«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір



Pdf көрінісі
бет81/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   160
Keywords: Technological process of drying, helio drying, helio devices, humidity of grain 
Бүгінгі  күні  біздің  еліміздің  ауыл  шаруашылығының  даму  үлесін  арттыру  үшін 
үлкен  мүмкіншілік  туып  отыр,  оған  себеп  біріншіден,  дәнді  дақылдарды  егуге  жердің 
қолайлығы,  екіншіден, климаттық  жағдайы,  сондай-ақ  көптеген  тағы  басқа  факторларды 
атап кетуге болады. 
Мемлекет  басшысы  Н.Ә.  Назарбаев  Қазақстан  халқына  жолдауында  «Қазақстан-
2050»  стратегиясы:  Еліміздің  табиғи  байлығына  байланысты  қарым-қатынасымызды 
қайта  ойластыру  маңыздылығы  және  Қазақстан  таза  әрі  жасыл  энергия  көздерінің  жаңа 
тәсілдеріне негізделуі, сондай-ақ қолданып отырған табиғи ресурстарды дұрыс басқарып, 
барынша  тиімді  пайдалану  жөнінде,  сонымен  қатар  біздің  елімізде  2017  жылы  өтетін 
ЭКСПО-2017  дүниежүзілік  көрмесіне  дайындық  туралы  және  болашақта  дүниежүзілік 
үздік  тәжірибелердің  ізденістерін,  нәтижесінде  баламалы  энергия  көздерін  пайдалана 
отырып, жасыл экономиканы құру туралы атап өткен болатын. 
Бүгінгі  таңда,  біздің  мемлекетіміз  астық  өндірісі  саласында  барлық  нарықтық 
жағдайда басәкеге қабілетті болу керек. Біздің еліміздегі қайта өңдеу өндірістері заманауи 
дүниежүзілік  ең  үздік  халықаралық  стандарттарын  және  энергия  үнемдеу 
технологияларын  қолдана  отырып,  өндіріс  орындарында  өнімділікті  арттыру  негізінде 
жаңа технологияларды енгізуді қажеттігі туындап отыр.    


116 
 
Ауыл  шаруашылық  шикізатты  өңдеу,  сонымен  қатар  қолжетімді  және  бәсекеге 
қабілетті  азық-түлік  өнімдерін  сапалы  өндіру,  қазіргі  кезде  республикамыздың  агро-
өндірістік кешеннің басты мақсаты болып табылады. 
2012  жылы    азық-түлік  өндіретін  кәсіпорындар  республикалық  көлемде 
индустриялық өндірістің 5 %, өңдеуші өнеркәсібінің 16 % өндіріп шығарды. 
Қазақстан  Республикасының  ауылшаруашылық  министрлігінің  мәліметі  бойынша 
дәнді-дақылдарды  өндіру  саласы  (19,4%),  нан  және  тоқаш  (15,5%),  ет  (13,8%),  жеміс- 
жидек және көкеніс (9,4%), май шығару (9%) және тағы басқа салалар өндірістері (16,8%) 
азық-түлік өндірісі негізгі орын алады. 
Осыған байланысты біздің елімізде дәнді-дақылдарды қайта өңдейтін өнеркәсіптер,  
халықты  жоғары  сапалы  өніммен  қамтамасыз  ететін  агроөнеркәсіп  кешені  ең  басты 
стратегиялық  сала  болады.  Дәнді-дақылдарды  өндіретін  өндірістің  жоғары  тиімділігін 
арттыру  бүгінгі  таңда  негізгі  ғылыми-техникалық  мәселеге  айыналып  отыр.  Дәнді- 
дақылдарды  өңдеп  өндіру  кезінде  жүргізілетін  кептіру  үрдісі  негізгі  технологиялық 
операцияларға жатады. Сондықтан, кептіру үрдісі өнімді дұрыс сапалы сақтауда маңызды 
орын алады [1].   
Дәнді-дақылдар  өндіру  саласында  өнімнің  өнімділігі,  сапасы  және  құны 
электроэнергияның  шығын  деңгейіне  байланысты.  Энергоресурстарды  кең  көлемде 
пайдалану, әсіресе, кеш пісіп-жетілетін дәнді-дақылдардың  әртүрлі топтарын  кептіруде, 
климаттық  жағдайдың  қолайсыз  болуына  байланысты,  сондай-ақ  дәнді  жинау  кезінде 
ылғалдылығы жоғарлаған сайын тұтынатын энергия көзіне сұраныс жоғарлай бастайды.   
Өндірістік  жағдайда  дәнді-дақылдарды  технологиялық  кептіріп  өңдеу  барысында 
дәннен  ылғалды  ажыратуға  сұйық  және  газтәріздес  отын  энергиясы  кең  көлемде 
пайдаланады.  Қазіргі  уақытта  қолданылу  барысында  кептіруге  кететін  энергия 
шығынының  энергоматериалдардың  құны  80-90%  құрайды.  Әсіресе,  үлкен  көлемдегі 
энергия  шығыны  ылғал  дәнді  бірінші  өңдеу  кезеңдерінде  байқалады.  Дәнді-дақылдарды 
жинауда 80-90% тазартуға, 30-40% кептіруге, 20-25% сақтауға арналған. 
Зерттеу  нәтижесі  көрсетіп  отырғандай,  дәнді  өңдеу  барысында  кептіру,  тазалау, 
сақтау  т.б  кезінде  энергияны  көп  мөлшерде  шығындайтын  технологиялар  қолданылады. 
Сондай-ақ,  өңдеу  үрдісінде  (кептіру,  тазалау,  сақтау  және  т.б.  үрдістер)  энергия  көзін 
пайдалану  көлемі  басқа  технологиялармен  және  ғылыми  негіздегі  шарттарымен 
салыстырғанда отандық өндірістерде орташа есеппен алғанда  40 % жоғары болып отыр. 
Осыған байланысты баламалы энергия түрлерін (күн, жел, су т.б) пайдалану қазіргі кезде 
аталған  саланың  тиімділігін  арттыруға  үлкен  септігін  тигізеді,  сондықтан  бұл  өзекті 
мәселе  болып отыр.    
Өндіріс  саласының  жеткілікті  деңгейде  дамымауы,  өзіндік  құнының  және  энергия 
көздерінің бағасының  жоғары болуына байланысты, сондай-ақ дүниежүзілік тәжірибеде 
энергия  тасымалдаушылардың  азайып  бара  жатқанына  байланысты,  баламалы  энергия 
көздерін  (күн,  жел)  пайдалану  ауқымының  барлық  салаға  ену  көлемі  өсуде.    Өндіріс 
орындарына  баламалы  энергия  көздерін  пайдалану  ғылыми  негізде  зерттелген  жаңа 
технологияларын енгізу өте маңызды мәселе. 
Осындай  жағдайларда  Қазақстан  экологиялық,  экономикалық,  әлеуметтік  сферада 
ресурстарды  тиімді  пайдалану  мәселесіне  баса  назар  аудару  арқылы,  энергия 
пайдаланудың  альтернативті  жолдарын  қарастыру,  тұрақты  даму  принциптерін  дамыту 
арқылы жаһандық дағдарысты алдын ала алады.  
Алматы облысындағы  күннің сәулесінің таралуының орташа жылдық  қуаты күніне 
5,8  кВт    құрайды.  Бұл  дегеніміз  жазғы  мезгілде  күннің  коллекторының  ауданы  1м
2
 
болғанда, жылу энергиясы күніне 3,5 кВт*с болады дегенді білдіреді. Көктемгі және күзгі 
мезгілдерде  бұл  көрсеткіш  1,5  кВт*с  дейін  кемиді.  Бұл  ауылдық  жерлердегі  өндіріс 
салаларында  қолданылатын  үлкен  потенциал  болып  табылады.  Гидрометеорологиялық 
қызметтің  берілген  ақпараттарына  сәйкес,  тұрғылықты  жерлердегі  күннің  көзі  беріліп 
тұратын күндердің саны жылына 300 ретті құрайды, бұл жылына 2850 күннің көзі беріліп 


117 
 
тұратын  сағаттарының  санына  сәйкес  болып  келеді,  яғни  бұл  күннің  радиациясының 
жеткілікті көрсеткіші болып табылады. Бұл әдіс тек отынды үнемдеуді ғана емес, сонымен 
қатар  экологияға,  қоршаған  ортаға  қауіп  туғызатын  көмірқышқыл  газынаң  атмосфераға 
шығуын азайтады. Сондықтан да барлық елдерде күн энергиясын өндірістерде пайдалану 
ауқымы  кеңейіп  келеді  және  ғалымдардың  айтуы  бойынша  бұл  ғаламшарымызда 
жаһандық  жылынудың  қарқынын  азайтуға  үлесін  тигізеді  екен.    Сондықтан,  бүкіл 
дүниежүзінде  күн  көзі  энергиясын  қолдану  тенденциясы  өсіп  келеді.  Бұл  ғалымдардың 
айтуы бойынша, жердегі климаттың глобалды жылуын төмендетеді. 
Отын  -  энергетикалық  ресурстардың  бағыты  энергетика  негізінде  қолданылатын 
энергияның  автономды,  стационарлы  көзін  қолдану  экономикалық  жағынан  пайдалы 
болады.  Отынның  органикалық  күйреуі  және  электр  энергиясының  берілуі  мақсатында 
салалардың  дамуы  ауылшаруашылық  өнімдерін  кептіру  үшін  күн  көзі  энергиясын  кең 
ауқымда қолдану мүмкін болып табылады.  
Жоғарыда  айтылған  мәселелердің  шешімдерінің  бірі,  экономикалық  тұрғыдан 
тиімді,  экологиялық  таза,  сапасы  жоғары  дәнді-дақылдар  алу  үшін,  кептіру 
технологиясының  жылу  энергиясының  шығынын  төмендету  жолдарының  бірі  өнімді 
өңдеуде гелиокептіргіштер технологияларын әзірлеп енгізу керек. 
Әзірлеу  үстіндегі  гелиокептіргіш  өндіріс  орынында  айтарлықтай  өзінің  тиімділігін 
көрсетеді,  нәтижесінде  шамамен  өнімнің  өзіндік  құнын  40%,  қолданатын  жылу 
энергиясының үнемділгін  60% жеткізуге болады. 
Нәтижесінде  дәнді-дақылды  өңдеу  өндірісінде  тәжірибе  жүзінде  қолданатын, 
сонымен  қатар  кеңінен  пайдаланып  келе  жатқан  кептіру  технологияларын  зерттеу 
жүргізілді. 
         Өнімінің  басты  критерийі  ретінде  өнімнің  тағайындалуын  алатын  болсақ,  мұнда 
энергияның  шығынын  және  дәнді–дақылдар  нарығы  олардың  қамтылуын  анықтайды.   
Ғылыми – зерттеу жұмысында негізгі технологияларға талдау жасалды.  
АҚШ,  Канададан  және  Европа  біріккен  мемлекеттерінен  импортпен  әкелінетін 
заманауи  дәнді–дақылдарды  кептіретін  өндірістер  (соның  ішінде,  біздің  мемлекетімізге 
және  ТМД  елдеріне  арнайы  шығарылатын,  мысалы  Польшадан  әкелінетін  М  –  819,  М  – 
839)  4-5%-дық  ылғал  үшін  Қазақстанның  Мемлекеттік  стандартына  сәйкес  келмейді. 
Ресейден,  Белоруссиядан  және  шет  елдерден  шығатын  дәнді–дақылдарды  кептіру 
комплекстері, өндіру жағынан да, құрылымы жағынан да айырмашылықтар өте көп [2]. 
Кептіру  комплекстері  сағатына  2-ден  50  дейін  және  одан  да  жоғары  жоспарланған 
тоннаға  дейін  құбылып  тұрады.  Кептіру  өндірісінің  сағатына  20  тоннадан  көп  болуы 
ережеге  сәйкес  шахтілі  коробалармен  шығарылады.  Олар  әсіресе,  элеваторлар  және  нан 
қабылдайтын  бөлімдер  үшін  орнатылған,  мұндағы  жиналған  дәнді–дақылдың 
ылғалдылығы  20  %-дан  аспауы  керек.  Кептіргіштердің  өнімділігі  шамамен  2-ден  50 
жоспарлы тонна/сағ жетеді. Өнімділігі жоғары кептіргіштер 20 тонналық болып шахталы 
қораптар түрінде шығарылады. 
Олар астыққа қабылдайтын элеваторларды пунктерінде ылғалдылығы 20% аспайтын 
жерлерде  қолдану  ыңғайлы.  Ал  өнімділігі  төмен  кептіргіш  коплекстері  (колонкалы, 
жалюзилі,  бункерлі,  барабанды)  түрлерін  шығарады.  Кептіргіш  комплекстерінің  бұл 
түрлері  ауыл  шаруашылық  өнеркәсіптерінде  астық  өнімдерінің  ылғалдылығы  20% 
аспайтын орындарда қолданылады.   
Қазіргі  қолданыстағы  кептіру  технологиялардың  бұл  түрлері  дәстүрлі  отын, 
жанармай  және  газ  тәріздес  энергия  пайдалану  негізінде  іске  асады.  Термиялық  кептіру 
үрдісі барысында 1 кг дәнді кептіру үшін, дәннің ылғалдылығына байланысты  5-11 мДж   
энергия  жұмсалады.  Отын  шығынын  азайту  үшін  дәнді  –  (дәнді-дақылдардың 
рециркуляциясы,  жылумен  қамтуда  қайталап  кептірудің  «қыздыру-суыту»  әдісі  т.б.) 
технологиялық әдістер қолданылады. 
Дәнді–дақылдарды  кептіру  технологиясының  дамуының  қажеттілігі  жыл  сайынғы 
ондаған  миллион  тонна  бөлінетін,  үлкен  энергия  шығаратын  әдістерге  және  өндірістегі 


118 
 
азық–түліктер  үшін  дәнді–дақылдарды  сақтаудың  үлкен  шарттары  осы  әдістердің  мәнді 
көлеміне негізделген [3]. 
Сонымен,  ұсынып  отырған  энергоүнемдеуші  өңдеу  технологиясы  астықты  кептіру 
әдісі  экологиялық  және  экономикалық,  тағы  басқа  көрсеткіштері  жағынан  тиімді  болып 
табылады,  гелиоқондырғыны  қолдану  негізінде  энергия  шығынын  азайтып,  күн 
энергиясын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет