Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет158/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   168

ШЕЖІРЕЛЕУ...  Сізге  бұдан  арғысын 

ш е ж і р е л е у д і ң жөні де келмес деп 

тоқтадым (Жұлдыз, 1973, №5, 45). 



ШЕЖІРЕНАМА  з  а  т.  с  ө  й  л.  Жыл-

нама.  «Бұл  суландыру  жүйесінің  ұзына-

бойына, - делінген 1860 жылғы бір ш е ж 



і р е н а м а д а, - арпа, бидай, тары, күріш, 

қарабидай жақсы өсті» (Қазақст. ауыл ша-

руаш., 1967, №1, 29). 

ШЕЖІРЕШІЛДІК...  Мəшһүр  Жүсіп 

Көпеевке өзінің табиғи дарыны, ш е ж і р 



е ш і л д і г і, халық ауыз əдебиеті үлгілерін 

жинауға деген құштарлығы аз əсер етпесе 

керек (Қаз. əдеб., 26. 08. 1983, 12). 

ШЕЖІРЕШІШЕ  ү  с  т.  Шежіреші 

тəрізді, шежіреші сияқты. Тарихтың құ-

былмалы  сан  кезеңдерін  философша  тү-

йіндеп, социологша талдайтын, ш е ж і р е

ш і ш е тізетін еді (Қаз. əдеб., 17. 01. 1975, 3). 

ШЕЙІТТІК  з  а  т.  Шейіт  болғандық, 

құрбандық. Өкінбеймін, егер мен өліп кет-

сем, Ш е й і т т і к дəрежеге жақсы жет-

сем. Мойныма қанын жүктеп өтемін ғой, 

Əркімге бұл баланы əлек етсем (Батырлар 

жыры, 6, 42). 

ШЕК

1

:  Шек  беру.  д  і  н  и.  Құрбан 

айттың  бірінші  күні  қайтыс  болған 

туысына  (туыстарына)  арнап,  құран 

оқытып,  мал  сойып,  берілетін  нəзір  ас. 

Əдетте ш е к  б е р у г е ниет қылған қаралы 

отбасы  мүшелері  алдымен  бейіт  басына 

барып, марқұмға бағыштап құран оқытады 

(А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 5, 92). 

ШЕК

2

:  Шек  салды.  Тайдың,  құлын, 

жабағыландың танауын шекіп белгі салды. 

Ш  е  к  союға  сатуға  болмайтын,  өсімтал 

жүйрік,  жорға,  шаруашылыққа  тиімді 

болғандықтан,  тұқымын  қалдыру  керекті 

малдарға  с  а  л  ы  н  а  д  ы  (С.Қасиманов: 

Қазақ календары, 1975, 19. 04). 

ШЕК

3

:  Шек  салды.  ж  е  р  г.  Жеребе 

салды,  жеребе  тартты.  Екеуі  келісе 

алмай,  ақырында  шетелден  келген  жур-

налистерден көргеніне бағып, ш е к  с а л 

ы с п а қ болды (Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 

107). – Онан да ш е к  с а л а л ы қ, - деді де

біреуі аттың тізгінін қолына орай бастады 

(Шыңғыс хан, 223). 



ШЕКАРАЛАСТЫҚ  з  а  т.  Шекарасы 

бір (шектес) болғандық. Ш е к а р а л а с 

т ы қ қаралай туыстырып жіберетін болса, 

Россия шығысындағы Қазанды қара қанды 

судай  ағызып  жүріп  бағындырар  ма  еді 

(Ə.Кекілбаев, Үркер, 202). 



ШЕКЕ:  Шекесін  қыздырмады. 

Жетістірмеді, нəтиже шығармады. Бок-

стан  бірінші  нокаудтан  кейін  қол  үздіңіз. 

Күресіп те көрдіңіз. Оның да ш е к е с і н

қ ы з д ы р м а й шығып кеттіңіз (Қ.Олжай, 

Қанат байла., 179). 



Шекесін  шылқытпады.  қ.  Шекесін 

қыздырмады. Өз өмірімізде спорттың ш е 

к е с і н  ш ы л қ ы т п а п п ы з (Қ.Олжай, 

Қанат байла., 76). 



Шекесі  торсықтай.  Маңдайы  кере 

қарыс,  балпанақтай  (ұл).  Енді,  міне, 

Нұрахметке ш е к е с і  т о р с ы қ т а й ұл 

тауып беріп отыр (Қарақат тер., 62). 

ШЕКЕҚҰРТ з а т. в е т. Малда болатын 

аурулардың  бір  түрі.  Торғай  даласын-

да  жылқының  ш  е  к  е  қ  ұ  р  т  ауруы  өте 

жиі болып тұратын. Ш е к е қ ұ р т бол-

ған  жылқының  бір  жақ  милық  шұңқыры 

ісінеді.  Ем  қолданбаса,  ісінген  милық 

іріңдеп,  жарылады  (Х.Арғынбаев,  Қаз. 

этногр., 142). 

Ш Е К Е Л Е :   Ш е ке л е й   қ а р а д ы . 

Шекесінен  қарады,  менсінбеді.  Төбет 

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі


661

Бесобаға қитар көзімен, ш е к е л е й  қ а р 



а д ы да, сөзін жалғастырды (М.Мағауин, 

Аласапыран, 92, 92). Əншейінде  басын 

имей ш е к е л е й  қ а р а й т ы н тарпаңдар 

ғой (Ə.Кекілбаев, Үркер, 250). 



ШЕКЕЛІК з а т. Қыздардың (əйелдер-

дің)  бас  киімінің  шеке  тұсына  тағыла-

тын  əшекей  бұйым.  Қазақ  қыз-келіншек-

тері  жүзік,  сақина,  балдақ,  білезік, 

құстұмсық  жүзік,  сырға,  ш  е  к  е  л  і  к

шашқап,  шолпы,  шашбау  сияқты  əшекей 

бұйымдарын  таққан  (Қаз.  этнография., 

1, 316). Зергерлер  бұл  құрал-жабдықтар-

мен  білезік,  жүзік,  сақина,  үзбе,  ш  е  к  е 

л  і  к,  үкіаяқ,  қоза  сияқты  сəн-салтанат 

бұйымдарының сыртын безеп əшекейлейді 

(Шаңырақ, 393). 

ШЕКЕМТАС...  Сақалы  сапсиып, 

қыздармен ш е к е м т а с ойнағанының 

өзін  жұрт  сырттай  келеке  етуші  еді 

(Т.Əлімқұлов,  Ел  мен  жер, 106). Кенен 

жасынан пысық болған. Салтаяқ, ауыртаяқ, 

жорғатаяқ, орамал жасырмақ, тақиятеппек, 

маймұрын, соқыртеке, қақпатас, асық, ш е 

к е м т а с тəрізді қойшылардың ұпай ой-

ынымен өз қатарын ұтып жүреді (Жұлдыз, 

1974, №5, 188). 

ШЕККІ... Əділ, сірə, арақты ш е к к і

көрмейтін. Бүгін де бір шөлмекті ала шы-

ғып еді (Ш.Мұртазаев, Қара маржан, 61). 

ШЕКШЕК... Тек ш е к ш е к қана ала-

бота арасынан жағы тынбай шырылдайды 

(Ш.Мұртазаев, Интернат., 6). 

ШЕКШЕКЕЙ з а т. с ө й л. Шəк-шəк. 

Бəтима  жеңгесі  жаңа  жылға  əзірлеген 

майтоқаш, ш е к ш е к е й, құстіл, самсала-

рын қайнысының аузына тосып, əр түрінен 

омырып  əкеліп  алдына  жайып  салды 

(Х.Рахимов, Сеңгір сырлары, 201). 



ШЕКІЛДЕУІК:  Шекілдеуік  майы. 

Шекілдеуік  дəнінен  алынған  сұйық  май. 

Ол ойылып қалған алақанына ш е к і л д е 



у і к  м а й ы н жағып, сəл кебіңкірегенінен 

кейін қолын дəкемен қалың етіп орап алды 

(І.Есенберлин, Махаб. мейр., 220). 

Шекілдеуік шақты. Шекілдеуікті ау-

зына салып, оның дəнін қабығынан айырып 

жеді. Екеуі де тастан қына терген ешкіше 

ауыздары шөпшіңдеп, ш е к і л д е у і к ш а 



ғ ы п келді (С.Сейфуллин, Əңгім. мен по-

весть, 60). Келіншек ш е к і л д е у і к  ш а 



ғ ы п отыр. Өзі ш е к і л д е у і к  ш а ғ у ғ а 

шебер-ақ (Ə.Тарази, Асу, 169). 



ШЕКІЛДЕУІКТІ  с  ы  н.  Шекілдеуігі 

бар,  шекілдеуігі  мол.  Төменгі  таулық 

аймақта  ш  е  к  і  л  д  е  у  і  к  т  і  жеміс  тұ-

қымдарын отырғызған жөн (Қазақст. ауыл 

шаруаш., 1957, №9, 58). 



ШЕКІЛДЕУІКШЕ  ү  с  т.  Шекілдеуік 

тəрізді,  шекілдеуік  сияқты.  Ол  қолына 

тигенді  ш  е  к  і  л  д  е  у  і  к  ш  е  үгіп  отыр 

(Ж.Тілеков, Жоңғар., 46). 

Шекілдеуікше шақты. Белгілі бір істің 

жай-күйін жақсы білді, оны оп-оңай істеп 

тастады д.м. Шығыс жекпе-жегі туралы 

талай кітабыңды ш е к і л д е у і к ш е  ш а қ



қ  а  н  (Қ.Жиенбай,  Даңқ., 130). Командир 

сонымен  қоса  құрылыстың  қыр-сырын



ш е к і л д е у і к ш е  ш а ғ а т ы н адам 

болуға тиіс (Лен. жас, 22. 06. 1973, 3). 



ШЕКІМЕЛЕУ  з  а  т.  Шекіп  ою-өрнек 

салу  тəсілі,  бедерлеу.  Соғылған  күмісті 

жылтыратып,  майда  нақыштармен  ш  е 



к  і  м  е  л  е  у  тəсілімен  өрнектеп,  тартым-

ды,  құлпырмалы  түсте  келтіретін  болған 

(Қазақст. əйелдері, 1983, №9, 25). 

ШЕЛДЕН  Шелде  етістігінен  жасал-

ған ырықсыз етіс. ≈ Терілер əлі ш е л д е н

б е п т і. 

ШЕЛДЕНГІШ с ы н. Шел пайда болу, 

май  біту  сипаты.  Жан-жануардың  көбі 

жасы толған сайын, шар тартып егделен-

ген  сайын  қоренділенеді.  Май  жинағыш, 

ш  е  л  д  е  н  г  і  ш,  шайырланғыш  келеді 

(Ж.Бабалықов, Қырандар, 118). 



ШЕЛЕК з а т. в е т. Түйе тұқымында 

болатын жұқпалы індет; ақшелек (Туған 

тіл, 2009, №3, 55). «Сибирская язва» қойда 

–  топалаң,  жылқыда – жамандат,  сиырда 

– қараталақ, түйеде – ш е л е к, адамда – 

күйдіргі аталады (Ана тілі, 16. 05. 1991, 7). 

ШЕЛЕКТЕТІП  ү  с  т.  Шелек-шелек 

етіп,  көп  шелекпен.  Ш  е  л  е  к  т  е  т  і  п 

су  тасытқызды  (Ə.Нұршайықов,  Махаб. 

жырлары, 358). 

ШЕЛЕКТІК  с  ы  н.  Бір  шелек  су  си-

ятын.  Үлкен  ш  е  л  е  к  т  і  к  сары  сама-

уыр  еңкейді,  тарелкедегі  май  таусылды 

(З.Ақышев, Ақбел асуы, 183). 

ШЕЛМАЙ з а т. Тері асты майы. Мал 

мен аң терісінің өң бетінде жабысып тұрған 

жұқа шандыр қабатты тілімізде шел деп атай-

ды да, шел мен тері арасына біткен майды 



ш е л м а й дейді (Ж.Бабалықов.., Қырандар, 

50). Иленген терінің ш е л м а й ы н қырып 

тастаған абзал (Қаз. əйелдері, 1988, №3, 39).

Байынқол Қалиев


662

ШЕЛТЕҢДЕ  е  т.  Шелию,  шелтию, 

шітірею.  Əкім  болдым  деп  сен  жүрсің

ш е л т е ң д е п. Қара су ішіп біз отырмыз 

(С.Елубай, Ақ боз., 150). 



ШЕЛТЕҢДЕУ  Шелтеңде  етістігі-

нің қимыл атауы. 

ШЕЛІ е т. с ө й л. Шелде. Сосын исіңді 

болған  теріні  кермеге  іліп,  қырғышпен 

қырады, ш е л и д і, шелін алады (Жалын, 

1973, №1, 83). 



ШЕМЕЙ з а т. и х т и о л. Майбалық кей 

жерде осылай да аталынады (Қаз. табиғ., 

3, 272). Арал  теңізіндегі  негізгі  кəсіптік 

балықтар:  тыран,  сазан,  амур  тортасы. 

Сондай-ақ, қаяз, ш е м е й, жайын, шортан, 

көксерке,  қылышбалық,  ақкөз,  аққайран, 

қызылқанат, ақмарқа т.б. (Қ.Қайымов, Зо-

ология., 78). 

ШЕМІРШЕК  з  а  т.  в  е  т.  Жылқыда 

болатын ауру; тышқаншық. Ел арасында 

тышқаншық,  шеміршек,  алаңорақ  де-

ген  ауру  аттары  бар.  Бұл  үшеуі  бір  ауру. 

Тышқаншық болған жылқының екі танауы 

делдиіп кетеді. Елдің ш е м і р ш е к деп 

жүргені осы (Ж.Бабалықұлы, Мал ауруы., 

10).  Мініп  жүрген  жылқыда  қысы-жазы 

бірдей кездесетін кершеу немесе ш е м і р ш 



е к, қуқұмалақ деп аталатын аурулар болады 

(Х.Арғынбаев, Қаз. этногр., 79). «Ш е м і р 



ш е к т і ң» де пайда болуы осы тəріздес. 

Терлеп  келіп  су  ішкен  кейбір  жылқы-

ның  танауының  астыңғы  жиегі  сү-

йелге айналады (Алматы ақшамы, 13. 11. 

1991, 3). 

ШЕМІШКЕШЕ ү с т. Шемішке тəрізді, 

шемішке сияқты. 

Шемішкеше  шақты.  Бір  істі  жақсы 

біледі;  оңай  істейді  д.м. – Мен  əлгі 

есебіңе  немін..,  сен  ш  е  м  і  ш  к  е  ш  е



ш а ғ а с ы ң (Т.Жұртбаев, Жер-бесік, 211). 

Ағайға қажеті – есепті ш е м і ш к е ш е



ш а ғ у ы ң, формулаларды жаңылмай жатқа 

соғатындай  білуің  керек  (Ə.Қалдыбаев, 

Таңд. шығ., 3, 99). 

ШЕНДЕ  е  т.  Арба  дөңгелегіне  шен 

кигізу. Арбасының дөңгелегін ш е н д е п

даярлап  қойды  (Б.Соқпақбаев,  Балалық 

шақ., 24). 

ШЕНДЕЛ  е  т.  Сыртын  қапталу.

Ең сыйлы орынға қаңылтырмен ш е н д е л 



г е н тері қалқанға шынтақтап, ашаң өңді

ер  адам  отырыпты  (Ə.Əлімжанов,  Жау-

шы, 25). 

ШЕНДЕЛУ Шендел етістігінің қимыл 

атауы. 

ШЕНТЕМІР  з  а  т.  Арба  дөңгелегінің 

сыртынан айналдыра кигізіліп бекітілген 

шеңбер  түріндегі  тұтас  темір  құрсау 

(Қаз. этнография, 1, 36). Арба дөңгелегінің 



ш е н т е м і р і түскелі тұр (Ə.Əлімжанов, 

Махамбет., 242). 



ШЕНТОН з а т. к ө н е. Ханның киюіне 

арнап, алтынмен аптап, күміспен күптеп 

тігілген  сəнді  сырт  киім.  Абылай  ақ 

киізге  отырғызылып,  үстіне  ш  е  н  т  о  н

басына мұрақ кигізілді (Қазыбек бек, Түп-

тұқияннан., 386). 



ШЕҢБЕКТЕ...  Нұрбек  маңдайын

ш е ң б е к т е й ұстап, үнсіз отырып қал-

ды (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш., 1, 415). 



ШЕҢБЕКТЕС е т. с ө й л. Шеңгелдес. 

Екі шал ш е ң б е к т е с т к е н бүркіттей 

тағы да тіресіп қалды (Қ.Жұмаділов, Ата-

мекен, 133). 



ШЕҢГЕЛ з а т. б о т. 1. Шөл-шөлейтті, 

сортаңды  жерлерде  өсетін,  ұзындығы 

2-3 м-дей тікенді бұта. 2. Осы өсімдіктің 

сүрегі. Бұл мақсатқа жергілікті құрылыс ма-

териалдары: қамыс, ш е ң г е л, жыңғыл кең 

пайдаланылуда (Еңбек туы, 06. 02. 1965).

ШЕҢГЕЛДЕСУ Шеңгелдес етістігінің 

қимыл атауы. Мұндай жағдайда қос бүр-

кіттің, сөз жоқ, ш е ң г е л д е с у л е р і ғажап 

емес (А.Сейдімбеков, Тауға біткен., 187). 

ШЕҢГЕЛДІК з а т. а у ы с. Зиянкестік, 

залалдық,  қастық.  Намыстансаң,  түзу 

бол,  қыл  елдікті,  Салыстырма,  бұрынғы 

қой,  белдікті.  Ат  құйрығын  шолақ  қып 

жұлатұғын, Тастаңдар қара бүрген, ш е ң 



г е л д і к т і (Мəшһүр Жүсіп, Шығ., 248). 

ШЕҢГЕЛСІЗ  с  ы  н.  Шеңгел  өспеген, 

шеңгелі жоқ. – Егер түйелерден сапалы жүн 

алғың келсе, бұл малды əр уақытта бұтасыз, 



ш е ң г е л с і з өріске жайып бағу керек 

(Қазақст. ауыл шаруаш., 1965, №10, 29). 



ШЕҢГЕЛШЕ  ү  с  т.  Шеңгел  сияқты, 

шеңгел тəрізді. Тал жібектей таза сөз Еш 

жеріңді  жырмайды.  Жағдайсыз  сөздің 

мысалы  Ш  е  ң  г  е  л  ш  е  етек  тырнайды 

(Т.Ізтілеуов, Назым, 76). 



ШЕПҚАЛҚАН  з  а  т.  к  ө  н  е.  Жау-

ынгерлерден  құрған  қалқан,  бөгет.  Сол 

себепті  Нұра  қатқылының  төрт  жағынан 

елу шақырымдай жерде мың жауынгерден 

ш е п қ а л қ а н құрған (І.Есенберлин, Ал-

мас., 230). 



Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

663

ШЕРБЕШНАЙ з а т. с ө й л. Ұланқайыр 

жиын, сиез. Бұның айтуынша қазір қалада 

алты  дуан  елі  бас  қосқан  ұланқайыр 

үлкен бір ш е р б е ш н а й боп жатыр екен 

(М.Əуезов, Таңд. шығ., 4, 379). 



ШЕРБИ з а т. Ойын қартасының жү-

рек пішінді, қызыл түсті бір түрі; қызыл-

айыр (черви, поп). Оның ш е р б и д і ң тұзы

құсаған екі кісі зорға сиятын тар аузы жазда

Есілдің  суы  көтерілгенде  көзден  тасала-

нып  көрінбей  кетеді  (Р.Тоқтаров,  Ғасыр 

наны, 152). Көсемсары екеуміз түнде қарта 

ойнап, мидың қатпар-қатпарына сіңіп кет-

кен үйір-шүйір крес, қарға, ш е р б и, бо-

биларды салқын сыраның көбігімен үркітіп 

тұрғанбыз (Лен. жас, 29. 12. 1973, 4). 

ШЕРЕ... Сөйтті де, ауыз үйдегі біреу-

лерге айқай салды: - Тағы да бір ш е р е сам-

трест  коньягін  əкеліңіздер  (І.Есенберлин, 

Шығ. жин., 1, 23). 



Ш Е РЛ Е С . . .   Б і з   е м е н - ж а р қ ы н 

сырластық,  мұңдастық,  ш  е  р  л  е  с  т  і  к 

(Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 117). 

ШЕРМЕН: Шермен тартқан. ж е р г. 

Шермиген, шертиген, қампиған. Əуелгідегі 

ортадан сұңғақтау келген тұрқы бұл күнде 

тоғанақтана, үрген бүйен сықылды ш е р

м  е  н    т  а  р  т  қ  а  н  (К.Ахметбеков,  Ақ-

дала, 2, 47). 



ШЕРМІШ...  Өсе  келе  құбыжығын 

көз  көрді,  Орыс  келіп  елдің  іші  өзгерді. 

Құбыжықтар  болмай  қалды  құбыжық

Ш  е  р  м  і  ш  деген  тілімізге  сөз  енді 

(Б.Ысқақ, Тастағы., 21). 



ШЕРНЕК  з  а  т.  ж  е  р  г.  Маңдай. 

«Бұйырған  қашпайды».  Құдайдың  ш  е 



р  н  е  к  к  е  жазған  жазуынан  кім  қашқан 

(Ə.Байбол, Теміржол., 50). 



ШЕРТІЛУ...  Өзінен  өзі  жыр  болып 

төгіліп, сыр болып ш е р т і л у г е дайын 

тұрған бұл тақырыпқа əлі де талай қалам 

тартылары  хақ  (Қазақст.  ауыл  шаруаш., 

1965, №5, 42). 

ШЕРТІП ү с т. Толып, шіпілдеп. Əбден 

ашып, ш е р т і п тұрған бір тостаған айран-

ды Мəдина дем алмай жұтты (К.Жүнісова, 

Қимаймын., 125). 



ШЕРШЕУ... 2. Малдың  танауына, 

ерніне шеміршек өсіп кететін ауру. Малшы-

лар арасында тышқаншық, шеміршек, ш е р 



ш е у аталып жүрген ауруларды да қаталар 

қатарына жатқызады (Ж.Бабалықұлы, Мал 

ауру., 51, 55). 

ШЕРІК з а т. к ө н е. 700 грамға тең 

өлшем  бірлігі. – Бір  ш  е  р  і  к  қымыз... 

–  деп  аузыңнан  шығуы-ақ  мұң,  Шəкет 

жылп етіп, бір үлкен бөтелкені алып келді 

(Ж.Аймауытов, Шығ., 411). 



ШЕРІС з а т. с ө й л. Жүннен тоқылған 

мата;  шерст.  Ол  көк  түсті  ш  е  р  і  с  т 

е  н  жағымды  етіп  кəстөм-шалбар  киіп, 

ақсары түсті галстук тағыпты (Т.Əлқанұлы, 

Тірліктен., 299). Ауқатты  бай  адамдар 

құда-құдағилар  мен  құда-жегжаттарға 

сый-сияпат (киіт, кəде т.б.) ретінде қасқыр 

ішік,  құндыз  жағалы  тон,  бағалы  шапан,



ш  е  р  і  с,  доқаба,  торғын  көйлек-көншік 

жəне кездемелер береді (А.Нүсіпоқасұлы, 

Ағаш бесік., 3, 75). 

ШЕТЕ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Моғолдарды 

шағатайлықтар  осылай  атаған;  жете 

(І.Есенберлин, Алмас., 182). 



ШЕТЕЛДІКТЕРШЕ ү с т. Шетелдіктер 

сияқты,  шетелдіктер  тəрізді.  Өтірік-

шынын анық білмеймін, мұндағы жергілікті 

тұрғындар бізді, алматылықтарды ш е т е л-

 д і к т е р ш е жазбай таниды екен (С.Оспанов, 

Сопы., 278). 



ШЕТЕН__1'>ШЕТЕН

1

 з а т. ж е р г. Айналасы талмен 



тоқылған, үсті ашық қора, шарбақ. Жады-

ра сиырды айдап тастаған соң, ш е т е н д 



е г і қой-ешкіні нұралыққа қарай ысырып 

салды да, таңертеңгі шай жабдығына кірісті 

(Ə.Əлішев, Бəйтерек., 41). Мойындарында 

бір  түсті  шүберек  байлаулы,  құлақтары 

селтеңдеген егіз лақты ш е т е н н е н алып 

берді (М.Қаназов, Ақ тайлағ., 136). Өтеген 

оны  екі  үйдің  арасындағы  қайыр  талдан 

тоқыған  ш  е  т  е  н  қорадан  көріп  отыр 

(Жұлдыз, 1970, №10, 104). 

ШЕТЕН

2

  з  а  т.  ж  е  р  г.  Үстіне  бір 



нəрсе  қоюға  арналған  кішкентай  текше; 

тумбочка.  Сосын  «оны-мұныға  жаратар-

сың»  деп  бір  уыс  қағаз  ақшаны  кереует-

тің  бас  жағында  тұрған  аласа  ш  е  т  е  н-

н  і  ң  үстіне  қойды  (Қ.Мұханбетқалиев, 

Жаңғырық, 118). 



ШЕТҚАҚПАЙЛАТ  Шетқақпайла 

етістігінен  жасалған  өзгелік  етіс.  Бірақ 

бұл баяғы Наташа болса, Артурды ш е т қ 



а қ п а й л а т п а с (Ш.Мұртазаев, Жұлдыз 

көпір, 50). 



ШЕТҚАҚПАЙЛАТУ Шетқақпайлат 

етістігінің қимыл атауы.

ШЕТҚАҚПАЙЛЫҚ з а т. Шетқақпай 

болғандық,  шеттетілгендік.  Көпшілік 

Байынқол Қалиев

664

ықыласын  ылғи  да  бір  өзіне  аударып 

үйренген  ана  əлдекімдерден  ш  е  т  қ  а 

қ  п  а  й  л  ы  қ  көргендей  қызғаныштан 

іші  күйіп  намыстанып  қалды  (Ө.Ахмет, 

Қарқаралы., 77). – Дегенмен  ш  е  т  қ  а  қ 

п  а  й  л  ы  қ  көретін  шығар? – Иə,  тиісті 

ырзық-несібесінен қағылатын кездері көп 

(С.Оспанов, Сопы., 266). 

ШЕТҚҰЛАҚ с ы н. Ешнəрсеге арала-

спайтын, қатысы жоқ (адам). Ол қаралған 

мəселені егжейлеуге қатысы жоқ кісідей ш 



е т қ ұ л а қ, сырткөз күйде отырған секілді 

(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 418). 



ШЕТТІК  з  а  т.  Ердің  екі  артқы 

қапт алындағы   құйысқан   ұшт ары 

бекітілетін айылбас, жырым немесе доға, 

қайысбау.  Кейбір  ерлердің,  көбінше  əйел 

ерлерінің алдыңғы қапталында да ш е т т 



і к болады (Ата салты., 104). 

ШЕТ-ШЕГІ  з  а  т.  Бір  нəрсенің  шеті, 

шегі, аражігі. Қазақ халқы адамгершілікті, 

адалдықты ерекше дəріптеп, ақ пен қара, 

жақсы мен жаман, адал мен арамның ш е т-

ш е г і н қатаң айырған (А.Нүсіпоқасұлы.., 

Ағаш бесік., 1, 90). 



ШЕТІН  с  ы  н.  Ерекше,  бөлекше, 

айырықша. Осындай ш е т і н жайлар сөз 

бола қалса, көздерін аударып кететін адам-

дар бұлар емес-ті (Ғ.Мүсірепов, Ұлпан, 158, 

229).  Бұл  қазіргі  өскелең  заман,  жарқын 

шындығымызбен мүлде қатыспайтын ш е т 

і н жай еді (М.Мағауин, Көк мұнар, 31). Көк 

еркесін қайырып, дүз тағысын ілгізу – кез 

келген  адамның  қолынан  келе  бермейтін

ш е т і н өнер (Туған жер., 124). 

ШЕШЕКСІЗ  с  ы  н. 1. Шешегі  (гүлі) 

жоқ. 2. а  у  ы  с.  Гүлдемейтін,  жеміс 

бермейтін.  Құрылған  тор,  қазылған  ор 

біздің елде есепсіз, Тұлпар жарыс бір рет 

те өткен емес есексіз. Есек мінген қанатсыз 

топ  жүрмес  тассыз,  кесексіз.  Кесектінің 

барлығы да рухсыз, гүлсіз, ш е ш е к с і з 

(М.Шаханов, Мəңгүрт., 202). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет