«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір



Pdf көрінісі
бет153/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   160
Keywords: polluting substances, heavy metals, crops, pesticides 


216 
 
 
Қазіргі  таңда    өнім  және  тағам  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  әлемдік  саясатта 
маңызды  мәселелердің  бірі.  Өнім  мемлекеттің  геополитикасындағы  маңызды  фактор. 
Қазіргі  таңда,  тағам  өндірісінде    өнім  сапасы  соңғы  кезеңінде  емес,  өнідірістің  алғашқы 
сатыларынан бастап қауіпсіздік және сапаны қамтамасыз ету жағдайларын қарастырады. 
Санитарлық  ережелерге  сәйкес,  тағамдық  өнімдер  адамның  физиологиялық 
қажеттіліктерін  қамтамасыз  етуі  керек,  соның  ішінде:  энергиямен,  тағамдық  өнімдерге 
қойылатын  физико-химиялық  көрсеткіш  талаптарына    сәйкес  болуы  қажет,  химиялық, 
радиологиялық және биологиялық заттар мен олардың қоспалары нормативтік құжаттарда  
бекітілген  деңгейде  болуы  тиіс  [1].  Алайда,  қоршаған  ортаның  ластануына  байланысты 
өнімдердегі  бұл  талаптарда  ауытқулар  туындап  жатыр.  Қоршаған  ортаның  және 
топырақтың  ластануының  негізгі  көздері  химиялық  өнеркәсіп  және  автокөлік  
тасталымдары,  сонымен  қатар  ауыл  шаруашылығында  қолданылатын  химиялық  заттар 
екендігі  белгілі.  Бұл  зиянды  факторлар  табиғи  ортаға,  адам  мен  жануарлар  ағзаларына 
және өсімдіктер дүниесіне зиянды әсерін тигізеді. Айтылған талаптарды қанағаттандыру 
үшін  жалғыз  мемлекеттің  күші  жеткіліксіз  деп  есептеуге  болады,  себебі  елімізге  алып 
келетін  көпшілік  өнімдер  шет  елдерден.  Осыны  ескере  отырып,  мемлекет  аралық 
стандарттар жүйесі мен техникалық регламенттер қабылдана бастады. 
Қоршаған  ортаның  ауыр  металдармен,  пестицидтермен    ластануына  байланысты 
ауыл  шаруашылық  дақылдарының  құрамында:  қорғасын,  күшән,  кадмий,  сынап, 
нитраттар  мен  метоболиттердің  мөлшерінің  көрсеткіштері  жоғары  болуда.  Республика 
бойынша,  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  дәнді-дақылдардың,  көкөністер  мен  бақшалық 
дақылдардың,  мақтаның  негізгі  өндірушілерінің  бірі.  Облыста  қазіргі  таңда  500-мың  га-
дан астам суармалы жердің 490 мың га ауыл шаруышылық дақылдар үшін қолданылады. 
Ауыл  шаруашылық  дақылдарының  сапасы  мен  экологиялық  қауіпсіздігі  айтарлықтай 
деңгейде    құрамындағы  ауыр  металдардың  мөлшеріне  байланысты.    Ауыр  металдардың  
мөлшері  топырақта  жоғары  болған  сайын  ауыл  шаруашылық  дақылдарының  маңызды 
физиологиялық функцияларында зиянды өзгерістер тудырады. Ерте көктемде өсетін ауыл 
шаруашылық дақылдары картоп, құлпынай және қауын зерттеу нысаны ретінде   алынды. 
Бұл  салада    Ресей  ғалымдарының  Н.М.  Белоус,  В.В.  Талызин,  В.Ф.  Шапавалов,  Н.К. 
Симоненко  зерттеу  жүргізген.  Зерттеу  нәтижесі  бойынша,  топырақ  құрамында  ауыр 
металдардың,  соның  ішінде  қорғасын  мен  цинктың  көп  болуына  байланысты  
дақылдардың  өнімділігі  төмендейтіні  анықтаған.  Сонымен  қатар,  топырақта      токсинді 
элемент кадмийдың шамадын тыс болуы дақылдардағы және өсімдіктердегі P, Ca, Mg, Fe, 
Zn,  Pb  мөлшерінің  азаюын  тудыратыны  белгілі  болған  [2]  .  С.Е.  Витковская  және  О.В. 
Хофман    2012  жылы  жүргізген  зерттеулерінде  картоп  құрамындағы  кальцийді  анықтау 
үшін –плексонометриялық  әдіс, фосфорды-калориметриялық  Дениж әдісімен,  ал калийді 
фотометриялық  әдіспен  анықтаған.  Бұл  зерттеуде  картоптың  6  түрі  алынған.  Ауыр 
металдардың  мөлшерін  атомдық-абсорбциялық  әдіспен  анықтаған  және  кадмийдің 
қозғалмалы қосылыстарын ацетатты-аммонийді буферлік еріткішпен (pH  - 4,8). Алынған 
мәліметтердің  барлығы  математикалық өңдеу программасымен Origin 7,5 өңделінген [3]. 
Көкөністер,  жемістер,  картоптар  сырттан  ластануға  ұшырайды.  Химиялық  заттардың 
буының  түсу  тереңдігі  0,2-0,3  см,  ал  картоп  үйінділерінде  50  см  дейін  болуы  мүмкін. 
Сыртқы беттерінің ластануы, егер де ластаушы көзі бірден жойылғаныменде, 1-3 тәулікке 
созылыуы  мүмкін.  Фитотоксиканттар,  яғни  гербицидтер,  дефолианттар,  десиканттармен 
арбороцидтер,  ауыл  шаруашылық  дақылдарын  ластаумен  қоймай  түгелімен  жойып 
жіберуі  де  мүмкін  [4].  Сонымен  қатар,  фитотоксиканттардың  кейбір  түрлері    ауыл 
шаруашылық  дақылдарында,  су  бөгендерінде,  жемде  және  балықтарда  жинақталып 
жануарлар мен адамдар үшін қауіп туғызады.  
Әлемдік Денсаулық сақтау ұйымының ақпараттары бойынша, әлем зертханаларында 
жылыны 400-ге жуық жаңа химиялық қоспалар пайда болады екен, ал олардың тек 10 % 


217 
 
ғана улылыққа текселіп отырылады. Осылайша, ластаушы химиялық заттар адам ағзасына 
тек  тағамдық  өнімдермен  емес,  сонымен  қатар,  ластанған  аймақта  болғанда  және 
ластанған  көкөністермен  жұмыс  істеу  кезінде  тері  қабаты  немесе  тыныс  алу  жолдары 
арқылы өтіп зиянын тигізеді.   Егер де шет елдердің тәжірибелерін ескеретін болсақ, батыс 
еуропалық  елдерде  экосертификация жетік дамыған. Ол жай сертификатты толықтырады 
және  көп  жағдайда  міндетті  түрде  орындалады.  Мысалы  ретінде,  Франция  елдін  алсақ, 
ауылшаруашылық  дақылдарының  экосертификациясы  заңдық  тұрғыда  1960  жылдан 
бастап  енгізілген  болатын  және  де  осы  заңнамаға  сәйкес  жеке  дайындаушылармен 
өндірушілер  кеңесінің    өнім  түріне  байланысты  экобелгілері  енгізілген.  Бұл  белгілер  “ 
қызыл  таңба”  деген  атқа  ие  болып,  ақпарат  құралдары  арқылы  тұтынушыларға 
жарияланған. Бұл экобелгілер NF ұлттық сәйкестендіру белгісіне қосымша толықтырушы 
белгі  ретінде  ұсынылады.  Экосертификацияның  басты  принципі  өнімнің  адамға  және 
қоршаған  ортаға  зиянсыздығын  қамтамасыз  ету  болып  табылады  [5].    Сонымен  қатар, 
Әлемдік  Денсаулық  сақтау  ұйымының  ақпараттарына  сәйкес,  әлем  бойынша  жылына    2 
млн  тоннаға  жуық  пестицидтер  қолданылып,  соның  40  %  қалдығы  ауыл  шаруашылық 
дақылдарында  табылған  болатын.  Әлем  бойынша  пестицидтердің  жаппай  қолданысына 
байланысты,  жылына  улы  химикаттармен  25  млн  улану  жағдайларын  тіркеліп  отырады 
екен. [6] 
Қазақстан  Республикасындағы  барлық  тағам  өнімдері,  сонымен  қатар  ауыл 
шаруашылық  дақылдары  Кедендік  Одаққа  бірыңғай  Техникалық  Регламент  бойынша 
реттелуі  тиіс.  2011    жылы  19  мамырда  қабылданған  алғашқы  нормативтік-құқықтық 
құжаттың  бірі  “Тағам  өнімдерінің  қауіпсіздігі”  Техникалық  регламенті  болды. 
Техникалық регламент Кедендік одақ елдері, Ресей, Беларуссия және Қазақстан арасында 
бірыңғай жүйе болды.Осы құжатқа сәйкес тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қауіпті 
факторлардың 3 бағыты қарастырылады:  микробиологиялық,  химиялық және физикалық. 
Микробиологиялық  қауіпті  факторлар:  бактерия,  вирус  және  микотоксиндер 
қарастырылса.  Химиялық  қауіпті  факторларға:  қоршаған  ортаны  ластаушы  қоспалар-
қорғасын, кадмий, сынап, күшән, радионуклидтер, диоксиндер, нитраттар мен нитриттер, 
сонымен  қатар    тыңайтқыштар,  аллергендер,  пестицидтер  жатады.  Физикалық  қауіпке  - 
адам  ағзасына  қауіп  төндіретін  өзгеше  обьектілер  мен  бөгде  заттар  кіреді.  Айтылған 
параметрлер  бойынша    сараптама  жүргізіледі.  Жүргізілген  сараптаманың  нәтижелері 
регламенттегі  нормалардан  аспауы  тиіс.  Регламентке  сәйкес  көкөністердегі  мөлшері 
аспауы керек:  қорғасын  - 0,5 мг/кг, күшән  - 0,2 мг/кг,  кадмий  - 0,03 мг/кг, сынап  - 0,02 
мг/кг,  нитрат  (картопта)  -  250  мг/кг,  қауын  -  90  мг/кг.  Сараптама  нәтижелері  бұл 
нормалардан жоғары болған жағдайда адам денсаулығына және өміріне қауіп төндіретіні 
баршамызға  белгілі.  Тағамдық  өнімдердің  сапа  және  қауіпсіздік  талаптары  –  кез  келген 
ұлттың  саулық  жағдайының  негзігі  және  міндетті  көрсеткіші.  Жаңа  халық  аралық  2005 
жылы  қабылданған  стандарт  ISO  22 000  “  Food  safety  management  organization  systems  – 
Requirements  for  any  organization  food  chain”-тағам  өнімдерінің  қауіпсіздігі  мен  сапа 
менеджменті  үшін  жаңа  қарқын  берді.  Бұл  жүйеде  өнімнің  алғашқы  сатыларынан  соңғы 
айналымына  дейінгі  сапасын  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етеді.  Соның  ішінде,  ауыл 
шаруашылығы өнімдерінің тағам қауіпсіздігі  - менеджмент жүйесінің  тағам өнімдерінің 
қауіпсіздігі  жөніндегі ISO 22000 стандарттың негізін құрады. Бұл жүйе бойынша, барлық 
тағам  тізбегінде  жалпы  жағдайлар  мен  гигиеналық  шараларды  ұйымдастыру 
қарастырылған  [7].  ISO  22000  стандарт  жүйесінің  үшінші  бөлімі  -  Ауыл  шаруашылық 
дақылдарының өндірісіне тоқталған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет