5
Бұл ғылымдардың жетістіктері мен әдістері цитологиялық зерттеулерде
кең кӛлемде қолданылады.Сондай-ақ цитологияның жетістіктері кӛптеген
ғылымның негізін салуда маңызды рӛл атқарады. Осы ашылған жаңалық
органикалық дүние бірлігінің ӛте нанымды дәлелінің бірі болды.
Осындай дәлелді ӛсімдіктер мен жануарлардың жасуша құрылымының
ұқсастықтарынан да кӛруге болады.
Морфология ілімінен ӛрбіген цитология, анатомия, гистология,
физиология, эмбриология, генетика, биохимия т. б. ілімдерімен тығыз
байланыса келіп, клетка физиологиясы, цитохимия, цитогенетика,
цитоэкология, салыстырмалы цитология сияқты ӛзінің тӛл тармақтарын
туындатты.
Цитология да биохимия, биофизика, генетика және молекулалық
биология салаларындай ғылыми әдістемелік тәсілдерге жүгінеді. Осы
тәсілдер арқылы ол соңғы жылдары клетканы жан-жақты зерттеуде
нәтижелі жетістіктерге жетті.
Гистология - ұлпаларды зерттейтін ғылым. Соңғы жылдары
мағанасы кеңейіп, гистология - жануарлар ұлпаларының құрылысын,
қызметін, ағзаның әртүрлі ұйымдасу деңгейіндегі даму заңдылықтарын
микроскоппен зерттейтін ғылым.
Достарыңызбен бөлісу: