Жануарлар этологиясы оқу құралы Қостанай, 2016 Әож 591. 500(075) кбж 28. 6я7


Ашық кеңістікте маймылдардың топтасуы



бет51/122
Дата06.01.2022
өлшемі365,26 Kb.
#15031
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   122
Ашық кеңістікте маймылдардың топтасуы. Зоологтар туысқандығы бойынша жақын емес, алайда Шығыс Африка саваннасындағы біздің атабабаларымыз өмір сүрген жағдайға ұқсас жағдайда өмір сүретін түрлерге назар аудара бастады. Саваннада жер үсті маймылдары үшін күрделі ұйымсыз тірі қалу мүмкін емес. Олардың әрбіреуі жеке-дара барыстан, арыстаннан және гиена иттерінен қорғалмаған, оның үстіне оларға қарағанда баяу жүгіреді. Жер үсті итбасты маймылдар – павиандар, бабуиндар, гамадрилдар – саваннаны мекендейді. Адам ата-бабаларына ұқсас жағдайда олар ұқсас заттар мен мінезқұлықты туындатқан.

Дәрежесі бірдей анубистердің одақтары. Итбасты маймылдар күрделі ұйымдасқан үлкен тобырды құра алады. Олар үшін дәреже үшін күрес, сонымен қатар аналықтарға ие болу талпынысы аталық өмірінің мәні десе де болады. Ол күрес қатал, төбелеспен бірге жүреді, ал жеңіліс тұрақты төмендету, қорқыныш, доминанттарға ең жақсыларын беру қажеттілігін білдіреді. Төменгі дәрежелі павиандар дағдарыста болады, жиі түрде ауырады және аз өмір сүреді. Бір-бірін қинау үшін қолданатын барлық айлакерліктерді сипаттайтын кейбір еңбектерді оқу кезінде тіпті құсқың келіп кетеді.

Африка саваннасын мекендейтін анубис павиандары келесі «жаңашылдықты» ашқан: агрессиялы және мықты қарсыластың дәрежесін төмендету үшін өзің тәрізді әлсіз одақтас табу керексің. Егер бірнеше аталықтан одақ құра алсаң, онда одан да жоғары тұрған дараға қол жеткізуге болады. Одақ құру үшін бір аталық екіншісіне қызмет етіп,онымен жанжалдаспауға тырысады. Төмен дәрежелі жас аталықтарда ол одақ мықты емес, себебі олар бір-бірін сатып жібере береді, ол әсіресе жоғары дәрежелі аталықпе күрес кезінде көрінеді. Алайда бірдей жасты аталықтардың қандай да бір бөлігі тұрақты одақ құрып, олар жоғары дәрежелі аталықты құлата алады. Әдетте павиандар табыны жас ерекшеліктері бойынша иерархиялық пирамиданы құрады. Алайда одақтар оны «төмендегі төңкеріс» көмегімен құлата алады. Жас ерекшелігі бойынша пирамида құру адамға тән. Дәстүрлі қоғамдарда жастық иерархия қатал сақталады. Алайда доминантты құлату мақсатымен одақ құру – көне заманнан бері қазіргі уақытқа дейін белгілі нәрсе. Адамдарда ол одақтар да тұрақсыз, салыстырмалы түрде жылдам құлайды. Кешегі одақтасыңның сатқындығы – саясаткерлердің мінезқұлықнормасына айналған. Әйтпесе мың жылдық рим мәтелі «Бөл де биле» сақталынып қалмас еді. Әрине, басқыншыларды құлату мен олардың орнына ие болу мақсатында бірігу идеясына интеллектуалдық тұжырымдау көмегімен жетуге болады немесе инстинкті пайдалана отырып, компьютерлік үлгімен орындауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет