«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір



Pdf көрінісі
бет106/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   160
Әдебиеттер
 
1.Закон Республики Казахстан от 07.07.2006 N 170-3 «Об охране здоровья граждан». 
2.  Безопасность  жизнедеятельности  (медико-биологические  основы)  /  Феоктистова 
О.Г., 
Феоктистова 
Т.Г, 
Экзерцева 
Е.В. 
– 
М.:Феникс, 
2006. 


151 
 
3.  Безопасность  жизнедеятельности.  Учебник  для  студентов  средних  проф.  учеб. 
Заведений // Под ред. С.В. Белова – М.: Высш. шк., 2000. 
4. Влияние микроклимата на организм человека http://davers.ru/microclimat
.
 
 
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ «САСТОБЕ ТЕХНОЛОДЖИС» 
ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ 
Дабылова Ж.Ж., Исанбекова А.Т. 
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 
 
Зерттелу  жұмысында  Састобе  Технолоджис  цемент  зауытынан  шыққан  зиянды 
заттар лақтырысының қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау қарастырылған. 
Түйін сөздер – қоршаған орта, әсер, қоршаған ортаға әсерді бағалау. 
Қоршаған  орта  –  адамзат  қоғамы  өмір  сүретін  табиғи  және  антропогендік  орта; 
адамдар  мен  олардың  шаруашылығына  бірлесе  және  тікелей  әсер  ететін  биоталық, 
абиоталық  және  антропогендік  орталардың  жиынтығы;  адамдар,  жануарлар  немесе 
объектілер тіршілік ететін немесе әрекет ететін орта немесе контекст. 
Әсер  —    қоршаған  орта,  адам,  жануар,  өсімдік  әлеміне,  топырақ,  кен,  ауа,  климат, 
ландшафт,  тарихи  ескерткіштерге  және  басқа  материалды  обьектілерге    сырттағы 
құбылыстан, іс-әрекеттен болатын әртүрлі ықпал. 
Қоршаған  ортаға  әсерді  бағалау  (бұдан  әрі  -  ҚОӘБ)  қабылданатын  басқарушылық 
және  шаруашылық  шешімдер  түрлерінің  экологиялық  және  басқа  да  зардаптарын 
анықтау,  қоршаған  ортаны  сауықтыру,  табиғи  экологиялық  жүйелер  мен  табиғи 
қорлардың  жойылуын,  азуын,  сарқылуын  болдырмау  жөнінде  нұсқауларды  әзірлеу 
мақсатын ҚОӘБ-да жүргізіледі. 
Атмосфера жердегі өмірдің пайда болуы мен тіршілігі үшін қажет жағдайлардың бірі 
болып  табылады.  Атмосфера  сапасы  деп,  оның  адамдарға,  өсімдік  пен  жануар  әлеміне, 
сонымен  қатар  материал,  құрылыс  пен  қоршаған  ортаға  физикалық,  химиялық  және 
биологиялық  факторлардың  әсерін  анықтайтын  қасиеттерінің  жиынтығын  айтады.  
Атмосфера сапасы оның ластануына байланысты, және де ол ластағыштар антропогендік 
және  табиғи  көздерден  түсуі  мүмкін.  Өркениеттің  дамуына  байланысты  атмосфераның 
ластануына антропогендік көздер қатты әсер етуде. 
Оңтүстік Қазақстан облысының атмосфералық ауасын ең ірі ластаушылар Шымкент 
қаласында  шоғырланған,  негізінен  олар  ластаушы  заттардың  жалпы  шығарындыларын 
құрайды және өңірдің ауа бассейні ахуалына әсер етеді.  
ОҚО атмосфералық ауаны ластаушы кәсіпопорындардың бірі Састобе Технолоджис 
цемент зауыты болып табылады. 
Састобе  цемент  зауыты  1952  жылы  эксплуатацияға  еніп,  Қазақстанда  цемент 
өндірісі  бойынша  бірінші  зауыт  болды.  Сұр  портланд  цементі  өндірілді,  зауыттың 
қуаттылығы жылына 80 мың тонна болып табылды.  
Састөбе  цемент  зауыты  Қазақстан  цемент  өнеркәсібінде  бірінші  бола  тұрып, 
Қазақстан Республикасында ақ және түсті цементті өндіруден бірінші әрі жалғыз болды. 
Кәсіпорынның цемент өндіруден қуаттылығы – жылына 460 мың тонна, ал құрылыс 
әктасын өндіруден – жылына 156 мың тоннаны құрайды.  
Қоспа  ретінде  гипс,  фосфор  және  металлургия  өндірісінің  сол  кәсіпорындардан  екі 
жақты келісімшарт бойынша әкелінетін қалдықтарын қолданады.  
Су  ресурстары.  Цемент  өндірісінде  су  компрессорларды,  айналу  пешінің 
мойынтірегін,  диірменді  суытуға,  шлам  дайындауға,  клинкерді  сулау  мен  төңірек  пен 
жолдарды суаруға кетеді. Сумен жабдықтау көзі Састөбе ауылында орналасқан Жыланды-
бұлақ бұлағы болып табылады. 
Нормативті-дәлелділік  есептемесіне  сәйкес,  зауыттың  су  ресурсына  жалпы 
мұқтаждылығы – 631554 м
3
/жыл тең, бұл көлем ішіндегі айнымалы су – 5516593,9 м
3
/жыл 


152 
 
немесе  87,3  %.  Өндірістік  процесте  су  клинкерді  сулауда,  шлам  дайындауда,  шламды 
насостарды  жууда  қайтымсыз  қолданылады.  Айнымалы  су  компрессорларды,  айналу 
жабдықтарының мойынтірегін суытуда қолданады. Тұрмыстық қажеттіліктер үшін - 19069 
м
3
/жыл қолданады. Сондықтан зауыттан өзенге зиянды заттар түспейді. 
Өндіріс  пен  тұтыну  қалдықтары.  Электофильтр,  қол  фильтрі  мен  циклондардан 
ұсталған  шаң  шикізат  шлам  құрамына  жіберіледі.  Әктас  қалдығы  –  әк  өндірісінде 
сұрыпталмаған шикізат, шикізат қалдықтары, күймейтін кірпіш қалдықтары, ұсталған шаң 
мен  сұрыпталмаған  өнім  –  100  %  цемент  өндірісінде  шикізат  ретінде  шикізат  цехіне 
жіберіледі. Бірлескен цемент пен әктас өндірісі  – әктас өндірісі қалдықтарын толығымен 
кәдеге жаратуды (утилизация) қамтамасыз етеді. 
Қалдықтар  жабдықтарды  күту,  ғимарат  пен  ғимараттарда  жөндеу  жұмыстарын 
өткізген кезде пайда болады. 
ТОО  «Састобе  Технолоджис»  цемент  зауытынан  шыққан  өндіріс  пен  тұтыну 
қалдықтарының классификациясы мен басқару жүйесі 1 кестеде көрсетілген. 
 
Кесте 1. Қалдықтарды басқару жүйесі мен классификациясы. 
 
Қалдық атауы 
Басқару жүйесі 
Қауіптілік 
дәрежесі 
тонна 
Пайдаланған нұршам 
Келісім  шартқа  сай 
шығарылу 
Сары 
0,191 
Аккумуляторлы қышқылды 
батареялар 
Келісім  шартқа  сай 
шығарылу 
Сары 
0,262 
Пайдаланған май 
  Регенерация,  Келісім 
шартқа 
сай 
шығарылу 
Сары 
22,11 
Майланған сүрткіш шүберек 
Келісім  шартқа  сай 
шығарылу 
Сары 
1,040 
Пайдаланылған майлы фильтрлер 
Келісім  шартқа  сай 
шығарылу 
Сары 
0,239 
Медицина қалдықтары 
Келісім  шартқа  сай 
шығарылу 
Сары 
0,060 
Тұрмыстық ағынды сулар тұнбасы  Келісім  шартқа  сай 
шығарылу 
Жасыл 
15,17 
Қатты тұрмыстық қалдықтар 
Келісім  шартқа  сай 
шығарылу 
Жасыл 
292,79 
Түсті металдар сынығы 
Келісім  шартқа  сай 
шығарылу 
Жасыл 
12,99 
Қара металдар сынығы 
Келісім  шартқа  сай 
шығарылу 
Жасыл 
33,35 
Пайдаланылған метал 
конструкциясы 
Келісім  шартқа  сай 
шығарылу 
Жасыл 
55,00 
Тозған шиналар 
Келісім  шартқа  сай 
шығарылу 
Жасыл 
3,28 
Шикізат қалдықтары 
Өндірісте қолдану 
Жасыл 
100,0 
Күймейтін кірпіш қалдықтары 
Өндірісте қолдану 
Жасыл 
80,0 
Құрылыс  пен  жөндеу  жұмыстары 
қалдықтары 
Келісім  шартқа  сай 
шығарылу 
Жасыл 
20,0 
Ағаш өңдеу қалдықтары 
Келісім  шартқа  сай 
шығарылу 
Жасыл 
2,56 
Әктас өндірісі қалдықтары 
Өндірісте қолдану 
Жасыл 
300 


153 
 
(ұсталған шаң) 
 
1-кестеде  көрсетілгендей,  ТОО  «Састобе  технолоджис»  цемент  зауытынан  сары 
және жасыл тізіміндегі қауіпті қалдықтар шығады. 
Сары  тізімге  қауіптілігі  аз  қалдықтар  кіреді,  мысалы,  фенол,  жарамдылық  уақыты 
біткен қорғасын аккумуляторлы батареялар және тағы басқалар жатады. 
Жасыл  тізімдегі  қалдықтар  қауіпсіз  қалдық  түріне  жатады,  мысалы,  қорғасын, 
кадмий, пластмасса қалдығы, ескірген шиналар және тағы басқалар жатады.  
Кестеде  байқағанымыздай,  өнеркәсіпте  қызыл  тізімге  жататын  қалдық  түрі 
шығарылмайды. 
Өнеркәсіпте  өндірістік  пен  тұтыну  қалдықтары  өнеркәсіп  аумағында  уақытша 
сақталады, толған кезінде келісім шарт бойынша арнайы өнеркәсіптерге қайта өңдеу мен 
көмуге шығарылады. 
Физикалық әсері. Есептеу барысында, қосымша жылулық, шуылдық және тағы басқа 
әсер  байқалмайды.  Өңірде  радиациялық  жағдай  өзгермеген,  табиғи  және  техногенді 
радиациялық ластану көздері қолданбайды. 
Атмосфераға  әсері.  2012  жылы  Оңтүстік  Қазақстан  облысы    бойынша 
атмосфералық  ауаны  ластаушы  заттар  лақтырыстары  –  47,21  мың  тоннаға  тең  болған. 
2011 жылғы көрсеткіштерге қарағанда зиянды заттар лақтырысы  2012 жылы 145 тоннаға 
артқан.  Зиянды  заттар  лақтырысының  көбею  цемент  өнімінің  ұлғаюымен  байланысты, 
мысалы    ТОО  «Састобе  Технолоджис»  цемент  зауытында  өндірілген  цементтің  массасы 
2011 жылы – 354,82 мың тонна болса, 2012 жылы - 433,15 мың тоннаға дейін артқан. 
ТОО «Састөбе Технолоджис» атмосфераны ластаушы негізгі көздері: 

«Күйдіру» цехі;  

«Тарту» цехі; 

«Көлік» цехі; 

№ 1 Ұнтақтау-іріктеу фабрикасы; 

«Ізбесті» цехі. 
ТОО  «Састобе  цемент»  зауытынан  атмосфераға  лақтырылатын  ластаушы  заттар 
тізбесі 2 кестеде көрсетілген. 
 
Кесте 2. Атмосфераға лақтырылатын ластаушы заттар тізбесі.  
 
Код 
Заттек атауы 
Қауіптілік 
классы 
Заттек лақтырысы, т/жыл 
123 
Темір оксиді 

0,1246300 
128 
Кальций оксиді 

312,8960000 
143 
Марганец ж/е оның 
қоспалары 

0,0061560 
301 
Азот (IV) оксиді 

282,9038880 
304 
Азот (II) оксиді 

45,9679850 
330 
Күкірт диоксиді 

298,0508049 
333 
Күкіртті сутек 

0,0000302 
337 
Көміртек оксиді 

0,01007400 
342 
Газтектес фторлы сутек 

0,0010800 
2868 
Эмульсол 

0,0000055 
2902 
Өлшенген заттектер 

0,1141748 
2908 
Бейорг.шаң 70-20% Si
2


3970,0344000 
2909 
Бейорг.шаң20% Si
2

дейін 

3970,0344000 


154 
 
2914 
Пыль неорг.гипсового вяж 

18,1760000 
2920 
Жүн, тері шаңдары 

0,0067800 
2930 
Ақ корунд 

0,0273730 
2936 
Ағаш шаңдары 

0,2728440 
Барлығы: 18 
6087,4479634 
Қатты: 10 
4582,7241278 
Сұйық/газ тәріздес: 8 
1504,7238356 
 
2-кестеде көрсетілгендей, цемент зауытынан лақтырыстардың 18 түрі лақтырылады. 
Зауытта  атмосфераға  шекті  рұқсат  етілген  лақтырыстарды  төмендету    үшін  фильтрлі 
қондырғы  орнатылған.  Алайда  фильтр  лақтырысты  жоюды  толық  қамтамасыз  ете 
алмайды. 
Цемент  өндірісінде  қоршаған  ортаға  негізгі  зиянды  әсері  келесі  факторларға 
байланысты: 
•  Шаң (құбырлардан шығатын лақтырыстар мен тез буланатын компоненттер); 
•  Атмосфераға  түсетін  газтектес  лақтырыстар  (CO2,  SO2,  NOx,  VOC,  диоксиндер, 
фуран, ұшқыш органикалық қосылыстар, ауыр металдар және т.б.); 
• Ластаудың басқа түрлері (шу, иіс, техникалық су,өндіріс қалдықтары және т.б.); 
• Ресурстарды тұтыну (энергия, шикізат). 
Цемент шаңы тері мен шырышты қабатты тітіркендіреді, ашық тері беті немесе адам 
организміне түскен жағдайда адам денсаулығына әр түрлі әсер етеді. 
Цемент  шаңы  құрамындағы  аллергендерге  байланысты  теріде  қышыну,  күю  және 
тері  тітіркенуі  байқалады.  Цемент  шаңы  әсеріне,    лақтырысты  жұту  арқылы  ұшыраған 
зертхана  жануарлары,  цементтің  химиялық  компоненттері  жануар  жүнінде  жиналатыны 
эксперимент жүзінде дәлелденген. 
Цементтің  сілтілі  негізі  мен  химиялық  табиғаты  бойынша  концерогенді  болып 
табылатын,  хроматтың  жоғары  тітіркендіргіштігі  тыныс  алу  мүшелері  мен  шырышты 
қабаттардың  қатты  ауруға  шалдығуына  әкелуі  мүмкін.  Цемент  шаңы  бронхтарға  түсіп, 
өкпе  тканьдерін  өзгертіп,  нәтижесінде  өкпе  қабығының  жуандауы  сияқты,  өкпенің 
қайтымсыз функционалды өзгеруіне әкеліп соғады. 
Өсімдік  әлеміне  әсері.  Зерттеу  нәтижесінде  өнеркәсіп  әсеріне  ұшырағыш  4 
категориялы  –  құрғақ  (усыхающие)  қарапайым  өрік  сияқты  ағаш  түрлері  белгілі  болды. 
Ағаштың бұл түрі өнеркәсіп ластауына тұрақсыз болып табылады. 
Жануар  әлеміне  әсері.  Жануарлар  үшін  қолайсыз,  жағымсыз  антропогендік 
процестерге  жануар  жайлауының  азаюы,  биотоп  түрлерінің  өзгеруі,  тынышсыздық, 
мазасыздық  факторының  ұлғаюы.  Сонымен  қатар  автокөліктердің  интенсивті  қозғалысы 
жануар өмірінің табиғи циклын бұзады. 
Ауаның шаң-газды ластануы жануарларға зиян келтіреді, себебі  токсинді  заттектер 
оларға тыныс алу жолымен немесе ластанған азық арқылы әсер етеді.  
Химиялық  ластану  кезінде  өзендердің  балықтылығы  өзгереді,  популяция  азаюы 
байқалады. 
Жоғарыда көрсетілген лақтырыстардың мөлшерін азайту мақсатында ТОО «Састобе 
Технолоджис» цемент зауытында зертхана-аналитикалық зертхана бөлімін ашу қажет, бұл 
жағдайда,  күнделікті  аналитикалық  бақылау  жұмыстарын  жасай  отырып,  зиянды  заттар 
лақтырысының  көлемін  азайтуға  мүмкіндік  туады.  Сонымен  қатар,  4  категориялы  ағаш 
түрлерін  шаң-газды  лақтырыстарға  төзімді,  шаң  жұтуы  үлкен  көрсеткішті  ағаштармен 
алмастыру керек. Мысалы, үйеңкі, канадалы терек, қарапайым шаған, пирамидалы терек.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет