Жаппай ақпараттандыру ғасырында оқу орындарын ғаламторда сымсыз байланыспен қамтудың қажеттілігі қаншалықты


Оқу орнында Wi - Fi - ды қалай пайдаланатынын зерттеу



бет4/6
Дата02.03.2023
өлшемі0,84 Mb.
#71298
1   2   3   4   5   6
2. 3 Оқу орнында Wi - Fi - ды қалай пайдаланатынын зерттеу

1 зерттеу кезеңі 1 жарты жылдық бойы білім алушыларды байқауды жүзеге асырдым. Осы уақыт аралығында мен мынандай шешімге келдім. Оқу орны аймағындағы Wi - Fi - ды пайдаланатын көптеген білім алушылар, білім беру ресурстарына кірмей, керісінше, әлеуметтік желілерде сөйлесу немесе онлайн - ойындарында ойнап өзге сайттарды шарлайды.


Зерттеу кезеңінде осы мәселені толық суреттеу үшін, білім алушылар арасында сауалнама жүргізілді.
Білім алушыларға төмендегідей сұрақтарға жауап беру жүктелді:
2. Оқу орнындағы Wi - Fi – ды қолданасыздар ма?
а) иә; б) жоқ;
2. Оқу орнындағы Wi - Fi – ды не үшін қолданасыз?
а) ақпарат жүктейсіз; б) on - line ойындарын ойнайсыз;
в) әлеуметтік желіде сөйлесесіз; г) басқа да;
3. Үйіңізде қандай ғаламтор?
а) Wi - Fi; б) желілік; в) ұялы байланыстар модемі (3 - G, 4 - G)
4. Ғаламторға қандай желі арқылы қосылуды Сіз құптайсыз?
а) Wi - Fi; б) желілік; в) ұялы байланыстар модемі (3 - G, 4 - G)
5. Сіз қалай ойлайсыз, Wi - Fi адамға қауіпсіз ба?
а) иә; б) жоқ;
Зерттеу кезеңінде сауалнама нәтижесін теориялық сараптауда көптеген білім алушылар оқу орны Wi - Fi - ын білім алу мақсатында қолданбайтыны анықталды. Содан кейін, математикалық және статистистикалық әдістерді қолдана отырып, мен сауалнама сұрақтарына білім алушылардың жауаптарын сараптадым. (Қосымша № 1)
Берілген жоба теориялық зерттеуге қатысты және тәжірибелік мағынасы жағынан бұл оқу орнындағы Wi - Fi - ды пайдаланудың нақты деректерін көрсетеді. Бұл жобаны дайындау кезінде ғаламтор - ресурстары пайдаланылды. иә 71%, жоқ 29%
Он - лайн ойындарға уақыт жұмсауға - 19%, өздерінің пайдаланылатын мақсаттарына байланысты ақпаратты жүктеу - 37%, әлеуметтік желілерді қолдану үшін - 44%
(Қосымша № 2)
Сауалнама жүргізу барысында үй жағдайында ғаламторға сымдық қосылу - 80% Ұялы операторлар мен модемдерді пайдалану - 96% ал Wi - Fi тек - 46% пайдаланатындығы анықталған. (Қосымша № 3)
Тұспалдау сұрақтарына жауап беру барысында ғаламторға қосылудан - 44% білім алушы өздеріне желілік ғаламтор ұнайтындығын, 31% - ы Wi - Fi көмегімен, 25% ұялы байланыс операторлары (3 - G, 4 - G модемдерін таңдады ) қосылуы анықталды. (Қосымша саны № 4)
Қуантатын жәйт барлық оқушылар Wi - Fi ды мүлдем қауіпсіз деп есептемейді екен, негізінен олар өздерінің денсаулығына зиянды екенін біліп отыр. жоқ 81%, иә 19% (Қосымша № 5)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет