«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір



Pdf көрінісі
бет86/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   160
3-ші панельді отырыс 
«ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР: ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СТУДЕНТТІК 
БАСТАМАЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАУ» 
 
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТОПЫРАҚТАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН 
ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ 
Амирова Ж., Нұрғали А., Қарлыбаева А., Мухамединова Н.А., Медеуова Ғ.Ж. 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті  
 
Түйіндеме 
Алматы  қаласының  топырағының  экологиялық  жағдайлары.  Бұл  мақалада  Алматы 
қаласы  топырағының    химиялық  құрамдары  зерттеліп  ондағы      ауыр  металлдардың 
мөлшері  ШРМ (ПДК) едәуір ауытқығаны көрсетіледі. 
 
 
 
                               Резюме 
В статье приведена экологические  условия    почвы г. Алматы. Изучен химический 
состав и определены в почвах  г. Алматы  тяжелые металлы.  
Ғылыми-зерттеу  жұмысымыздың  мақсаты  -  Алматы  қаласы  топырағының   
химиялық    құрамын   зерттеу.  
Зерттеу  объектісі  ретінде  Алматы  қаласының    Абай  -  Байтұрсынов,  Төле  би  -
Сейфуллин,  Жамбыл  -  Мұқанов,  Мақатаев  -  Пушкин  көшелер  қиылыстарынан  топырақ 
үлгілері алынды.  Зерттеу нәтижелері 1-ші кестеде көрсетілген. 
Кесте-1 Алматы қаласы топырақтарының физика-химиялық құрамы 
Р/с 




Үлгі 
алынған 
жер 
Абай-
Байтұрсынов 
Төле би-
Сейфуллин 
Жамбыл-
Мұқанов 
Мақатаев-
Пушкин 
Топырақ 
салмағы, г 




Ерітіндінің 
көлемі, мл 
500 
500 
500 
500 
Абсолютті 
құрғақ топырақ  
95 
32 
93,5 
84,5 
hH  
6,75 
7,54 
7,34 
7,28 
n сыну 
көрсеткіші 
1,3305 
1,3310 
1,3310 
1,3310 
d тығыздығы, 
г/см

0,59 
1,02 
0,62 
0,55 
П кеуектілік, % 
93,6 
96,6 
94 
93,8 
Va аэрация 
дәрежесі, % 
88,99 
95,46 
90,50 
91,02 
Ca 
2+
,% 
0,0501 
0,0501 
0,0501 
0,10 
Mg
2+
,% 
0,5 
0,5 
0,5 
0,5 
Cl -,% 
8,52 
8,52 
8,52 
0,63 
CO
2
, мг/кг 
220 
220 
220 
220 
 


123 
 
Топырақ - түрлі табиғат жағдайларының әсерінен өсімдік пен жануарлардың мәдени 
түрге  келтірілген  жергілікті  жерлерде,  адамдардың  да  қатысуыменен  өңделген,  өзгерген 
мәдени өсімдіктердің қоректік заттармен қамтамасыз ете алатын жер бетінің ең жоғарғы  
құнарлы  қабаты  [4].  Енді  осы    топырақтың  ылғалдылығы  гравиметриялық  әдіспен 
анықталды.  Топырақтың  ылғалы  -  оның  құнарлылығының  бір  шарты.  Бір  жерде 
топырақтың  ылғалдылығы  көп  болса,  екінші  жерде  тапшылау.  Топырақта  кездесетін 
ылғалдың  сіңімділігі  әр  түрлі  болып  келеді.  Ылғалдың  кейбір  түрлері  өсімдіктерге 
байланысты.  Зерттеу  объектісі  ретінде  алынған  топырақтың    үлгілерінің    ылғалдылығы    
5-15,5 % аралығында өзгереді.  
Топырақтың тығыздығы пикнометрлік әдіспен анықталды. Топырақтың тығыздығы 
деп  -  белгілі  көлемдегі  топырақтың  бөлшегінің  салмағын  айтамыз.  Топырақ  тығыздығы 
оны  құрайтын  минерал  түзуші  заттардың  құрамында  болады.  Зерттеу  жұмысының 
нәтижесінің  мәліметтері  бойынша  топырақтың  тығыздығы  0,55-1,02  г/см
3
  аралығында 
өзгереді.  
Топырақтың кеуектілігі деп белгілі көлемдегі топырақтың қатты бөлігі арасындағы 
бостық  жалпы  көлемдегі  кеуектердің  қосындысын  айтамыз.  Мөлшеріне  қарай  3  түрге 
бөлінеді:  
- капиллярсыз - диаметрі 1 мм-ден жоғары; 
-  капиллярсыз-диаметрі 1-0,001 мм; 
- ультрокеуекті- диаметрі 0,0001 мм-ден жоғары. 
Әр  түрлі  топырақ  түзуші    жыныстардың  кеуектілігі  де  әртүрлі  болып  келеді. 
Топырақтың беткі қабатында кеуектілік 55-70 %, ал төменгі қабатындағы кеуектілік 35-56 
%  аралығында өзгереді. Кеуектілік жоғары топырақтың  құрылысы жақсы болып келеді. 
Зерттелген  топырақтардың  кеуектілігі  93,6-96,6  %.    Демек,  топырақтар    ірі    топыраққа   
жатады.  
Топырақтың аэрация дәрежесі – 100 см

  топырақтағы  ауаның  көлемін  сипаттайды. 
Оның  өсімдіктердің  өсіп  жетілуіне  маңызы  зор.  Егер  топырақта  оттегі  аз  болса, 
тотықсыздандырғыш  процесі  артып,  сосын  өсімдіктердің  шіруіне  әкеп  соғады.  Зерттеу 
нәтежелерінің    мәліметтері  бойынша  топырақтың    аэрациялық  дәрежесі  88,99-95,46  % 
аралығында  өзгереді.  Ендеше  өсімдіктердің  толық  жетілуіне  топырақтағы  оттегінің 
мөлшері жеткілікті.  
Алматы  қаласы  топырақтарының  құрамында  5,68-8,52 %  хлор ионы бар.   Олай 
болса,  бұл  топырақтардың  құрамында      суда  жақсы  еритін    тұздар:  NaCl,    MgCl
2
,  CaCl
2
 
болады.  
Сонымен  бірге  топырақтардың    құрамындағы    макро  және  микро    элементтері  
Алматы      қаласындағы      Қ.И.Сәтбаев  атындағы  геологиялық  зерттеу  институтында 
атоммиссионында  спектрлік  анализ  әдісімен,  ДФС-13  маркалы  приборда  анықталды. 
Зерттеу нәтежесі 2-кесте және 1-диаграммада    көрсетілген.  
 
Кесте-2. Топырақтың құрамындағы макро және микро элементтердің мөлшері. 
№ 
Сынымалардың 
атаулары 
Абай-
Байтұрсынов 
Төле би-
Сейфуллина 
Жамбыл-
Мұқанов 
Мақатаев-
Пушкин 
 
Элементтер құрамы, %(10
-4
%=1г/т,10
-3
%=1,г/т,10
-2
%=100г/т) 

Мыс 
10
-3 
7,5 
15 
10 
20 
2

Қорғасын 
10
-3 
1,5 



3

Мырыш 
10
-3
 
10,5 
20 
30 
30 
4

Никель 
10
-3
 
1,5 



5Кобальт  
10
-3
 
1,5 
2,5 




124 
 

6

Ванадий 
10
-3
 

10 
10 
10 
7

Хром 
10
-3
 
1,5 



8

Молибден 
10
-4 


3,5 

9

Қалайы 
10
-4
 


3,5 

1
10 
Кремний 
10
-2 
100 
100 
100 
100 
1
11 
Аллюминий 
10
-2
 
100 
100 
100 
100 
1
12 
Натрий 
10
-3
 
1000 
1000 
1000 
1000 
1
13 
Барий 
10
-2
 
100 

3,5 

1
14 
Калий 
10
-0 




1
15 
Фосфор 
10
-3
 
200 
50 
20 

1
16 
Титан 
10
-2
 
75 
100 
100 
100 
1
17 
Марганец 
10
-2
 
10 
50 
15 
20 
1
18 
Темір 
10
-2
 
100 
100 
100 
100 
1
19 
Кальций 
10
-2
 
100 
100 
100 
100 
2
20 
Магний 
10
-2
 
100 
100 
100 
100 
 
2-кесте және 1-диаграмма мәліметтеріне сүйенсек, топырақтың құрамында 20 макро 
және  микро  элементтер  бар.  Олардың  ішінде  қорғасынның  мемлекеттік  стандарттық 
ШШК-с  6  мг/кг-нан  аспауы    керек.  Ал,  біздің  зерттеуіміз  бойынша  Абай  -  Байтұрсынов 
көшесінің  қиылысындағы    топырақтардың  құрамында  2,5  есе  көп.    Жамбыл  -Мұқанов 
және  Мақатаев  -  Пушкин  көшелерінің  қиылысынан  алынған  топырақтағы  қорғасынның 
мөлшері  3,5  есе  көп.  Ал,  Төле  би  -  Сейфулин  көшесінен    алынған  топырақтағы 
қорғасынның мөлшері  5  есе көп. Мырыш мөлшері (ШРМ 23мг/кг) Абай - Байтұрсынов 
көшесіндегі топырақта 6,52 есе көп болса, никельдің  мөлшері (4мг/кг) 3,75 есе көп. Төле 
би - Сейфулин көшесіндегі топырақта мырыштың мөлшері 8,7 есе ал, никельдің мөлшері 
12,5 есе көп.   Мақатаев – Пушкин және Жамбыл - Мұқанов көшелерінің қиылысындағы 
топырақтың  құрамында  мырыш  мөлшері  13,04  есе  көп.  Ал  никельдің  мөлшері  12,5  есе 
көп. Олай болса, Алматы қаласының топырақтары ауыр  металлмен  ластанған. 
  Зерттеу  нәтижесінің  мәліметіне  сүйене  отырып,  мынадай  қорытынды  жасауға 
болады. Алматы қаласы топырақтары квартцты, дала шпатты топырақтың түріне жатады. 
Топырақтың pH-ы әлсіз қышқыл және нейтрал болып келеді, яғни, 6,75-7,54 аралығында. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет