+d) тимол сынамасының жоғарылауы
e) холестерин деңгейінің жоғарылауы
#9
*!Вирусты гепатит кезіндегі цитолиз синдромының биохимиялық белгілері қандай?АЛТ,АСТ белсенділігінің жоғарылауы,қан сарысуында темірдің деңгейінің көбеюі;бауыр жетіспеушілі кезінде –протромбин деңгейінің және қан ұюының басқа факторларының ,альбуминнің холестерин эфирлерінің төмендеуі.
Цитолиздің белгілері:
a) тимол сынағының жоғарылауы және сулема сынағының төмендеуі
b) билирубиннің жоғарылауы
c) билирубиннің және гамма-глобулиннің жоғарылауы
+d) протромбиндік индекстің төмендеуі және АЛаТ жоғарылауы
e) бета-липопротеидтердің және холестериннің жоғарылауы
#10
*!Қандай маркерлер жедел вирусты С гепатит туралы мәліметтейді?
Анти-HCV (total), анти — HCV core IgM, IgG,HCV-RNA
#11
*!Респираторлы-синцитиальді инфекция кезінде зақымдалады:
Тыныс жолдарының төменгі бөлімдерінің- бронхтар, бронхиола, альвеолалардың зақымдануымен
#12
*!Аденовирусты инфекцияның грипптен айырмашылығы:конъюктивиттің болуы,фарингит, тонзиллит белгілері
#13
*!Кенелік энцефалиттің менингококкты менингиттен айырмашылығы:
Жауабы:Энцефалит-ми затындағы қабынулық процесс немесе ОЖЖ зақымдануымен; ал менингококкты менингит-ми қабықшаларының қабынуы.
Кенелік энцефалит этиологиясы вирусты(трансмиссивті жолмен);менингококкты менингитте-бактериальді(ауа-тамшылы жол арқылы)
#14
*!Обалық бубонның туляремия бубонынан айырмашылығы:Оба бубоны туляремияға қарағанда пальпация кезінде айқын ауру сезіммен,терімен немесе басқа тіндермен жабысқан(спаян),анық шекарасы жоқ,қатты гиперемирленген.
#15
*!Риновирусты инфекцияның респираторлы-синцитиальді инфекциядан айырмашылығы:риновирусты-ринит болуы(мұрынның шырышты қабаты),респираторлы-синцитиалді-өкпенің төменгі бөлімдері зақымдалады(бронхиолит,альвеолит)
#16
*!Ер адам 28 жаста, ауруханаға түскен. Шағымдары: орташа бас ауыруы, мұрынның бітелуі, мұрыннан су ағуы, құрғақ жөтел, тамағының аздап ауыруы. Қарап тексергенде: дене қызуы - 37ºС, склера тамырларының инъекциясы, сол жақтық конъюнктивит, жұтқыншақ шырышты қабатының қызаруы және түйіршіктенуі. Мойын және қолтық асты лимфа түйіндері үлкейген. Ішкі мүшелері өзгеріссіз.
Ең ықтимал диагноз:Аденовирусты инфекция
#17
*!Жас жігіт 16 жаста, ауруханаға түскен. Шағымдары: дене қызуының 3 күн бойы 37,70С-қа дейін жоғарылауы, бас ауыруы, тамағы мен трахея бойының ауыруы, дөрекі «ит үрген» сияқты жөтел. Қарап тексергенде: ауыз-жұтқыншақтың шырышты қабатының орташа гиперемиясы, бадамша бездер қалыпты. Тынысы жиілеген және қиындаған, дауысы сырылдаған. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульс 82 рет/мин., ҚҚ 100/60 мм с. б. Іші жұмсақ, ауыру сезімі жоқ. Кіші дәреті қалыпты.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?Жауабы:Парагрипп
#18
*!Әйел адам, 65 жаста. Шағымдары: қалтырау, қатты бас ауыруы, дене қызуының жоғарылауы, оң жақ саны мен балтыр аймағындағы кернейтін ауыру сезімі мен күйдіру сезімі. Аурудан бір күн бұрын педикюр жасаған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы - 39°С. Status localis: оң жақ саны мен балтырының жоғарғы бөлігінде нақты шекарасы бар айқын гиперемия, ісіну, жергілікті гипертермия анықталады.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?Тілме.Эритематозды формасы.
#19
*!Ер адам, 42 жаста. Жедел ауырып бастаған. Қарап тексергенде: дене қызуы 37,7°С. Status localis: бетінің оң жағында түбі қоңыр түсті струппен жабылған, гиперемиямен қоршалған жара анықталады. Беті ісінген. Жақ асты, мойын лимфа түйіндері ұлғайған, ауыру сезімді.
Патологиялық үрдістің осы орналасуы немен қауіпті?бетте орналасқан карбункул қауіпті себебі,ісіну жоғарғы тыныс жолдарына дейін таралып асфиксияға және өлімге әкеледі.
#20
*!Ер адам 45 жаста, емханаға келген. Шағымдары: оң қолының саусағындағы жара. Кәуәбші болып жұмыс істейді, бір апта бұрын етті өңдеген кезде қолын кесіп алған. Ауру 5 күн бұрын басталған: дене қызуы жоғарылаған. 4-ші күні саусағындағы жараны байқаған. Жара ауыру сезімісіз, бірақ қолы иыққа дейін ісіп кеткен. Жағдайы орташа ауырлықта. Status localis: оң қолының саусағында түбі қара түсті, гиперемиямен қоршалған жара, айқын ісіну байқалады. Оң жақ қолтық астындағы лимфаденит.
Жалпы қан анализінде: лейкоциттер – 20х109/л, т/я нейтрофилдер– 4 %, с/я нейтрофилдер – 88 %, лимфоциттер – 6 %, моноциттер – 2 %.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады:Сібір жарасы(түйнеме),терілік түрі.
#21
*!Ер адамды (25 жаста) жоғары фебрильді қызба, айқын бас ауыруы, беті мен мойынының гиперемиясы, миалгия мазалайды. Эпидемиологиялық анамнез: кене шаққан. «Кенелік энцефалиттің ықтимал жағдайы» диагнозы қойылған.
Аурудың қай түрі дамыған? Қызбалық түрі
#22
*!Кенелік энцефалиттің қай түрінің болжамы қолайлы?Қызбалық түрінің
#23
*!Талгар қаласының тұрғыны, 6-шы маусымда жедел ауырып бастаған: бас ауыруы, әлсіздік, жүрек айнуы пайда болған, дене қызуы 390С-қа дейін жоғарылаған. Объективті: жағдайы ауыр. Пациент тежелген, шүйде бұлшық еттерінің кернеуі +3 см, Керниг симптомы«оң». Бөртпе жоқ. Жоғары қызбамен және жалпы милық белгілермен қатар, науқаста «кеудесіне иілген басы» байқалады. Аурудан бес күн бұрын кене шаққан.
Қандай диагноз ең дұрыс болып табылады? Кенелік энцефалит Менингоэнцефалополиомиелиттік(полиомиелиттік) түрі.
#24
*!Әйел адам 38 жаста, Оңтүстік-Қазақстан обылысының Созақ ауданының тұрғыны. 4 күн бойы дене қызуы жоғарылаған, әлсіздік, бас ауыруы, дененің сынып ауыруы мазалаған. Бүгін мұрнынан қан кеткен. Объективті: дене қызуы 39,00С, беті мен мойыны қазарған. Склера қан тамырлары инъекцияланған. Ауыз-жұтқыншақта: шырышты қабаты қызарған, жұмсақ таңдайында қан құйылулар байқалады. Денесі мен қолдарында геморрагиялық бөртпе бар. Іші жұмсақ, ауыру сезімі жоқ, бауыры +1,0 см-ге ұлғайған
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?Конго-Қырымдық гемморагиялық қызба
#25
*!Ер адам, 33 жаста. 15-ші маусымда жедел ауырып бастаған. Шағымдары: дене қызуының 39С-қа дейін жоғарылауы, бас ауыруы, бұлшық еттерінің ауыруы, айқын әлсіздік, мұрыннан кету, кофе тәрізді құсу, қара түсті нәжіс. Объективті: жағдайы ауыр. Денесінде көптеген геморрагиялық бөртпе көрінеді. Гепатомегалия.
Жалпы қан анализінде: тромбоцитопения.
Ең ықтимал диагноз:Конго-Қырымдық гемморагиялық қызба
#26
*!Әйел адам, 35 жаста. Ауруханаға 5-ші мамырда түскен. Шағымдары: дене қызуының 39С-қа дейін жоғарылауы, айқын бас ауыруы, әлсіздік, жүрек айнуы, құсу. Эпидемиологиялық анамнез: өткен аптада Алма-Арасан тауларында болған, кене шаққан. Объективті: жағдайы ауыр. Беті қызарған. Шүйде бұлшық еттерінің кернеуі + 4 см.
Ең ықтимал диагноз:Кенелік энцефалит(менингеальді түрі)
#27
*!Ер адам, 37 жаста, бұзылған тағам жегеннен 6 сағат бұрын ауырған: іш ауыруы, жүрек айнуы, көп рет құсу, іш өтуі пайда болған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары бозғылт. ҚҚ 100/70 мм с. б. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауыру сезімді. Нәжісі сұйық, сулы, «ет жуындысы» сияқты. Асқазанды жуып, тазарту клизмасын жасаған соң науқастың жағдайы тез жақсарған.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?Тағамдық токсикоинфекция
#28
*!Студент, 18 жаста, бұзылған котлет жегеннен кейін 40 минуттан соң жедел ауырып бастаған. Шағымдары: әлсіздік, бас айналуы, эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, көп рет құсу, іш өтуі, дене қызуының жоғарылауы. Медициналық көмек көрсету бөлмесінде асқазанын жуғаннан кейін науқастың жағдайы жақсарған.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?Тағамдық токсикоинфекция
#29
*!Ер адам, 50 жаста, буфетте бұзылған тағам жеген. Бір сағаттан кейін әлсіздік, іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу пайда болған. Одан кейін іш өтуі басталған. Объективті: дене қызуы - 38,6С. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауыру сезімді. Нәжісі сұйық, қорытылмаған тағам қалдықтары қосылған.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?Тағамдық токсикоинфекция
#30
*!Бойжеткен 17 жаста, емханаға келген. Шағымдары: эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, жүрек айнуы, көп рет құсу, жиі іш өтуі, аяқтарының құрысуы. Эпидемиологиялық анамнез: базардағы асханада тамақтанған соң 4 сағаттан кейін аурып бастаған. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Дене қызуы - 37,5°С. Тері жабындылары бозғылт. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауыру сезімді. Ішек спазмы жоқ. ҚҚ - 90/60 мм с. б., пульс 98 рет/мин. Нәжісі көп мөлшерлі, сулы, "ет жуындысы" түстес.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?Тағамдық токсикоинфекция
#31
*!Бойжеткен 17 жаста, емханаға келген. Шағымдары: эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, жүрек айнуы, көп рет құсу, жиі іш өтуі, аяқтарының құрысуы. Эпидемиологиялық анамнез: базардағы асханада тамақтанған соң 4 сағаттан кейін аурып бастаған. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Дене қызуы - 37,5°С. Тері жабындылары бозғылт. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауыру сезімді. Ішек спазмы жоқ. ҚҚ - 90/60 мм с. б., пульс 98 рет/мин. Нәжісі көп мөлшерлі, сулы, "ет жуындысына" түстес.
Жалпы қан анализіндегі қандай өзгерістер осы ауруға тән?лейкоцитоз,нейтрофилез,ЭТЖ орташа жоғарылауы
#32
*!Бойжеткен 17 жаста, емханаға келген. Шағымдары: эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, жүрек айнуы, көп рет құсу, жиі іш өтуі, аяқтарының құрысуы. Эпидемиологиялық анамнез: базардағы асханада тамақтанған соң 4 сағаттан кейін аурып бастаған. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Дене қызуы - 37,5°С. Тері жабындылары бозғылт. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауыру сезімді. Ішек спазмы жоқ. ҚҚ - 90/60 мм с. б., пульс 98 рет/мин. Нәжісі көп мөлшерлі, сулы, "ет жуындысына" түстес.
Асқазан-ішек жолдарының зақымдалуының қай синдромы осы ауруға тән?
Достарыңызбен бөлісу: |