236
ҚОРЫТЫНДЫ
Берілген
оқу құралында Html, FrontPage және Adobe Dreamweaver
бағдарламалары көмегімен веб-беттерді,
сайттарды құру сұрақтары
қарастырылды. Қазіргі таңда веб-беттерді, сайттарды құру ақпараттық
қоғамның бір бөлігі болып табылады және де бұл тақырыптарға көп көңіл
бөлінеді.
Бұл
ұсынылған құрал, осы «Web-дизайн негіздері» курсы бойынша
теориялық мағлұматтарды, практикалық жұмыстарды орындау үшін
қажетті
материалдарды, өзіндік тапсырмаларды орындау бойынша
әдістемелік нұсқауларды қамтиды.
Берілген құрал теориялық және практикалық сабақтар болып
бөлінген. Практикалық сабақтарда 5 бөлім қарастырылған.
Олар HTML
гипермәтіндік тілі, Javascript тілі, Microsoft Frontpage бағдарламасы,
Adobe
Dreamweaver
бағдарламасы,
РНР
тілі.
Әр
бөлімде
тақырыпшаларға бөлінген бірнеше практикалық жұмыстар берілген.
Сонымен қатар, ұсынылған құралда Web-дизайн бойынша сөздердің
мағынасын қамтитын глоссарий кірістірілген.
Бұл оқу құралын жоғарғы оқу орындарының студенттері, орта мектеп
оқушылары және информатика мұғалімдері
көмекші құрал ретінде
қолдана алады.