«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір


АРАЛ БОЙЫ АНТРОПОГЕНДІ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІН ҚОРШАҒАН ОРТА



Pdf көрінісі
бет74/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   160
АРАЛ БОЙЫ АНТРОПОГЕНДІ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІН ҚОРШАҒАН ОРТА 
ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН  ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Смагулов А 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
 
Аңдатпа 
 
Мақалада  Арал  теңізінің  экожүйесі  сипатталған.  Сонымен  қатар  осы  өңірді 
экологиялық  тұрақтылықпен  қамтамасыз  ету  және  осы  мәселелерді  шешу  үшін  «Жасыл 
экономика» тұжырымдамасындағы ұсыныстар келтірілген.  
 
Аннотация 
В  статье  охарактеризована  экосистема  Аральского  моря.  Также  рассматриваются 
мероприятия  по  обеспечению  экологической  устойчивости  этого  района,  и  для  решения 
этих проблем предложены правила с концепции «Зеленая экономика». 
 
Abstract 
The  article  describes  the  Aral  Sea  ecosystem.  Also  considered  measures  to  ensure 
environmental  sustainability  of  the  area,  and  to  solve  these  problems  proposed  rules  with  the 
concept of "green economy." 
 
Арал  теңізінің  дағдарысы  –  Арал  апатының  дүние  жүзі  қауымдастығына  белгілі 
болып  отырған  мәселе.  Ал  оның  ең  ауыр  жағы  –  Орта  Азия  елдерінің  және  соған 
шекаралас  жерлердегі  халықтар  көріп  отыр.  Көптеген  ғалымдардың  айтуынша,  Орталық 
Азияда екі жақты шөлдену процесі жүріп жатыр: бір жағынан кеуіп қалған Арал теңізінің 
түбінен  желмен  көтерілетін  және  егістік  жерлерде  ұшырылып  апарылатын  улы,  ұсақ 
дисперсиялы шаң-тозаң мен тұздармен келсе, екіншісі суармалы егістік алқаптардағы жер 
асты  суларының  көтерілуі  мен  қайта  тұздану  процесімен  келуде  [1,  18-22  б.].  Арал 
теңізінің тағдыры арқылы гүлденген шұрат алуды жоспарлап, соның нәтижесінде уланған 
жерлерді, шөл далаларға теңізден де айырылып қалдық.  
Арал өңірінде табиғи процестер мен шаруашылық салаларының көне дәуірден келе 
жатқан  үйлесімді  даму  ырғағын  осы  өлкеде  орын  алған  экологиялық  тоқырау  бұзып 
жіберді.  Соның  салдарынан  табиғат  азғындап,  шаруашылық  кешенінің  өнімділігі  кеміді, 
елдің  әлеуметтік-экономикалық  жағдайы  төмендеді.  Әйтсе  де  Арал  өңірінде  қауырт 
өршіген  экологиялық  тоқыраудың  барысы  өткен  ғасырдың  соңғы  он  жылдығында 
бәсеңсіген соң ахуал біршама тұрақтанды. Осы жағымды процесті баянды ету мақсатында 
өңірде  экологиялық  жобалар  жүзеге  асырыла  бастады.  Солардың  бірі  Солтүстік  Арал 
теңізін  (САТ)  Көкарал  бөгеті  арқылы  бөлектеу  мен  Сырдария  өзенінде  оның  құрамдық 
бөлігі  болып  табылатын  «Ақлақ»  су  электр  станциясын  салу  және  өзеннің  төменгі 
ағысында  суару  жүйесінің  ірі  тармақтарын  жаңарту  шаралары  қолға  алынды.  Ендігі 
мәселе  Арал  өңірінде  экологиялық  ахуалдың  бағытын  бақылаудан  шығармай  басқару 
арқылы  өлкенің  табиғи  қорларын  тиімді  пайдаланумен  бірге  оның  потенциалын 
молайтуға қол жеткізу болып табылады [2, 72-73 б.]. 
Аймақтың  бірқатар  бөлігін,  үлкен  көлемді,  кей  жерлерінде  жан-жағынан 
өсімдіктермен шектелетін құм алқаптар алып жатыр. Олар: Арал маңы Қарақұмы, Үлкен 


109 
 
және  Кіші  Борсықтар,  олар  негізінен  саздауыт  және  сортан  топырақ  араласа  кездесетін 
құмды  және  құмдауыт,  қоңыр  құба  топырақпен  жабылған,  ал  жер  бедерінің  ойпаң 
бөліктерінде  негізінен  тақырлар  мен  сорлар  кездеседі.  Аймақтың  өсімдік  әлемі  дөңесті 
және  дөңесті-тізбекті  құмдарда  өсетін  дәнді  және  бұталы  топтармен  (жүзген,  сібір 
дайығы,  сирек  шығатын  бұташалар,  құм  қияғы,  т.б.)  сипатталады.  Жазықтағы  қоңыр 
құмды  топырақтарда  көктемгі  уақыттарда  уақытша  эфемер  және  эфемер  тұқымдастар 
араласа отырып, негізінен бидайықты-жусанды өсімдіктер топтастығын құрайды.  
Елімізде  балық  өсіретін  ащы  су  көздерінің  ең  үлкені  Арал  теңізі.  Бұрында  Арал 
теңізінің  деңгейі  жоғары,  су  массасы  көп  болған  кезеңде,  жыл  сайын  46-50  мың  тонна 
балық және 233 мың дана ондатр ауланған болатын, сонымен қатар, Сырдарияның төменгі 
ағысында қалыптасқан табиғи, гидрология-гидрохимиялық режимдеріне байланысты бұл 
өңірдегі  көлдердің  жалпы  айдыны  115  мың  гектардай  болған.  Жыл  сайын  олардан 
ауланатын  балық  8  мың  тоннаға  жетіп,  Арал  бассейнінің  Қазақстандық  бөлігінде 
ауланатын  балықтың  20  %  берген.  2012  жылы  Солтүстік  Арал  теңізінен  ауланған 
балықтың мөлшері 4,3 мың тонна болды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есе көп. 
2007  жылы  құрылған  Сырдариядағы  «Ақлақ»  электростанциясының  негізінде  теңіз 
жағалауындағы  көлдер  суға  толды.  Соның  салдарынан  Арал  өңірінде  балық  аулау 
біршама жақсара түсті, яғни экологиялық жағдайы жартылай табиғи күйге көшті. 
Қазақстан  Республикасы  «Жасыл  экономикаға»  көшу  тұжырымдамасына  сәйкес 
табиғи  экожүйенің  маңыздылығы  мен  экономикалық  әлеуетті  арттыру  мақсатында 
басқару мәселесі орнықты даму қағидаларына сәйкес жүргізілуі тиіс.  Осы тұжырымдама 
бойынша экологиялық жүйелерді сақтап қалудың екінші мәселесі балық шаруашылығын 
басқару.  Балық  аулау  көлемі  жылдан  жылға  қысқарып  келеді,  ол  1960-1990  жыл 
аралығында  111,9  мың  тоннадан  68,6  мың  тоннаға  дейін  азайған.  Осыған  сәйкес  балық 
саласында  жұмыс  істейтін  адамдардың  саны  да  екі  есеге  қысқартылған.  Балық 
шаруашылығын  табысты  қалпына  келтірудің  көптеген  мысалдарының  бірі  –  жеке 
кәсіпшілік  объектілер  санының  қысқару  процесі  жағдайында  кәсіптік  балық  аулау 
кәсіпшілігі  үшін  оның  баламасы  тауарлы  балық  шаруашылығының  дамуы  болып 
табылады.  Тауарлы  балық  шаруашылығына  көшу  табиғи  су  айдындарының  барлық 
ресурстарынан  кәсіптік  қыспақты  алып  тастауға  жол  береді.  Сонымен  қатар  тауарлы 
балық  шаруашылығы  мультипликативтік  әлеуметтік-экономикалық  әсер  туғызады. 
Осылайша,  тауарлы  балық  шаруашылығын  енгізу  арқылы  қосымша  жұмыс  орындарын 
ашуға да болады. Балық аулайтын экономикалық аймақтың әлеуетін арттыруға негіз бола 
алады [4, 45 б.]. 
Сонымен қатар «жасыл экономика» тұжырымдамасында тірі табиғатты шаралары да 
қарасытырылған.  Қазақстанның  тірі  табиғаты  бірегей  және  тартымды  нысан,  сонымен 
қоса  ет  өнімдерінің  (аң  аулау  арқылы  және  т.б.)  көзі  болып  табылады.  Елімізде 
экономиканың  жаңа  салалары  –  тұрақты  аң  аулау,  спорттық  балық  аулау,  экотуризмді 
дамыту, сафари ұйымдастыру, аңдарды торда және еркіндікте ұстау жағдайында жабайы 
жануарлардың өсімін молайту және басқаларына инвестициялар салу мүмкіндігін беретін 
аң аулаушылардың саны көбейді, іс жүзінде бұл жасыл инвестиция болып табылады. 
700-ге  жуық  пайдаланушылар  аң  аулау  шаруашылығымен  айналысуда,  олар  2012 
жылы  аң  шаруашылығын  дамытуға  1415,3  млн.  теңге  жұмсады,  соның  ішінде  қорықшы 
қызметіне  1229,2  млн.  теңге,  биотехникалық  іс-шараларға  239,9  млн.  теңге  жіберілді. 
Қазақстан Республикасы аңшылық және экологиялық туризмді дамыту және ұсыну үшін 
бірегей  мүмкіндіктерге  ие.  Тұрақты  аңшылық  туризмін  экономикалық  пайданы  арттыру 
үшін кәсіби негізге айналдыруға болады [4, 46-47 б.]. 
Табиғи  экожүйенің  орнықтылығын  бағалау  жөніндегі  ыңғайлар  өте  тар  мағынада 
және экожүйелерді пайдалануға қанағаттанарлық деп есепке алу мүмкін емес.  
Жергілікті  экожүйені  оған  адамдардың  қауымының  көзқарасы  бойынша  3 
категорияға бөледі: 


110 
 
1.  Бірегей, 
мұнда 
абиотикалық 
компоненттерге 
жүрісін 
антропогендік 
бұзушылықпен бірге биотаның кез келген түрін жою мен қанауға жол берілмейді
2.  Табиғи,  өзінің  сақталуын  талап  етеді,  бірақ  оларды  бірен-саран  өзгертуге 
болады; 
3.  Орнықты 
қайта 
қалпына 
келтірілген 
жасанды 
экожүйелер 
(ауыл 
шаруашылығының пайдаланылатын жерлері, қалалар, өндіріс көліктері аймағы, тоғандар, 
арналар). 
Адамзаттың  жылдам  дамуына  байланысты  экологтар  экожүйенің  аталған 
категориясын  қорықтарды  қорғау  ережесін  қатайтып,  бүтінді  бөлшекке  мүшелеп  бөлуді 
және  қалған  экожүйелердің  екінші  категориядан  үшіншісіне  жиі  өтіп  жатуын  қатаң 
қадағалауға  дайын  болу  керек.  Сондықтан,  кез  келген  экожүйелердің  тұрақтылығының 
мәселелрін  шешудің  басты  мақсаты,  оның  ішінде  судың  да,  оларға  түсер  жүктеменің 
мүмкіндігін  бағалау  емес,  қадағалауға  бағынбай  өсіп  бара  жатқан  антропогендік 
ықпалдарға экожүйенің орнықтылығын арттыру деп есептеу керек [3, 16-19 б.]. 
Экологиялық  тұрақтылық  мәселесіне  классикалық  тұрғыдан  қарайдың  сәтсіздігі  ол 
мәселенің  күрделілігінен  көрінеді.  Біріншіден,  тұрақтылықтың  классикалық  анықтамасы 
қатаң  детермиялаған  жүйелер  (табиғатта  және  қоғамда  кездесетін  оқиға,  оның  ішінде 
адамның  еркі  мен  мінезінің  өзара  байланыстылығы)  үшін  істелінген.  Екіншіден,  табиғи 
жүйелер  қатаң  теңдік  жағдайында  болмайды,  өйткені  ашық  жүйе  болып  табылады  және 
сыртқы  өзгеріп  тұратын  тұрақты  факторлар  (климат,  антропогендік)  мен  өсімдік 
қатарының  алмасуы  және  жануарлар  әлемінің  қоршаған  ортаға  бейімделуі  ішкі 
процестерінің ықпалында болады. 
Қазіргі  кезде  табиғи  қорды  пайдалану  және  қайта  құру  барысындағы  оның  сыртқы 
ортаның  әсеріне  қарсы  тұрақтылығын  бағалайтын  жан-жақты  қарастырылған  ғылымдық 
түрде  негізделген  сынақ  жоқтың  қасы.  Табиғат  қорын  пайдалану  және  оның  жүйесін 
өндіріс талабына сай қайта құру, негізінен екі түрлі шараның негізінде жүзеге асырылуы 
тиіс:  экологиялық  жүйенің  тіршілігін,  табиғи  жағдайдың  өзгеруінің  нәтижесіндегі 
ыңғайсыз  жағдайға  тап  болмауын  және  техникалық  жүйесінің  өндірісін  өзгерістер 
барысындағы тұрақтылығын жоғалтпауын қамтамасыз ету.  
Сондықтан  табиғи  қорды  пайдалану  және  оның  жүйесін  қайта  құру  барысындағы 
жеке  зерзаттардың  өзінің  сыртқы  ортаның  әсерінен  тұрақтылығын  сақтап  қалу 
дәрежесінен,  экологиялық  жүйенің  тұрақтылығын  сынақтың  көрсеткіші  ретінде 
қарастыруға болады. 
Табиғат  қорын  пайдалану  және  қайта  құрудың  теориялық  және  өндірістік  жүйесі, 
негізінен,  табиғатты  түрлендірудің  қоршаған  ортаға  әсерін  бағалау  үшін  үш  түрлі 
сынақтық көрсеткіштерді пайдаланады: 
-  Табиғи қорды пайдалану деңгейі
-  Шектелген ластанудың мәні; 
-  Табиғи ортаның техникалық жүйемен қанығу дәрежесі. 
Ал, осыларды әр түрлі бағытта бағалайтын, олардың экономикалық тиімділігін және 
табиғи  тұрақтылығының  сынақтық  көрсеткіші  ретінде  мына  төрт  жүйелік  саланы 
пайдаланады: 
-  Жүйеге  тапсырылған  табиғи  құбылысты  басқару  және  реттеудің  негізіндегі 
қызмет атқару дәрежесі; 
-  Табиғи жүйені қайта құруға қажетті қаражатты бағалайтын бағалық жүйе; 
-  Табиғатты қайта құрудың жеке компоненттерінің жұмыс атқаруының жобаланған 
дәрежеге жетуін анықтайтын уақыт жүйесі; 
-  Табиғи жүйенің тұрақтылығын және беріктігін көрсететін жүйе. 
Сондықтан  табиғи  жағдайдың,  оның  қорын  пайдалану  барысындағы  өзгерісін 
бағалайтын сынақтық көрсеткіштер атқарылатын жұмыстың мақсатына сай таңдап алуға 
тиісті [5, 36 б.]. 


111 
 
 
Бұның  өзі  экологиялық  жүйені  басқару  үшін  қажетті  сынақтық  көрсеткішті 
ғалымдық жүйеде таладу жасай отырып, адамзаттың табиғатқа енгізген өзгерісінің заңдық 
жағын  шектеп  отыратындай  болу  керек.  Бұрынғы  кезде  табиғи-техникалық  қызметтің 
нәтижесінде табиғатты қайта құру және оның қорын пайдалану барысында адамзат оның 
жағдайын  жақсарта  отырып,  одан  алынатын  өнімді  шексіз  өсіре  алады  деген  көзқараста 
жүрі.  Бірақ  осы  проблеманы  табиғи  жағдайда  жақсарту  барысында  қаншалықты 
өсімдіктің  өнімін  сіруге  болатын,  табиғаттың  заңдылықтарына  сүйене  отырып,  дәлелдеп 
бере алмайды. Сондықтан адамзат табиғатты өзіне қызмет ету үшін белгілі  біо дәрежеге 
дейін  ғана  басқарып,  оның  қызметін  реттеп  отыра  алады.  Ал  бүкіл  жердің  геожүйелік 
жағдайын толық қарастырып, олардың қызметін бір-бірімен байланыстырып қарастырсақ, 
ол  үшін  жақсарту  емес,  өйткені  шектелген  аймақтағы  оның  жағдайын  жақсартуға 
бағытталған  кез  келген  шаралар  географиялық  аймақтың  жалпы  жағдайын  жақсарта 
алмайды.  Осыған  байланысты  табиғи  қорды  пайдаланған  кезде  немесе  оның  жүйелерін 
қайта құру барысындағы, олардың экологиялық тұрақтылығын бағалау, адамзаттың өзінің 
шаруашылығына қажетті табиғатқа енгізетін өзгерісін шектеу болып табылады. 
Арал теңізі жағдайында тұрақтылық туралы түсінікті ең қарапайым алғашқы түрінде 
қабылдаған  жөн.  Солай  болғандықтан  бұл  жердегі  экожүйеге  барлық  жүктеме,  барлық 
рұқсат етілген алмағайып нормалардан асып кеткен. Ендігі мәселе теңіздің бөлігін (Кіші 
Арал мен теңіз маңындағы атыраулар) ғана сақтап қалу. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет