Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет12/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   168

АНЧОУС з а т. и х т и о л. Судың беті-

не  жақын 4-5 м  тереңдікте  жүретін  ең 

кішкентай шабақ; қамса. «А н ч о у с», «байыр-

ғы», «үлкенкөз»  деп  ақшабақтар  үлкен-

кішісіне қарай үшке бөлінеді дейді балық-

шылар (Жұлдыз, 1973, 4, 204). 



АНШЛАГ з а т. т е а т р. Сахналық қойы-

лымға адамдардың көп келуі, залға сыймай 

отыруы. Жұрттың ынтығуын айтып жеткізу 

қиын. «Айман-Шолпанды»  күнде  қоя-

мыз, күнде а н ш л а г (Жұлдыз, 1975, 4, 194).

АНЫҚТАЛУШЫ з а т. л и н г в . Анық-

талатын  сөз,  айқындалушы.  Бірінші 

сыңары а н ы қ т а л у ш ы болады (Қазіргі 

қаз. тілі, 223). 

АНЫҚТАҢҚЫРА е т. Анықтай түсу, 

нақтылаңқырау. Мұны а н ы қ т а ң қ ы р 

а п сұрап, ашып түсінуі керек еді, болмады 

(Б.Майлин, Таңд., 521). 



АНЫҚТАҢҚЫРАУ  Анықтаңқыра 

етістігінің қимыл атауы. 

АНЫҚЫРАҚ  с  ы  н.  Анықтау,  айқы-

нырақ. 

АНЮТАГҮЛ з а т. б о т. Шегіргүлдің бір 

түрі. Жазғы өсімдіктердің көбін гүл бүрін 

атқанда, ал ақкекіре, маргаритка, а н ю т а 



г ү л сияқты өсімдіктерді (гүлдерді) гүлдеп 

тұрған уақытында отырғыза беруге болады 

(С. Тұрдиев.., Үй өсімд., 175). 

АҢ: Аң қорығыш. Аңды қоритын адам 

(егерь). Əңгіме тыңдағанды қойып, а ң  қ о 

р ы ғ ы ш т а р ғ а «Бүкіл таудың аң-құсын 

құртып жүрген қорқау – міне, мынау» деп 

ту сыртынан сұқ саусағын шошайтатындар 

көбейді (К. Сегізбаев, Жап-жасыл., 6). Тіпті 

бір жылы он екі салалы дөнен бұғыны атып 

əкеліп, ащы қуырдақтатып отырғанда а ң



қ о р ы ғ ы ш т а р д ы əкеліп, үстімнен 

түсірді-ау (Бұл да). 



51

Байынқол Қалиев

АҢҒАЛАҚ з а т. Екі көздің айналасы, 

көз шұңқыры. Зейнеп те қарап еді, көзінің 

а ң ғ а л а ғ ы онан сайын үлкейіп кеткен 

екен, тұла бойым түршігіп қоя берді (Жа-

лын, 1975, 2, 146). Екі көзінің а ң ғ а л а қ

т  а  р  ы  суырып,  жасаурап,  ашқызбайды 

(Қаз. əдеб., 28.01.1977, 4). 



АҢҒАЛДАНУ  Аңғалдан  етістігінің 

қимыл атауы.

АҢҒАР з а т. Екі иықтың, екі аяқтың 

аралық қашықтығы (ауқымы). Таулы жерді 

мекендейтін  бүркіттердің  тұлғасы  кесек, 

көлденеңі ауқымды, а ң ғ а р ы алшақ келеді 

(А. Сейдімбеков, Тауға біткен., 85). Балақ 

жүндері салалана төгілген, а ң ғ а р ы кең, 

болат  тұяқты  ондай  тастүлек  құсты  мен 

одан кейін көрген емеспін (Ы. Кененбаев, 

Інжу-маржан., 23). 



АҢҒАРТТЫР  Аңғарт  етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. 

АҢҒАРТТЫРУ  Аңғарттыр  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

АҢҒАРУШЫ з а т. Бір нəрсені аңғарып 

қалған адам. 

АҢҒАРУШЫЛЫҚ з а т. Аңғарғандық, 

аңғарып қалғандық. 

АҢҒАРЫЛУ  Аңғарыл  етістігінің 

қимыл атауы. 

АҢҒАРЫМСЫЗДЫҚ  з  а  т.  Аңғару-

сыздық,  аңғара  алмағандық.  Жұмыста 

жайбарақат  отырып,  тиесілі  тірлігімді 

орындауға құлшынғанмен, ағзамдағы а ң ғ 

а р ы м с ы з д ы қ т а н асыл мүлкін қолды 

еткенге  ұқсас  алаң-жарлылық  қолымды 

іске  барғызбай-ақ  қойды  (А.  Мекебаев, 

Алапат, 251). Ал егер а ң ғ а р ы м с ы з д 



ы  ғ  ы  м  е  н  бақытын  уысынан  шығарып 

алып,  қаңғалақтап  қалса,  обалы  жоқ  (А. 

Мекебаев, Аңызақ, 170). 

АҢДАҒАЙ с ы н. Үлкен, дəу, əңгіредей. 

Бұлшық  еттері  білімденіп  буылтық  атып 

тұрған қарымен санынан бастап атан жілік, 

қаптал төс, а ң д а ғ а й тұлға одағайлап көз 

тартады (Жұлдыз, 1972, 6, 49). 

АҢДАУСЫЗДАУ ү с т. с ө й л. Байқау-

сыздауОтыр келін шымылдықта төгіліп, 

Ақшыл  қыжым  орамалға  көміліп.  А  ң  д 



а у с ы з д а у ашып қап ем... сұмдық-ай, 

Қызапамның бір досы ғой! Қорынып (Лен. 

жас, 12.03.1974, 4). 

АҢДАУЫМША  ү  с  т.  Байқауымша, 

білуімше.  Менің  а  ң  д  а  у  ы  м  ш  а,  жас 

талапкер С. Бексейітовтың тіл өрнегі, жыр 

тəсілі  айрықша  ізденісті  сездіреді  (Қаз. 

əдеб., 28.02.1975, 4). 



АҢДЫМАЛЫ с ы н. Бірін-бірі аңдыған, 

бақталас. Жетіру, жетпіс ата Қанжығалы, 

Бақталас бақа-шаян а ң д ы м а л ы. Ескене, 

тентек өзі екі жар боп, Жоситын барымтаға 

кейде малы (И. Байзақов, Құралай., 230). 



АҢЖАЛАҚ з а т. Түрлі витаминдердің 

жетімсіздігінен ауырған аңдар жалайтын 

тас,  топырақ  т.б.  Биік  жартастардың 

жақпарларынан  тамшылайтын  кермек 

дəмді тастың майы а ң ж а л а қ т ы жалады 

(К. Сегізбаев, Жап-жасыл., 89). 



АҢКӨС...  А  ң  к  ө  с  құсбегілердің 

қырандар  туралы  айтқанын  қағаз  бетіне 

түсіріп, түсіндірудің өзі өте күрделі жұмыс 

(Ж.  Бабалықов..,  Қырандар, 9). Қазақ  аң 

аулай  білетін,  ат  қосып,  ит  жүгіртіп,  құс 

салуды меңгерген жандарды а ң к ө с деп 

атайды (Ана тілі, 27.05.1996, 7). 

АҢКӨСТІК з а т. Аңшылық, аңқұмар-

лық. Қазақ халқының ертеден мəн берген

бір а ң к ө с т і к саласы қырандар тобын

пайдалану болды (Ж.Бабалықов.., Қыран-

дар, 5). Қару-жараққа сүйену – а ң к ө с т 



і к к е жатпайды (Ана тілі, 27.06.1996, 7). 

АҢҚИТТА... Таз биіктен суыр а ң қ и т 

т а д ы (Ə. Асқаров, Таңд., 263). 

АҢҚЫМА з а т. Аңқыған хош иіс. Шы-

нында да жусан исі жас саумалдың көкірек 

ашар а ң қ ы м а с ы н а көбірек ұқсайды 

екен (О. Сəрсенбаев, Жиде., 186). 



АҢСАҚТЫҚ з а т. Аңқұмарлық, аңкөс-

тік. Қарттардың а ң с а қ т ы ғ ы н да айт-

пасқа болмас (А. Сейдімбеков, Тауға біт., 191).



АҢСАРЛЫ  с  ы  н.  Аңсап  жүрген,  құ-

мартқан. «Алтын жұлдызды» жігіттермен 

арулар  туралы  романдар  тасқыны  əбден

асқынып  тұрған  кезде  оқыдық  (Ə. 

Нұрпейісов, Соңғы., 446). Осынау тағдырлы 

ұлт-азаттық қозғалысы туралы шығарылған 

дастандардың,  а  ң  с  а  р  л  ы  хаттардың, 

естеліктердің  басын  қосып,  көп  томдық 

етіп жарияласа, руханиятымызға қосылған 

үлкен үлес болар еді (Қалибек Хəкім., 90). 

Армансыз араладым десем асылық болар, 

бірақ а ң с а р л ы сусынымды қандырдым 

(Ана тілі, 20.11.08). 



АҢТАР  е  т.  к  ө  н  е.  Аңыру,  аңқаю, 

дағдару.  Ойқастырып  бөкенше,  Оқтын-

Оқтын жаздырып, Ойтаңдау жерден а ң т 



а р м а й (Базар жырау: Қаз. əдеб., 27.04, 

1990, 12). 



52

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

АҢТАРУ  Аңтар  етістігінің  қимыл 

атауы. 

АҢЫЗДА е т. с ө й л. Аңыз етіп айту. 

Мұны апамның «əуедегіні арбап, жердегіні 

жалмайтын» пысық деп а ң ы з д а й т ы н 

абысыны да аңғарған жоқ (Н. Қазыбеков, 

Тұсаукесер, 22). 

АҢЫЗДАУ Аңызда етістігінің қимыл 

атауы. 

АҢЫЗДАУШЫ  з  а  т.  Аңыз  айтушы. 

Жастық  шақты  Мұхтар  ессіз  құштарлық 

құшағында  жалын  құшып  өткен  дейді

а ң ы з д а у ш ы л а р (З. Қабдолов, Менің 

Əуезовім, 37). 



АҢЫЗДЫҚ с ы н. Аңызға негізделген, 

аңызға  қатысты.  Тарихи  тұлғалар  мен 

қайраткерлер туралы а ң ы з д ы қ жырларға 

кезек берелік (Бабалар сөзі, 89, 11).

АҢЫЛЖУ Аңылжы етістігінің қимыл 

атауы. 

АҢЫЛЖЫТ  Аңылжы  етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. Оның əр қыбырын 

аңдып  тықыршыған  күндері  мынау  айна-

ласын түгел а ң ы л ж ы т қ а н сар тап 

сағынышты да байқатпас еді (Ə. Кекілбаев, 

Бір уыс., 130). 

АҢЫЛЖЫТУ Аңылжыт етістігінің 

қимыл атауы. 

АҢЫРАҚ  з  а  т.  Жер  асты,  қуысы. 

Қарамайды,  əрине,  Жарлы  да  бір  бай 

дағы. Он сегіз мың ғаламның, Бəрін сал-

са  толмаған  Қара  жердің  а  ң  ы  р  а  ғ  ы

(Ө. Ақжолұлы, Үрятнама, 19).

АҢЫРАҚАЙ  з  а  т.  Марс  жұлдызы 

қазақша  осылай  аталады.  Бізге,  бүгінгі 

ұрпаққа мүлдем бөлек жаратылыс – Айдың 

да, Шолпанның да (Венера), А ң ы р а қ а й 

д ы ң да (Марс) бедер-бейнесі таңсық емес 

(А. Сейдімбеков, Серпер, 35). 



АҢЫРЫҢҚЫРА е т. Сəл аңыру, дағ-

дарыңқырау, бөгеліңкіреу. Əбсаттар а ң ы

р ы ң қ ы р а п қалды. Шырынкүлдің мына 

бейғам,  емін-еркін  мінезіне  таңданады 

(Жалын, 1974, 2, 34). 

АҢЫРЫҢҚЫРАУ   Аңырыңқыра 

етістігінің қимыл атауы. 

АҢЫСҚОЙ с ы н. Бір нəрсенің аңысын 

байқағыш,  аңғарымпаз.  А  ң  ы  с  қ  о  й, 

аңғарымпаз  қаламгерлердің  осы  айтқаны 

толайымен қазақ тілінің бүгінгі жай-күйіне 

де тиемелі (Қаз. əдеб., 01.08.1986, 10). 



АҢЫСТАМА  з  а  т.  Бір  нəрсенің 

аңысы, мəн-жайы. Нəйеті, ексемдеп, əлі-

мəлі,  кермалдасып,  шеккі  емес,  бəткерде 

қылды, мəнейі, а ң ы с т а м а т.б. тəрізді 

жергілікті  маңызы  бар  сөздерді  арқалап 

тұрған  жүгі  болмаса,  қазіргі  оқырманды 

баурай қоюы екіталай (Е. Ахметбеков, Егіз 

қайың, 85). 

АҢЫСТАТ  Аңыста  етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. Қазір Алуаның сөз 

əлпеті жақсылықпен қайтпағанын а ң ы с т 



а т т ы (Ұ. Доспанбетов, Ел есінде, 101). 

АҢЫСТАТУ  Аңыстат  етістігінің 

қимыл атауы. 

АҢЫСТАУ Аңыста етістігінің қимыл 

атауы. 

АПА з а т. Əкесі мен шешесінің əпкесі, 

қарындасы, сіңлісі. 

АПАЙ-ЖҰПАЙ  ү  с  т.  с  ө  й  л.  Апыл-

ғұпыл,  асығыс.  Почташы  (почта  ойынын 

жүргізуші) сөмкесінен қағаз, қаламды а п 



а й-ж ұ п а й уыстап жалаулатып қойып, 

əркімге  бір  ұсынады  (Е.  Əкімқұлов,  Пе-

ризат., 34).

АПАЙТӨСТІК з а т. 1. Кең кеуделілік

2.  а  у  ы  с.  Кеуде  қаққандық,  менмендік. 

Бірінші  себеп – жас  автордың  «мен», 

«мен» деп кеуде қақпайы, көкірек кермейі 

мөлшерден тым асып кетіп, ақылдылықтан 

гөрі а п а й т ө с т і к к е қарай ойыса берді 

(Қаз. əдеб., 05.04.1974, 3). 

АПАҚ з а т. к ө н е. Апақ-сапақ дегендегі 

апақ – «көк  жиек»,  сапақ – «бұлдыр, 

бұлыңғыр, қараңғы» деген сөз. Қазақ жөнді 

көре алмайтын кісіні сапақ дейді (Л. Буда-

гов, 1, 64). 



АПАЛАҚ-ҚҰПАЛАҚ ү с т. Тез арада, 

асығыс-үсігіс.  Түлкінің  күшігіндей  бір 

пəле тағы да зырқырап қаша жөнелетіндей 

қорқып, сен а п а л а қ-қ ұ п а л а қ атып 

тұрғансыңды (Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 146). 



АПАЛАУ  Апала  етістігінің  қимыл 

атауы. Еркелеу, а п а л а у былай тұрсын, 

бір ауыз тіл де қатпады (Ж. Нəжімеденов, 

Ақ шағыл, 135). 

АПАРА з а т. ж е р г. Ашытқы. А п а р а

қоспай нан ашымайды (Аймақтық сөзд., 64).



АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ: Апелляциялық 

сот. з а ң. Заңды күшіне еңбеген шешімдерді 

қайта қарайтын сот органы. А п е л л я ц 

и я л ы қ  с о т бұрынғы шешімді бекітуге 

немесе  жаңа  шешім  шығаруға  құқылы 

(Терминол. анықт., 10, 30). 

АППАҚ:  Аппақ  жұмыртқадай

Жұмыртқа тəрізді тап-таза, аппақ. Биыл 


53

Байынқол Қалиев

ғана қамыстан салынған шатырлы, сəнді, 



а п п а қ   ж ұ м ы р т қ а д а й мектеп анау 

тұр (Д. Рамаданов, Тастүлек., 23).



АППАРАТ з а т. с а я с. Белгілі бір сала-

ны басқаратын мекеме қызметкерлерінің 

жалпы  жиынтығы.  ≈  А  п  п  а  р  а  т 

қызметкерлері түгел жиналды. 



А п п а р ат   ж е т е к ш і с і .   А п п а р а т 

жұмысын басқаратын адам. – Қолымыз 

босаған сəтте, – деді а п п а р а т ж е т е к 



ш і с і тамағын кенеп қойып (М. Мəжитов, 

Аманғали, 26). 



АПСАНА з а т. к ө н е. Аңыз. Рисала 

(трактат),  табиб  (тəуіп,  дəрігер),  мүбəрек 

(құтты,  қайырлы),  а  п  с  а  н  а  (аңыз)  т.б. 

сөздер араб-парсы сөздеріне жатады (Қаз. 

əдеб., 17.05.1985, 7). 

АПТАРИҚА з а т. с ө й л. Аптаритет. 

-  Əй,  осы  қатын  атаулыда  ми  болсашы. 

Қарадан-қарап отырған мен сорлының а п 

т а р и қ а с ы н айрандай төгіп жолға түсті 

(Ə. Төреханов, Таудан түс., 150). 



АПШЫТ  Апшы  етістігінен  жасал-

ған  өзгелік  етіс.  Ағайынды  ренжіткен 

жəбірдің  емес,  аруақты  а  п  ш  ы  т  қ  а  н

ке сірдің  тұсындағы  анттың  шарты 

сол  (Ə.Кекілбаев,  Үркер, 548). Шəкең 

жастайынан-ақ  бапкерлік  пен  құсбегі-

лікті  қатар  ұстаған,  өзі  сүйген  өнерін 

тепшітпесе, а п ш ы т ы п көрмеген адам 

(Туған жер., 124). 



АПШЫТУ Апшыт етістігінің қимыл 

атауы. 

АПЫРТ е т. ж е р г. ТопырлатАлды-

артына қарамастан а п ы р т ы п лақтыра 

берген (С. Мұратбеков, Дос ізде., 150). 

АПЫРТУ  Апырт  етістігінің  қимыл 

атауы. 

АРА

1

 з а т. з о о л. Тропикалық орман-

дарда  тіршілік  ететін  тотықұстардың 

бір түрі. А р а л а р сөзді тез ұғады, қолда 

ұстауға  ыңғайлы  жəне  бірнеше  сөзді 

жаттауға  қабілетті  келеді  (Құстар, 57). 

Тотының ең үлкені – а р а . Ол Оңтүстік 

Американың  тропикалық  ормандарында 

өмір сүреді (Тірі табиғат, 37). 



АРА

2

: Ара желімі. Ара ұясынан қырып 

алынатын  қоңырқай  көкшіл  түсті  зат

Егер  жаздың  ыстық  күнінде  омартаны 

ашса,  қоңырқай-көкшіл  түсті,  хош  иісті 

затты көруге болады, міне, бұл прополис. 

Омарташылар оны а р а  ж е л і м і деп 

атайды (Ара шаруаш., 116). 



Ара  наны.  Ара  ұяшықтарына  ны-

ғыздалған,  үстіне  күрделі  ферментатив-

тік  процестен  өткен  бал  құйылған  гүл 

тозаңы (Ара шаруаш., 4). 

Ара сүті. Бал арасының сүті. А р а  с ү 

т і – жүрек жұмысын жақсартып, тəбетті 

ашатын  жəне  организмнің  түрлі  ауруға 

қарсылығын арттыратын бағалы шипалық 

зат (Ол кім. Бұл не? 1, 176). А р а  с ү т і н 

көп елдерде «корольдің тəтті тамағы» деп 

атайды (Ара шаруаш., 4). 



Ара уы. Бал арасының уы. А р а  у ы экс-

периментен мүдірмей өткен, біраз науқасқа 

ем, шипалы у (Ара шаруаш., 5). 

АРА

3

: Ара би. э т н. Аралық би; бейта-

рап би. Бұл кезде би лауазымының мынан-

дай түрлері болды: төбе би, а р а  б и, ауыл 

биі т.б. (Н.Мыңбатырова, Төле би., 22). 

Арасын  ашты.  Тату  жүрген  екі 

адамның  арасын  ажыратты,  араздас-

тырды. 

АРАБ:  Араб  жылқысы.  Ертеден 

белгілі,  арғы  тегі  Арабиядан  шыққан 

жылқы тұқымы. А р а б  ж ы л қ ы с ы өте 

сымбатты, ұзақ жүріске төзімді, əрі жүрдек 

келеді (Қаз. табиғ., 1, 145).

АРАБИ  с  ы  н.  Арғы  тегі  арабтан 

шыққан,  арабқа  барып  тірелетін.  Кейін

а р а б и жылқының тұқымы Европаға там-

тұмдап тарайды (Лен. жас, 30.08.1972, 3). 



АРАБТАН  е  т.  Араб  болып  кету, 

арабтың салт-дəстүрін сақтау. 

АРАБТАНДЫР  Арабтан  етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. 

А РА Б ТА Н Д Ы Р У   А р а б т а н д ы р 

етістігінің қимыл атауы. 

АРАБТАНДЫРЫЛ  Арабтандыр 

етістігінен жасалған ырықсыз етіс. Бұл 

меһран, а р а б т а н д ы р ы л ғ а н түрде михр-

джан деп аталды. Біздің «мейрам» дейтін 

сөзіміз осы меһраннан шыққан болу керек 

(М. Исқақов, Қаз., байырғы календ., 45). 

АРАБТАНУ  Арабтан  етістігінің 

қимыл атауы. 

АРАБШАЛА е т. Араб тілінде сөйлеу, 

араб тіліне аудару. 

АРАБШАЛАУ  Арабшала  етістігінің 

қимыл атауы. 

АРАБШЫЛДЫҚ з а т. Араб еліне бет 

бұрушы, араб мəдениетін жақтаушы. Ал 

енді өзге тілдерден келген осындай сөздерді 

баспасөзден  көзі  шала  қалса,  байбалам 

салатын, «діни сөз», «а р а б ш ы л д ы қ» 



54

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

деп ойбайлайтын өңештер табылады (Қаз. 

əдеб., 02.1988, 3). 

АРАЖЕГІШ з а т. з о о л. Негізінен бал 

аралары  мен  түкті  араларды,  олардың 

жұмыртқаларын жейтін жыртқыш құс. 

А р а ж е г і ш т е р жапырақты ескі ор-

мандар мен алаңқайларды, ағашы кесілген 

ормандарды  немесе  шабындықтарды 

мекендейді  (Құстар, 39). А  р  а  ж  е  г  і 



ш  т  і  ң  (осоед)  сыртқы  дене  пішініне 

қарағанда  кəдімгі  жыртқыштай  тұмсығы 

имек, тырнақтары өткір (Ж. Төреходжаев.., 

Жыртқыш құстар, 11). 



АРАҚАБЫРҒА з а т. ж а ң а. Бір нəрсені 

екіге бөліп тұратын қабырға (Бекіт. тер-

мин., 10). 



АРАҚОСПАҚ з а т. Лөкті айыр өркеш 

түйенің інгеніне шөгеруден пайда болған бу-

дан (Қазақш. мал атау., 55). Қазақтар түйені 

тұқымдарына  қарай  бекбатша,  қолбатша, 

қылағай, оқпақ, жамбоз, қалбағай, біртуар, 

а р а қ о с п а қ, мырзақоспақ т.б. деп атайды 

(Қаз. мал атау., 48). 



АРАҚҰЙРЫҚТЫЛАР  з  а  т.  з  о  о  л. 

Құйрығы араның тісі тəрізді насекомдар 

отряды. Бұл отрядтың (шарғақ қанаттылар 

отряды) өкілі а р а қ ұ й р ы қ т ы л а р 

(пильлилщики)  деп  аталатын  насекомдар 

(Қазақст. ауыл шаруаш., 1968, 11, 45). 



АРАЛА  з  а  т.  б  о  т.  Биіктігі 20 см 

дəрілік шөп. Жемісі соп-сопақ, ол шөптің 

басында  болады.  Можыға  қарағанда 

үлкендеу,  иісі  ерекше.  Мұны  да  ауызға 

салып, суын жұтады. Көптеген ауруларға 

(іш, көкірек ауруларына) ем (С. Қасиманов, 

Қаз.  ұлт., 16). А  р  а  л  а  н  ы  шай  сияқты 

қайнатып,  тұнбасын  жөтелгенде,  түрлі 

кеуде  аурулармен  ауырғанда,  суық  тиіп, 

қызуы көтерілгенде ішкізеді (Қаз. этногра-

фия., 1, 183). 



АРАЛАС Арала етістігінен жасалған 

ортақ етіс.

АРАЛАС:  Аралас  неке.  Екі  ұлт 

өкілдерінің  некелесуі.  Осыған  қарағанда 

а р а л а с  н е к е д е н арылу қазіргі кезде 

мүлде мүмкін емес нəрсе тəрізді көрінеді 

(М. Құдайқұлов, Құпия ғашық., 10). 

Аралас сандар. м а т. Құрамында бүтін 

жəне бөлшегі бар сандар, мыс., 2

3

2



 (ҚСЭ, 

2, 443). 



Аралас ұйқас. ə д е б. Бірнеше ұйқас 

түрі араласып келген ұйқас. Мəселен, біз 

бəріміз  білетін  егіз  ұйқас,  шалыс  ұйқас, 

қаусырмалы ұйқас, ішкі ұйқас, а р а л а с

ұ й қ а с, ақсақ ұйқас, шала ұйқас деген-

дер трагедияның өн бойында кездесіп оты-

рады (Қаз. əдеб., 18.03.1983, 6).

АРАЛИЯ з а т. б о т. Ірі жапырақты, 

көбінесе денесі тікенді келетін, бұтаның 

не  ағаштың  бір  туысы  (Т.  Мұсақұлов, 

Сөзд., 1, 43). Бұл əдіс (тамыр қалемшесі) 

тамырлары  бунақталған  а  р  а  л  и  я,  дра-

цена,  раушан  өсімдіктерін  көбейтуге 

қолданылады (С.Тұрдиев.., Үй өсімдік., 16). 

АРАМ:  Арам  ас.  Мұсылмандардың 

ішіп-жеуіне болмайтын (халал емес) ас. 

Арам өлім. Өзіне-өзі қол салып (асылып, 

у ішіп т.б.) өлген өлім (А. Нүсіпоқасұлы.., 

Ағаш бесік., 5, 64). 



Арам  сирақ.  Елмен  араласпайтын, 

жат болып кеткен (адам). – Оспан а р а м 

с и р а қ. Ол елден шыққан, жат боп кеткен 

(Жұлдыз, 1974, 8, 43). 



Арам  тамыр.  Қан  ұйып  қалған, 

бұзылған тамыр. – Мына сандағы а р а м 

т а м ы р д ы алмаса, ет арам болады, – деді 

(С. Жүнісов, Заманай., 175). 



АРАМДАН  е  т.  Арам  болу,  былғану. 

Енді ақыры а р а м д а н ғ а н екен, біржола 



арамдану  керек  секілді,  соны  қалайда 

ол  денесімен  сезініп  жатыр  (Р.  Тоқтаров, 

Ғасыр наны, 211). 

АРАМДАНУ  Арамдан  етістігінің 

қимыл атауы. 

АРАМДАУ  с  ы  н.  Аздаған  арамдығы 

бар, арам ниеттілеу. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет