«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір



Pdf көрінісі
бет125/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   160
Жер  сілкінісің  магнитудасы  –  жер  сілкінісі  кезінде  босатылатын  энергияны 
бағалаудың  шартты  көлемі.  Бергілі  күшті  жер  сілкісінің  магнитудасы  9,0  құрайды. 
Белсенділік  магнитудасына  байланысты  шартты  түрде  жер  сілкінісін  4  типке  бөлуге 
болады:  әлсіз,  магнитуда  5  аз;  орташа,  магнитуда  5-6;  күті,  магнитуда  6-7;  өте  күшті 
(қирауға алып келетін), магнитуда 7 және одан жоғары. 
Жер  сілкінісінің  белсенділігі  –  жер  сілкінісінен  болатын  қирау  (шығын)  дәрежесі 
арнайы жерде. Белсенділік 12 балдық шкаламен өлшенеді. Осы шкала бойынша шамамен 
инфрақұрылымның  қаншалықты  зақымданғанын,  елді  мекендердегі  пунктердің  қирауын 
және жер сілкінісінің салдарын бағалауға болады. Мысалы: 
6 балл – ғимараттың әлсіз зақымдануы, 7 – ғимаратта сызаттар мен бұзылулар пайда 
болып,  құбылдардың  құлауы,  8-  ғимараттың  күшті  бұзылуы;  9-қабырғалар  мен 
жабындылардың опырылуы, ғимараттың жиі қирауы; 10 – ғимараттың толығымен құрауы; 
11  –  апат.  Топырақ  деформациясы  мен  тау  опырылмалары;  12  –  резьфтердің  өзгеруі. 
Сарқырама мен көл пайда болады.  
Жер  сілкінісі  ғимараттар  мен  ғимараттардың  қирауына,  адам  өліміне  алып  келеді 
және олардың салдарын болдырмау айтарлықтай материалды және қаржыны талап етеді,  
бұл  жылдарға  созылуы  мүмкін.  Жер  сілкінісі  нәтижесінде  табиғи  және  техногенді 
сипаттағы  екіншілік  қауіпті  факторлар  пайда  болады:  өрттер,  қатты  әсер  ететін  улағыш 
заттардың төгілуі, жарылыстар, қауіпті өндірістегі авариялар және т.б.  
Сонымен  бірге,  қалаға  жақын  Жер  қойнауларындағы  сейсмикалық  белсенділік  өте 
үлкен  болып  қалады.  Бұл  Алматы  қаласының  айналасындағы  тектоникалық  процестің 
жалғасуын  көрсетеді,  біздің  Іле-Алатау  мен  Күнгей  Алатау  тауларымыз  қуат  беретін 
энергияны сақтауда.  
Сейсмикалық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуде  қызметтің  маңызды  бағыттары 
сейсмикалық  жағдай  мониторингісін  және  жер  сілкінісін  болжауды  ұйымдастыру  болып 
табылады. 
Жер  сілкінісін  болжау  мен  сейсмикалық  бақылаудың  республикалық  жүйесі 
сейсмологиялық  станция  жүйесі  мен  орталығын  және  ғылыми-зерттеу  ұйымдарын 
(институттарын) өзіне енгізеді. 
Болжау  жердің  сипаттамалық  құрамының  өзгеруі  бойынша,  сонымен  қатар  жер 
сілкінісі алдында тірі ағзалардың ерекше жүріс-тұрыс, мінез-құлқына байланысты жүзеге 
асады  (оларды  алдын  ала  білдірушілер  деп  атайды).  Жер  сілкінісін  алдын  ала 
білдірушілер:  әлсіз  дүмпулер  жиілігінің  тез  жоғарылауы;  ғарыштан  серікті  бақылаумен 
анықталатын жер қабығының деформациясы; судағы радонның құрамы және т.б. 


183 
 
Сейсмологияда  келесідей  бағыт  бойынша  жіктеуге  болатын,  жүзден  аса  алдын  ала 
білдірушілерді  бөледі:  сейсмикалық;  деформациялық;  электромагниттік;  геохимиялық; 
гидрометеорологиялық; биологиялық; ғарыштық және т.б. 
Жоғарыда  аталған,  жер  сілкінісін  алдын  ала  білдірушілердің  санының  көптігіне 
қарамастан, өкінішке орай жер сілкінісін анық болжау әдісі әлі өңделмеді.  
Сондай-ақ, Қытай, Ресей, АҚШ және Греция сейсмологтары жоғары анықтылықпен 
жер сілкінісін болжаудың бірнеше жағдайларын атап өткен. 
Жер  сілкінісін  анық  болжау  қытай  сейсмологтарына  тән.  Сейсмикалық  жағдайдың 
мониторингі  келесідей  ақпарат  түрлерін  беретін  сейсмологиялық  станция  желісінде 
шығарылады:  сейсмикалық,  геофизикалық,  гидрогеологиялық,  сейсмобиологиялық,  жер 
бетінің қозғалысы туралы ақпарат. 
Алматы  қаласында  қирауға  алып  келетін  жер  сілкінісінің  пайда  болуы  кезінде, 
зардап  шеккендерге  алғашқы  көмек  көрсету  пункті  жасақталады,  құтқару  жұмыстары 
қалалық құтқару күштерінің құрамасымен, азаматтық қорғаныс полкілерімен жүргізіледі. 
Құтқару  жұмыстарының  негізгі  көлемін,  Алматы  қаласына  басқа  республика 
аудандарынан  келетін  құқару  күштерінің  құрамасымен  өткізу  жоспарлануда.  Сол  үшін 
Алматы  қаласына  үш  күн  ішінде  жүз  мың  адам  және  отыз  мың  бірлік  техникасы  бар 
құтқару құрамасының тобы қосылады /4/. 
Жер  сілкінісі  қаупі  кезіндегі,  жер  сілкінісінен  кейінгі  және    оның  пайда  болуы 
кезіндегі  азаматтардың  іс-әрекеті,  халық  арасында  БАҚ,  бүктемелер  мен  парақшалар 
арқылы жеткізіледі. 
Жер сілкінісі  - қауіпті табиғи құбылыс болып табылады. Сондықтан жер сілкінісіне 
әрбір адам баласының ұқыпты жеке дайындығы қажет.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет