Малдың биік тау жағдайларына бейімделуі



Pdf көрінісі
бет493/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   489   490   491   492   493   494   495   496   ...   504
22.3. Малдың биік тау жағдайларына бейімделуі 

 

Үлкен биіктікте ауа сирейді, оттегі мөлшері азаяды. Осымен байланысты 

тау  жағдайына  бейімделу  екі  бағытта  жүреді.  Бір  жағынан  ауадағы  оттегіні 

тиімді  сіңіріп,  ұлпаларға  шапшаң  жеткізуді  қамтамасыз  ететін  механизмдер 

дамиды.  Екінші  жағынан,  ұлпалардың  оттегі  тапшылығы  жағдайында 

тіршілік  ету  қабілеті  қалыптасады,  организмнің  не  оның  жеке  бөліктерінің 

тіршілік  əрекеті  төмендеп,  олардың  оттегіні  пайдалану  қарқыны  кемиді. 

Бейімделу  реакциясының  сипаты  таудың  теңіз  деңгейінен  биіктігіне 

байланысты.  Халықаралық  жіктеуге  сəйкес  биіктік  теңіз  бетінен  1000  м 

шамасында  болса,  оны  орташа,  ал  2000  м  болса  -  биік  тау  жағдайы  деп 

саналады.  

Жоғары  биіктік  жағдайында  үй  жануарлары  оттегі  ташпылығына  20–25 

күн ішінде бейімделеді жəне бұл процесс үш сатыда өтеді. Алғашқы кезеңде 

өкпенің  желдетілуі  күшейіп,  қан  айналым  шапшандайды,  қордағы  қан 

айналымға  қосылып,  қан  құрамындағы  эритроциттер  саны  өседі,  қан 

ферменттерінің  белсенділігі  артады,  қышқыл-сілтілік  тепе-теңдік  өзгереді. 

Бұлар  атмосфералық  қысымның  төмендеуіне,  ауадағы  оттегі  мөлшерінің 

азаюына  қайтарылған  реакциялар  болып  табылады.  Осыдан  кейін  қандағы 

гемоглобин  мөлшері  көбейіп,  ұлпалық  ферменттердің  белсенділігі 

жоғарылайды. Бейімделудің үшінші сатысында анаэробты гликолиз күшейіп, 

оттегіні  пайдалану  көрсеткіші  төмендейді,    организмнің    жалпы  төзімділігі 

жоғарылайды.  Бастапқы  функционалдық  бейімделу  кезеңінде  организм  көп 

қуат  шығындайды,  ал  кейінірек  зат  алмасу  процесінің  қарқыны  төменгі 

деңгейде тұрақтайды. 




 

674


Тау  жағдайында  оттегінің  үлес  қысымының  төмендеуіне  барлық 

органдар  бір  деңгейде  реакция  бермейді.  Оттегі  тапшылығына  ми  жарты 

шарлары  қыртысының,  тамыр  қозғағыш  жəне  тыныс  орталықтарының 

нейрондары,  көздің  торлы  қабығының  рецепторлары  өте  сезімтал  келеді. 

Бүйрек,  бауыр,  жүрек  еттері  оттегі  тапшылығына  онша  сезімтал  емес.  Ал 

бұлшық  ет  пен  бірыңғай  салалы  еттер  ұзақ  мерзім  бойына  оттегінсіз 

тіршілік қабілетін сақтайды. 

А.Д.Слоним деректеріне сəйкес тауға көтерілу барысында қой қанының 

оттегімен  қанығу  дəрежесі  төмендейді,  бірақ  қандағы  гемоглобин  мөлшері 

мен  эритроциттер  саны  өседі,  тыныс  жиілейді,  газ  алмасу  күшейеді.  Тауда 

1,5–2 ай болғаннан кейін бұл көрсеткіштер белгілі деңгейде тұрақталады. 

Биік  тау  жағдайында  тіршілік  ететін  жануарлар  түрлеріне  терең 

бейімделу  реакциялары  тəн.  Мұндай  жануарларда  эритропоэз  қарқынды 

жүріп,  гемоглобиннің  оттегімен  қосылу  қабілеті  жоғарылайды,  ұлпалық 

реакциялар  өзгеріп,  олар  оттегі  қысымы  төмендеген  жағдайдың  өзінде 

қалыпты газ алмасу деңгейін қамтамасыз етеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   489   490   491   492   493   494   495   496   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет