Құжат атауы


) WWW  – дүниежүзілік өрмек



Pdf көрінісі
бет16/56
Дата19.09.2022
өлшемі8,75 Mb.
#39482
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   56
2) WWW 
– дүниежүзілік өрмек 
Бүгінде Интернет білім алудың әртүрлі салаларында әржақты
ақпараттардың түпнұсқасы ретінде қолданылады. Құжаттарды беруді
басқаратын Интернет қызметін World Wide Web деп атайды. 
WWW (World Wide Web)
–ні «Дүниежүзілік өрмек» деп атайды, 
кейде қысқа түрде Web (веб) деп атайды. Веб-тің негізгі қызметі – қажетті 
ақпаратты іздеу, жинастыру және оны экранға шығаруды ұйымдастыру. 
Оның экранда көрсетілетіні – мәліметтер, графиктер, фотосуреттер. 
WWW 
құжаттары 
Интернетке 
тұрақты 
түрде 
қосылатын
компьютерлерде - Web - серверлерде сақталады. Web – серверлерде
бөлек құжат емес, өзара байланысқан құжаттардың тобы орналасады.
Мұндай топ Web–түйінді (Web- сайт) береді. Дайын материалдардың
Web-
сайтта орналасуы Web – басылым немесе Web – публикация деп
атайды. WWW–дағы жеке құжат Web – парақ деп аталады. Бұл мәтіннен, 
графикалық 
иллюстрациялардан, 
мультимедиялық 
обьектілерден 
тұратын құжаттардың жиынтығы.
WWW 
бұл гипермәтінде негізделген, мультимедияның бөлінген 
ақпараттық жүйесі. Осы анықтаманы ашып айтайық. 
Бөлінген ақпараттық жүйе – ақпарат WWW–серверлер деп 
аталатын үлкен жиында сақталады. Яғни, арнайы программалық 


19 
қамтамасыздандыру орнатылған және интернет желісіне қосылған 
компьютерлер. Желіге қосыла алатын пайдаланушылар, бұл ақпаратты 
программ клиенттер көмегімен алады, оларды WWW- құжаттарын көру 
программалары деп аталады. Осы кезде көру программасы 
компьютерлік желі арқылы қажетті құжаты бар файлды сақтайтын 
серверге сұраныс жібереді. Сервер сұранысқа жауап ретінде көру 
(байқау) программасына осы қажетті файлды жібереді немесе файл қол 
жеткіліксіз болса, келіспеу хабарламасын жібереді. Клиент-сервер өзара 
қатынасы хаттама бойынша орындалады.
WWW-
да қабылданған хаттама, HyperText Transfer Protocol (HTTP)
деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет