Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология


  Дәнекер ҧлпалар және олардың ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет113/157
Дата25.11.2023
өлшемі6 Mb.
#125829
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   157
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ

2.4 
Дәнекер ҧлпалар және олардың ерекшеліктері 
 
Сабақтың мақсаты: 
Борпылдақ және тығыз дәнекер ұлпалар мен 
ретикулярлы, шеміршек, сүйек ұлпаларының ерекшелігін, морфологиясын 
және маңызын 
 
студенттерге түсіндіру.
 
Сабақтың сҧрақтары: 
 
1. Дәнекер ұлпа туралы түсінік.
 
2. Дәнекер ұлпалардың жіктелуі
 
3.
 
Борпылдақ дәнекер ұлпа.
 
4. Борпылдақ дәнекер ұлпаның жасуша аралық заттары.
 
5. Ретикулалық ұлпа.
 
6. Тығыз дәнекер ұлпа.
 
7. Кілегейлі ұлпа.
 
8. Шеміршек ұлпасы.
 
9. Сүйек ұлпасы.
 
Сабақ беру және оқыту әдісі: 
тақырып бойынша берілген сұрақтарға 
ауызша жауап алу, кіші топпен жұмыс істеу, тестік бақылау жүргізу және 
тӛменде берілген тапсырмаларды орындау.
 
Дәнекер ұлпа мезенхимадан дамыған, оның құрамында кӛптеген жасуша 
аралық заттар (талшықты құрылымдар, аморфты заттар) мен жасушалар 
дифферондарының қатары бар. Ішкі ортаның тұрақтылығын сақтайтын 
күрделі ұлпалар. Адам денесі массасының 50% астамы дәнекер ұлпадан 
тұрады. Дәнекер ұлпа мүшелердің стромасын, ұлпалар арасындағы қабыршақ 
– перделерін, тері дермасы мен қаңқаны түзеді. 
Дәнекер ҧлпаның қызметі: 
1

Трофикалық
 
– жасуша аралық зат айналасында орналасқан 
құрылымдарды
 
қоректік заттармен қамтамасыз етеді (эпителийді), зат алмасу 
мен ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтайды. Дәнекер ұлпаның 
аралық заты арқылы су, тұздар, қоректік заттар тасымалданады. Сондықтан 
жасуша аралық зат 
интегративті – буферлі орта
болып табылады. 
2. Қорғаныс - ағзаны механикалық әсерлерден қорғайды (сүйек пен 
шеміршек ұлпаларын), мүшелерге сыртқы ортадан бӛтен заттардың енуінен 
сақтайды (фагоцитоз), жасушалық және гуморальдық иммунитетке қатысады. 
3. Тіректік – дәнекер ұлпаның коллаген және эластинді талшықтары 
кӛптеген мүшелердің негізін түзеп, пішінін құрайды. 
4. Пластикалық – тіршілік ету жағдайларына байланысты сол ортаға 
бейімделу процесіне қатысып, мүшелер дефектісін жойып, регенерациялық 
қызмет атқарады. 


131 
5. Морфологиялық - ұлпалар комплексін қалыптастыру, оның ішінде 
кӛптеген мүшелердің (бездердің) капсуласын, мүшенің ішіндегі стромасы 
болып саналатын перделерін түзіп, мүшелерге белгілі бір пішін береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет