Сурет-12. Жауырын. А – ірі қара мал, Б – жылқы (латеральды бетінен) және В – медиальды бетінен, Г – шошқа. 1 – жауырын үсті шеміршек, 2 – мойын бұрышы, 3 – білік алды шұңқыры, 4 – жауырынның білігі, 5 – жауырынның мойыны, 6 – акромион (акромион өсіндісі), 7 – жауырынның төмпешігі, 8 – арқа бұрышы, 9 – білік арты шұңқыры, 10 – буынды ойыс, 11 – жауырын білігінің төмпешігі, 12 – тісті бұдыр, 13 – жауырын асты шұңқыр, 14 – коракоидты өсінді.
IV Бақылау сұрақтары. 1 Қандай сүйектерден алдыңғы аяқ қаңқасы құрылған. Оны латын терминологиясын қолдану көмегімен атап беріңіз.
2 Иық белдеуіне қаңдай сүйектер кіреді.
3 Қаңдай әдіспен оң не сол жауырын деп айыруға болады.
4 Жауырынның құрылу элементтерін атаңыз.
5 Басқа үй жануарлардың жауырын немен ерекшеленеді.
6 Медиальды бетінде орналасқан жауырынның шұңқырларын атаңыз.
Тоқпан жілік- os brachi - s.os humeri. Іші қуыс ұзын жіліктердің қатарына жатады. Проксимальды ұшында тоқпан жіліктің басы - caput brachii және мойыны - collum brachii орналасқан. Тоқпан жіліктің басынан латеральды және медиальды жақта бұлшық ет төмпешіктері, яғни латеральды (үлкен) немесе медиальды (кішкентай) - tuberculum majus, tuberculum minus орналасқан. Үлкен төмпешіктен үлкен төмпешіктің жотасы - crista tuberculi majoris түседі, онда дельташа бұдыр - tuberositas deltoideas болады. Ал оған қарама-қарсы үлкен жұмыр бұдыр - tuberositas teres жақсы көрінеді.
Тоқпан жіліктің дистальды ұшы көлденең қисық блок - trochlea түзеді. Блокта емізік - sulcus. пен жота - crista орналасқан. Білікшенің (блоктың) алдыңда топай шұңқыр - fossa cornoideus, ал басқа жағында шынтақ шұңқыры - fossa alecrani болады. Екі шетінде латеральды айдаршықүстін бүккіш - epicondylus extensorius және медиальды айдаршықүстін жазғыш - eрicondylus flexorius орналасқан.
Сурет-13. Тоқпан жілік (сол жағы). А – ірі қара мал, Б – жылқы, В – шошқа, Г – ит. 1 – кіші төмпешік, 2 – төмпешік аралық сай, 3 – үлкен төмпешік, 4 – қырарты бұлшықет бекитін алаң; 5 – дельташа бұдыр, 6 – жота, 7 - жазғыш айдаршықүстінің жотасы, 8 – медиальды айдаршықүсті, 9 – блок, 10 – үлкен төмпешіктің жотасы, 11 – синовиальды шұңқыр, 12 – буынды тесігі, 13 – дөңгеленген бұдыр, 14 – тоқпан жіліктің басы, 15 – шынтақ сызығы, 16 – латеральды айдаршықүсті, 17 – ортаңғы блокты төмпешік.