«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір



Pdf көрінісі
бет143/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   160
Түйін  сөздер.  EXPO,    болашақ  энергия,    инфрақұрылымдық,    инвестициялық  форум, 
экономикалық форум, халықтық құрылыс, ЕҚЫҰ-ның саммиті. 
 
Бүгінгі таңда әлемде экологияға қатысты көптеген проблемалар туындап, күн сайын 
табиғи ресурстар азайып, қоршаған орта бүлінуде. Жаһанды жайлап келе жатқан дағдарыс 
тұрақты  дамуға  елеулі  қатер  төндірмей  қоймайды.  Сондықтан  жасыл  экономикаға  көшу 
бүгінгі  таңдағы  өте  өзекті  мәселе  болып  отыр.  «Жасыл  экономика»  келешек  ұрпақ  үшін 
қоршаған  ортаны  қорғайтын  тұрақты  экономика  мен  қоғамның  символы.  Ол  соңғы 
жиырма жылдықта қалыптасқан, табиғи ортаға тәуелді болып табылатын, соның аясында 
өмір сүретін және оның бөлігі болып табылатын экономика ғылымының бағыты [1].  
Әлеуметтік  әділдік,  даму  және  қоршаған  ортаны  қорғау  барынша  қауіпсіз  және 
барынша  сау  жұмыс  орындарын  және  лайықты  еңбекпен  қамтумен  байланысты  болу 
керек.  Бүкіл  әлемдік  қоршаған  ортаны  қорғау  күнінің  негізгі  мақсаты  жұмыс 
берушілердің,  жұмысшылардың,  қоғамның  назарын  өндірістік  жарақат  және  қолайсыз 
еңбек жағдайлары мәселелеріне, сондай-ақ осы мәселелерді шешуге мүмкіндік жасау.  
«Жасыл экономика» тұрақты даму тіректерінің бірі болып табылады. Қазақстанның 
тұрақты дамуын қамтамасыз ету  және  «жасыл экономика» принциптерін енгізуде жасыл 
экономикаға  көшу  мүмкіндігі  туралы  толық  зерттеулер  жасау  керек.  Германия  мен 
Оңтүстік Корея «жасыл экономиканы» дамытуда оң нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Оған 
қоса  ҚР  Президенті  Н.Назарбаев  «жасыл  экономикаға»  көшу  стратегиясын  әзірлеуге 
нақты  
тапсырма берді. Бұл жайғана құжат емес, ол экономиканың барлық секторына да қатысты. 
Оған  қоса  кейінгі  инвестициялық  жобалардың  қоршаған  ортаға  деген  ұқыпты 
көзқарастарының көрсеткіштерін қалыптастырады [2].  
БҰҰ  қуат  көздерін  үнемдеудің  тиімділігін  арттырып,  оны  насихаттау  мақсатында 
әлемнің  түкпір-түкпірінде  насихат  жұмыстарын  жүргізуде.  Алайда  тұрмыстағы  энергия 
тиімділігі  жобаларын  жүзеге  асыру  оңай  емес.  БҰҰ  сарапшыларының  айтуынша, 
триллиондаған  қаражат  жұмсауға  тура  келеді.  Нәтижесінде  үнемдеуді  оңды  жүргізіп, 


199 
 
ауаға  шығарылатын  көмірсутек  қалдықтарынан  арылып,  қоршаған  ортаны  таза  күйінде 
сақтай  аламыз.  Сонымен  «жасыл  экономика»  –  қуат  көздерін  үнемдеп,  тиімді 
пайдаланудан басталады[3].  
ЭКСПО  көрмесі  –  бұл  мәні  жағынан  бүкіләлемдік  экономикалық  форумдармен,  ал 
туристік  тартымдылығы  жағынан  әлемнің  ең  кең  танымал  спорт  жарыстарымен  теңдес 
жаһандық ауқымдағы оқиға. 
Астанада  EXPO  өткізуге  арналған  тақырып  кездейсоқ  таңдап  алынбаса  керек. 
Жерінде табиғи байлықтың мол қоры бола тұра Қазақстан баламалы энергетика мәселесін 
қозғауы тегін емес, әрине. Өйткені, шикізат көзіне айналып отырған еліміз оның түбінде 
бір  түгесілетінін  жақсы  түсінеді.  Сондықтан  да  тұрақты  энергияны,  баламалы 
энергетиканы  пайдалану  және  табиғи  ресурстарды  сақтау  барлық  энергетикалық  саланы 
дамытудың басым бағытының бірі болып табылады. «Болашақ энергиясы» – жел, күн, су, 
ғарыш  баламалы  энергетика,  биомасса  энергиясы,  атмосфераға  СО2  қалдықтарын 
төмендету мәселелерін терең қозғайтын өте ауқымды түсінік[4].  
 Экспо деген не? Бұл – бүкіләлемдік көрме. Бір жарым ғасырлық тарихы бар көрме. 
«Уикипедияның»  тілімен  айтсақ,  «индустрияландырудың  белгісі  және  техникалық  һәм 
технологиялық жетістіктерді көрсететін мүмкіндік». Ең алғаш 1851 жылы Ұлыбританияда 
өткен.  Содан  бері  қарай  бұл  көрме  алпыс  бес  рет  өткен.  «Уикипедияда»  жарияланған 
соңғы  мәліметке  сүйенсек:  «Экспо-2017  өткізу  үшін  тендерді  ұйымдастырушылар  көрме 
өткізетін елге бұл шараның 2,3 миллиард долларға түсетінін бағалаған». Көрмені өткізуге 
екі  қала таласқан. Олар:  біздің Астанамыз және Бельгияның Льеж қаласы. Халықаралық 
көрмелер  өткен  160  жылдан  астам  уақытта  олар  негізінен  экономикалық  алыптар 
саналатын  –  АҚШ,  Франция,  Германия,  Жапония,  Бразилия,  Канада,  Ұлыбритания, 
Испания, Қытай және басқа елдерде өтті. Енді олардың қатарына Қазақстан да еніп отыр. 
Біздің осынау жаңа табысымыз біздің бүкіл әлемде құрметті елге айналғанымызды тағы да 
көрсетіп беріп отыр.  
 «Болашақ энергиясы» тақырыбына халықаралық көрме өткізу біздің тіршілігіміздегі 
басты  мағынаға  ие  болатын  және  біздің  өміріміздің  қауіпсіздігі  мен  сапасын  арттыруда 
шешуші рөл атқаратын мәселе туралы ойлануға мәжбүр етеді. 
Бұл  мәселе  көліктерімізді  энергиямен  жабдықтауда,  үйлерімізді  жылытуда  және 
қалаларымызды  жарықтандыруда  пайдаланатын  азды-көпті  дәстүрлі  қуат  көздерінің 
үдемелі  ескіруі,  толығу  мүмкіншілігінің  жоқтығы  және  оларды  пайдаланудың  біздің 
планетамызға,  денсаулығымызға  және  қауіпсіздігімізге  күрделі  әсер  етуі  сенімсіздік  пен 
қамкөңілдік  тудыратын  кезеңде  әсіресе  өзекті  болып  табылады.  Сондықтан,  Астана 
ЭКСПО  2017  көрмесі  тәрізді  оқиға  үшін  Адамзаттың  ең  күрделі  мәселесін  шешу 
жолдары». Олар  әлеуметтік, экономикалық  және экологиялық  тұрақты дамуға әсер  етеді 
және ең күрделі мәселелерді шешу жолдарын анықтайды. Астана ЭКСПО 2017 көрмесінің 
түйінді  ұғымдары  –  «әлеуметтік-экономикалық»  және  «экологиялық  тұрақты»  – 
энергияны  тұрақты  даму  мән-мәтінінде  пайдалану  туралы  ойлану  нәтижесінде 
қалыптасады[4]. 
Қорыта  келгенде,  күннен  күнге  дамып  жатқан  заманауи  технологияларды  тиімді 
пайдалану  үкіметтік  деңгейде  қолға  алынса,  біздің  дәстүрлі  энергия  көздеріне 
тәуелділігімізді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік туар еді. Сонда біз қоршаған ортаны 
зиянды  қалдықтардан  қорғап  қана  қоймай,  көптеген  жұмыс  орнын  құрып,  сатып  алу 
қабілеттілігін  арттыра  аламыз.  Сондықтан  да  біздің  Тәуелсіз  жас  мемлекетіміз  үшін 
EXPO-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор. 
EXPO деген  өсіп  жатқан  ғана  мемлекетте  болады,  артта  қалған  мемлекетте  болуы 
мүмкін емес. Демек, біздің  қазақ жұрты өсіп жатыр, лайым игілік қалаймын. EXPO-дағы  
қазақ елімнің жаңа жетістіктері  бүтіндей дүниеге сәуле шашып тарап тұрсын! 
 
1. 
Назарбаев Н.А.  Экспо-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу туралы 
шешім қабылдануына байланысты Қазақстан халқына үндеуі. Астана. 6.12. 2012 


200 
 
2. 
Курилов Ю.М. Альтернативный источник энергии. Электрическое поле земли 
– источник энергии.  
       3    Хайтун С.Д. Энергетика, построенная на круговороте тепла и вечных 
двигателях    2-го рода. Книга "Тепловая смерть" на Земле и сценарий ее   
предотвращения. Часть 1. 2009. -192 с.  
      4     Голицын М.В., Голицын А.М. Альтернативные энергоносители. М.: Наука, 
2004. -159с.  
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет