ҚҰМЖЕМІЛ... Мə, мына дəріні іш.
Қ ұ м ж е м і л қосылған дермененің сөлі
ғой (Қ.Жұмаділов, Дарабоз, 2, 301).
ҚҰМҚАЗАР... Көп қылшықты теңіз
буылтық құрттарының бірі – қ ұ м қ а з а
р д ы ң дене құрылысындағы ерекшелігі
жəне оның тіршілік əрекеті еріксіз назар
аударады (Қ.Қайымов, Зоология., 9).
375
Байынқол Қалиев
ҚҰМҚҰС з а т. з о о л. Құмда тіршілік
ететін құстардың бір түрі (песчанка)
(Ана тілі, 21.08.2008).
ҚҰМСАҒЫЗ з а т. Құмсағыз өсімдігінің
тамырынан алынатын сағыз. Ол қылша
түстес тарам-тарам өсімдікті жұлып алып:
- қ ұ м с а ғ ы з осыдан шығады, - деді
(Р.Қилыбаев, Өмір өткел., 38).
ҚҰМСАҒЫЗДЫ с ы н. Құмсағыз
өскен, құмсағызы мол. Қарта бұйрат, қос
қолат, қ ұ м с а ғ ы з д ы құмым-ай. Тауым,
сүттей суың-ай, сылдырлай тұр əзірше
(І.Жансүгіров, Шығ., 166).
ҚҰМСАЗДАҚ з а т. Құм мен саз қосылып,
тастай болып қатып қалған минерал.
Скважинадан шыққан лайға қарағанда
штанга тұтаса біткен известняктың арасын-
да ұшырайтын тастай болып қатып қалған,
су өтпейтін қ ұ м с а з д а қ қ а кездескен
тəрізді (І.Есенберлин, Махаб. мейр., 233).
ҚҰМСАҚ з а т. Құм аралас топырақ,
құмдауыт жер. Тағы да ту сыртына қарай
бұрылып, сипаланып еді, қ ұ м с а қ т ы
көсіңкіреп жіберген қолына қойдың ба,
ешкінің бе, екі-үш түйір құмалағы түсті
(М.Айымбетов, Құмөзек, 59).
ҚҰМТҮЛЕК з а т. Қауырсынындағы
уақ ноқаттарына қарай тастүлек кейде
осылай да аталынады. Қырандар жасына
қарай: балапан, қантүлек, тірнек, тастүлек,
қ ұ м т ү л е к, қана, жана, барқын, баршын,
шөгел деп аталады (Ана тілі, 14.02.2008).
Жасына қарай бүркіт былай аталады: 1 жас
– балапан, 2 жас – қантүбіт, 3 жас – тірнек, 4
жас – тастүлек (қ ұ м т ү л е к), 5 жас – мұз-
балақ, 6 жас – көктүбіт, 7 жас – қана, 8 жас –
жана, 9 жас – майтүбіт, 10 жас – барқын, 11 жас
– баршын, 12 жас – шөгел (Саятшылық, 79).
ҚҰМЫҒУЛЫ с ы н. Құмыққан,
тұншыққан; булығулы. Ақпанбайдың қ ұ м
ы ғ у л ы бұл тымырсық халін олар да я тегін-
нен келген дертке, я сауға жорырын білмей
дағдарды (М.Айымбетов, Құмөзен., 140).
ҚҰМЫР: Құмыр қабу. ж е р г. Үні өшу,
құру, жоқ болу. Одан да бүгін қораңа сақ
бол, шұнаңдамай! Қырып кетсе, күлкі емес,
қ ұ м ы р қ а б а р с ы ң! (К.Ахметбеков,
Ақдала, 2, 390).
ҚҰМЫРАШЫЛЫҚ... Усундерде қ ұ
м ы р а ш ы л ы қ кəсібі барынша дамыды
(ҚазССР тарихы, 1, 324).
ҚҰМЫРСҚА: Құмырсқа арыстаны.
з о о л. Торқанаттылар тобына жата-
тын, мөлдір қанатты жəндік. Қ ұ м ы р
с қ а а р ы с т а н ы диаметрі 10 см,
тереңдігі 5 см шұқыр қазып алып, түбіне
жасырынады да, олжасын күтіп жатады
(Жəндіктер, 60). Қ ұ м ы р с қ а а р ы с т а н
ы – торқанаттылардың ішіндегі ең танымал
өкілдерінің бірі (Бұл да).
Құмырсқа ен. Құлақтың артына ойып
салынған ен (Қаз. этнография., 2, 50).
Құмырсқа сауу. Қолдан келмейтін іс;
қиын. – Осы қызым кімге тартқан, ауызы-
нан сөз алу қ ұ м ы р с қ а с а у у д а н қиын,
- деп күліп отырады (М.Құмарбекұлы, Жер
иесі, 64).
ҚҰНАЙДАЙ с ы н. Құнай сияқты,
құнай тəрізді. Қолаң шашы құйылған
арқасына Су еркесі қ ұ н а й д а й құндыз
тапқан. Ақ торғындай мойынын күн
сүйеді Осыншама сұлу ғып кім жаратқан
(И.Байзақов, Құралай., 42).
ҚҰНАҚ з а т. з о о л. Жер шарына кең
тараған əнші торғай. Қ ұ н а қ – жыл құсы.
Ол наурыз айында келіп, қазанда жылы
жаққа ұшып кетеді (Қаз. табиғ., 3, 187). Қ ұ
н а қ аталығының маңдайында қызыл дағы
болады, қалған жері теңбілді қоңыр түсті
(Қазақст. жануар., 102).
ҚҰНАМҚОР с ы н. ж е р г. Дүниеқор. –
Диірменші кедей болушы ма еді. Қ ұ н а м
қ о р емес едіңіз ғой, - деп бригадир қайрап
қалды (Жалын, 1977, №3, 18).
ҚҰНАН: Құнан күзеу. Кекілін шырпып,
жалын сыпыра күзеп, ал құйрығын сол
бойда қалдыратын күзеу (Шаңырақ, 523).
Құнан саба. Құнанның терісінен
жасалған үлкенірек саба. Келесісі – торсық,
сосынғы – тай саба, қ ұ н а н с а б а (Жалын,
1973, №3, 87).
ҚҰНАРЛАҒЫШ з а т. Егістік жер-
ге құнар беретін зат. Солай етпесең,
өкімет тарапынан тиесілі тыңайтқыш, қ ұ
н а р л а ғ ы ш т ы ң шетін де көрмейсің
(О.Сəрсенбай, Шеңбер, 335).
ҚҰНЖАУЛЫ с ы н. ж е р г. Мардым-
ды, жарытымды, берекелі. – Шоқанның
Қытайда не тындырғанын нақтылап айтты
ма? – Жарытып қ ұ н ж а у л ы ештеңе айт-
пады (Қ.Тоқмырзин, Керзаман, 3, 50). Қару
дегенде не қ ұ н ж а у л ы қару дейсің. Құс
мылтық сияқты бірқатар білтелілер, қылыш
пен найза (Бұл да, 3, 131).
ҚҰНЖЫН з а т. к ө н е. Жүйрік өгіз
(сиыр). Ертеректе қалмақ батырларының қ ұ
376
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
н ж ы н мінгендері де болған (А.Тоқтабай.,
Төрт түлік., 33). Сиыр түлігінің ішінде де
жүйрігі болады. Оны қазақ «қара тіл» не-
месе қ ұ н ж ы н» деп атаған (Бұл да).
ҚҰНӨТЕМ з а т. Құнының өтемі
(ақша). Қазіргі кезде адамды ұрлап, қ ұ н ө
т е м алу дерегін көптеген ел тұрғындары
жиі естіп, көріп жүр (Заң, 06.11.96, 13).
ҚҰНТСЫЗДАН е т. Құнтын жоғалту,
ықылассыздану. Жаралғандай ұлттық
мүдде-санаттан, Жігіт едің елді аузына
қаратқан. Қазақ халқы ұлтсызданған
ғасырда, Тіл мен ділге қ ұ н т с ы з д а н ғ а н
ғасырда, Сен бізге өте қажет едің, Болатхан
(М.Шаханов, Мəңгүрт., 244).
ҚҰНЫҒУШЫЛЫҚ з а т. Құнық-
қандық, құмартқандық, дəнікендік. Пай-
да ғана табуға қ ұ н ы ғ у ш ы л ы қ обыз
құлқындардың аранын амандай ашты
(Қ.Толыбаев, Бабадан., 94).
ҚҰНЫС з а т. с ө й л. Құнысбалық.
Теңіз балықтарына мыналар жатады:
майшабақ, сардина, қамса (анчоус), кете,
қ ұ н ы с (горбуша), кемиек (нерка), ақсерке,
скумбрия, семсербалық, марлин, сайра,
нəлім, бұзаубас т.б. (Шаңырақ, 117).
ҚҰНЫСБАЛЫҚ з а т. и х т и о л.
Балықтың құнжиған, кішкентай бір
түрі. Кета мен қ ұ н ы с б а л ы қ т ы ң
қантамырлары біршама тығыз болғанымен
кəдімгі қантамырлар торын құрайды
(М.Жұмалиев, Балықтар., 105).
Қ Ұ П И Я Ш Ы Л Д Ы Қ з а т. С ы р
жасырғыштық, құпия ұстаушылық. Таң
қаларлығы: қарапайым жұрттың көпшілігі
мұндай қ ұ п и я ш ы л д ы қ т а н мүлдем
бейхабар (О.Сəрсенбай, Шығ., 5, 334).
ҚҰР: Құр құйысқан. Құрдан жасалған
құйысқан. Құйысқан үлгі мəнеріне орай: қ ұ р
қ ұ й ы с қ а н, былғары құйысқан, түймелі
құйысқан, үзбелі құйысқан деп атына сай
айтылады (Ата салты., 104).
Құр ызу. Есілген, ширатылған шыжым
жіптерден құр жасау. Қ ұ р ы з у – есілген
шыжым жіптерді қатарластыра тізіп, біріне
бірін тұтастырып тігу арқылы жасалады
(Қ.Толыбаев, Бабадан., 233).
ҚҰР: Құр өгіз. Ешқандай шаруаға пай-
даланбай еркін жүріп, семірген өгіз (Ана
тілі, 28.02.2013, 12).
ҚҰР: Құр сөз сауды. Бос əңгіме айтты,
көпірді, бөсті. Тарих үшін, тарихшылар
үшін қ ұ р с ө з с а у ғ а н «білімпаздық»,
«білежаттық» неме керек?! (К.Ахметбеков,
Ақдала, 2, 400).
ҚҰРАҒЫТ е т. ж е р г. Мойнын жоғары
қарай созу, тік ұстау. Қоңыр көздің жа-
нарын залдағы кісілердің үстінен асыра,
əлдебір жаққа, алысқа тастап, құрықтай
мойны қ ұ р а ғ ы т ы п қыбыр етпей отыр
(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 127).
ҚҰРАҒЫТУ Құрағыт етістігінің
қимыл атауы.
ҚҰРАЙ-ҚҰРАЙ... – Отар-отар қойың
мен ешкің боса ше? – «Қ ұ р а й - қ ұ р а й»
дейміз (Н.Қазыбеков, Дала., 21).
ҚҰРАЙТ о д. Айғырға биені кезіктіріп,
үйіріне қосып алдыру үшін айтылатын сөз
(Ер қанаты, 319).
ҚҰРАЛАЙ: Құралайдың амалы.
Сəуірдің аяғы не мамырдың басында күн
суытып, қар аралас жаңбыр жауатын кез;
құралай салқыны. Бұл белгілі « қ ұ р а л а й
д ы ң а м а л ы», «бесқонақ» деген қауіпті
кезең. Қ ұ р а л а й д ы ң а м а л ы тұсында
жолаушы жолға шықпайды (Р.Тоқтаров,
Ғасыр наны, 375). Киік төлдейтін май
айының екінші жартысында ылғи да аспан-
ды сұрғылт бұлт торлап, жауын-шашынды,
салқын болады. Қазақ халқы бұл мезгілді
«Қ ұ р а л а й а м а л ы» деп атап кеткен.
Бұл 3-4 күнге немесе бір аптаға созылатын
суық мезгіл (Шопан сырласы, 323).
ҚҰРАЛАЙҚҰС з а т. з о о л. Торғай тип-
тес, басы қызыл құс (чечевица) (Ана тілі,
21.08.2008).
ҚҰРАЛАҚАН: Құралақан емес.
Құрқол емес, тегін емес; қара жаяу емес.
Қала берді жата беріске тастап, қ ұ р а л а
қ а н е м е с т і г і ң д і байқатып қоюдың
артықтығы жоқ (Қ.Қазиев, Иманжапырақ,
67).
ҚҰРАЛПЫЛАС с ы н. Жас жағынан
шамалас, қатарлас. Екінші бригаданың
бригадирі жас жағынан Хақназардың өзі қ ұ
р а л п ы л а с (Ұ.Доспанбетов, Шығ., 4, 34).
ҚҰРАМЫС з а т. ж е р г. Иін ағаш, əкпіш
(Ж.Досқараев, Қаз. тіл, жерг., 146).
ҚҰРАНДАТ е т. Құран оқыту.
Сондықтан жылаулатпай, қ ұ р а н д а т п
а й, тұмандатпай келгенім рас (Шешендік
сөздер, 36).
ҚҰРАПАТ з а т. ж е р г. Кішігірім
ойын-той, сауық, думан, қуаныш, қызық.
Дастарқан басына жиналғандардың
біліміне, ақыл-ой дəрежесіне қарай мұндай
377
Байынқол Қалиев
қ ұ р а п а т т ы айтылатын əңгімелердің
бірде сыпайы, бірде тұрпайы болуы мүмкін
(О.Сəрсенбай, Шығ., 5, 166). Қонақ келген-
де ауыл қазағы əдетте көрші-қолаңымен
қоса шақырып, қ ұ р а п а т т а бірге бас
қосып отырады ғой (Жалын, 1974, №2,
48). Қозыбақ орнынан ұшып тұрды да,
шаң-шұң дауыс шыққан жаққа қарай ұша
жөнелгесін, құрапат басындағы өзгелеріміз
де алаңытып, орнымыздан тұрып-тұрып
кеткенбіз (О.Сəрсенбаев, Жақсының., 139).
ҚҰРБАТ з а т. Өз жерінен алшақтап,
басқа бір елдің ішінде тіршілік етіп
жүрген белгілі бір халық өкілдері; диас-
пора. Тоқсаныншы жылдардың басынан
бері Оңтүстік Корея қазақ жеріндегі қ ұ р
б а т т а р ы н жан-жақты қолдап келеді
(Қ.Олжай, Қанат байла., 267).
ҚҰРҒАЙЛА е т. Қойды, ешкіні «құрғай,
құрғай» деп шақыру. Шаршады бай өбектеп,
Əрбір малын бір айдап. Сиырларын «өк-өк»
деп, Жылқыларын «құрулап», Ешкі, қойын
«қ ұ р ғ а й л а п» (Бабалар сөзі, 89, 19).
ҚҰРҒАЙЛАУ Құрғайла етістігінің
қимыл атауы.
ҚҰРҒАҚ: Құрғақ жеміс. б и о л. Шы-
рыны жоқ (аз) жеміс. Жемістердің екі тобы
бар: шырынды жеміс жəне қ ұ р ғ а қ ж е м
і с. Қ ұ р ғ а қ ж е м і с к е бұршақ, бидай
т.б. жатады (Биология, 14).
Құрғақ сөзбен қуырдақ қуырды.
Құр (бос) сөзбен ғана іс бітірді, бірақ еш
нəрсе істелмеді д.м. – Ендеше, қ ұ р ғ а қ
с ө з б е н қ у ы р д а қ қ у ы р ы п басым-
ды ауыртпай-ақ қойыңдар, Бақыт енді оқи
алмайды (Т.Əлімқұлов, Тірліктен., 282).
ҚҰРҚЫРАУЫҚ з а т. м у з. Қазақтың
көне саз аспаптарының бірі. Келешек-
те бұрын халық арасында қолданылған
желқабыз, гақ, бопса, қ ұ р қ ы р а у ы қ,
шың, най, қонба, дүңгіршек, шертпе т.б.
ежелгі көне аспаптарды жасауды қолға
алмақпыз (Қаз. əдеб., 29.04.1981, 15).
ҚҰРЛЫҚШАЯН з а т. з о о л. Құрлықта
тіршілік етуге бейімделген шаян. Қ ұ р л ы
қ ш а я н (мокрица) негізінен ылғалы мол
жерлерге таралған. Ол атмосфералық ауа-
ның құрамындағы оттекпен тыныс алады
(Р.Сəтімбеков, Қызықты биология, 57).
ҚҰРМА з а т. к ə с і б. Теңізге ау салып,
түнемеге тұратын жер. Елді кешкі
қ ұ р м а ғ а көтеретін де, қ ұ р м а орнын
таңдайтын да солар (Ə.Сарай, Атырау, 57).
ҚҰРМЕТХАНА з а т. Құрметті
адамдарды қабылдайтын арнаулы орын.
Мəжіліс бітіп, енді үйдегілер жаңа
сарайдың жаңа қ ұ р м е т х а н а с ы н а
қонаққа баруға тұра бергендерінде, үйге
ханның тағы бір нөкері кірді (І.Есенберлин,
Алтын орда, 1, 144).
ҚҰРОЙНАҚ з а т. Ерте көктемде
құрлардың жиналып, «кімнің күшті»
екендіктерін айқындайтын ашық алаң.
Керісінше қ ұ р о й н а қ т ы аңдып, құс
атқысы келсе, мылтықтан бесатардың
ұңғысын алып қалтасына салады да, бы-
тыралы оқпен оқтай қоятын (К.Сегізбаев,
Жап-жасыл., 6).
ҚҰРСАҚ: Құрсақ құда. э т н. «Құрсақ
құда» деп əйелдерінің құрсағындағы əлі
туылмаған нəрестелерге құдаласуды ай-
тады (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 3,
61). Қ ұ р с а қ қ ұ д а болу əдетінің ежел-
ден қазақтың қазақ болуынан бұрын келе
жатқандығын дəлелдейді (Б.Нұржекеев,
Өзендер өрнек, 48).
ҚҰРСАҚТАС с ы н. Бір құрсақтан
шыққан, бауырлас. Қолайы келсе, əйелге
қоса қ ұ р с а қ т а с бауырыңды құрбанға
шал. Өйткені, ел – біреу-ақ, ал бауыр – көп
(М.Мағауин, Аласапыран, 98).
ҚҰРСАУ з а т. Жазалы адамның басына
кигізіп, азаптайтын шеңбер. Екеуі дереу
екі жақтап қолына көзір, басына қ ұ р с а у
салып жіберді (Т.Мəмесейіт, Таңжарық, 2,
229). Қол ғой көзірге үйренген. Ал мына қ
ұ р с а у дегенді бірінші көруі. Екі шекеден
қысып, əкетіп барады (Бұл да).
ҚҰРСЫМ з а т. ж а ң а. Машина
доңғалағының сыртқы қалың қабаты
(шина) (Бекітіл. термин., 54).
ҚҰРТ з а т. б и о л. Жұқпалы аурулар
туғызатын, көзге көрінбейтін (өте ұсақ)
микробактерия таяқшалары; вирус.
Туберкулездің қ ұ р т ы көзге көрінбейтін
жау, көрінсе онымен күресу, əрине, оңай
(З.Шашкин, Доктор Дарханов, 213).
ҚҰРТ: Құртқа жем болды. Өлігі
көмусіз қалды. Ол шөлдің сақтанбаса жайы
сондай, Қураған, қуырылған талай таңдай.
Өлгендер қ ұ р т қ а ж е м б о п аз ғана ма,
Еріксіз кездестіріп өмір солай (И.Байзақов,
Таңд., шығ., 1, 175).
ҚҰРТҚА з а т. Қасқырдың ұрғашысы,
қаншығы. Сырттан, бөрте, қ ұ р т қ а, арлан
сияқты бөрінің жынысын, жасын білдіретін
378
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
атаулардың есім ретінде адамға қойылу
үрдісі бөрінің киелі қасиетіне байланысты
(Қаз. этнография., 1, 535). Ылыққан қ ұ
р т қ а н ы ң соңынан сүмеңдегеніне екі
күн болып қалған иттің жат иіске бойы
үйреніп қалған (Қарақат тер., 45). Ежелгі
түріктердің Бөрі мен қ ұ р т қ а д а н
(қасқырдың қаншығы) шыққандығы ту-
ралы аңыздар қытай жылнамаларында да
сақталған (Егем. Қазақст., 11.09.1991, 3).
ҚҰРТМӨҢКЕ з а т. Тасшайдың сегізден
бір бөлігі. Бүтін тасшайларды арамен бөліп,
алушының қалтасына шақтап жарты,
шерік, ашмөңке, қ ұ р т м ө ң к е қып,
алдын ала дайындап қояды (Қ.Жұмаділов,
Таңғаж., 84).
ҚҰРТТАЙ: Құрттай құжынады.
Қаптап кетті. Мына ұшы-қиырсыз далада
қ ұ р т т а й қ ұ ж ы н а ғ а н қасқыр мал
түгіл өзін қамап жеп қоюға шақ қалдырды
емес пе? (А.Мекебаев, Алапат, 358).
ҚҰРТТАС Құртта етістігінен
жасалған ортақ етіс. Суға түсемін. Ұйық-
таймын. Əке мен əжеме қой қ ұ р т т а с а
м ы н (Қ.Салғарин, Соқпақ., 40).
ҚҰРТТАСУ Құрттас етістігінің
қимыл атауы.
Қ Ұ Р Т Ш А БА Қ з а т. з о о л .
Уылдырықтан жаңа ғана шыққан жас
балық. Тасмұрын каналынан төменірек
күріш алқаптарындағы суды тоқтатқан
кезде шалшықтарда бағалы балықтардың
миллиондаған қ ұ р т ш а б а қ т а р ы
қалып қояды екен (Қаз. əдеб., 01.08.1986,
3). Ол сазанның қ ұ р т ш а б а ғ ы жейтін
су жəндіктерімен қоректенеді (Балқаш
өңірі, 142).
ҚҰРТЫҚ з а т. Құлынды биелердің
ішіндегі ең кішкенесі, сүт өнімділігі ша-
малы, тұқымы нашар бие (Ш.Жанəбілов:
Ер қанаты, 302).
ҚҰРШЫ з а т. к ө н е. Əскер басшысының
көмекшісі; адъютант. Итінің бұл өзгерісін
көрген Ақсақ Темір «біреу-міреу талап
тастап жүрер» деп сескеніп, қ ұ р ш ы с ы
н а «Көксемсерді шынжырлап ал» демек
болды (І.Есенберлин, Шығ. жин., 9, 255).
Тыпыршып безек қаққан Кен-Жанбай қара
көк атыменен екі қ ұ р ш ы с ы н шұбырта
майданға құйындата шаба жөнелді (Бұл
да, 289).
ҚҰРЫҚБАУ з а т. э т н. Қыз қалың-
малынан жылқышыларға берілетін кəде
мал. Қалыңмалға берілетін малды бөлгенде
жылқы ұстасқан жылқышылар «қ ұ р ы қ
б а у» деп, кəде есебінде бір-бір мал алады
(Х.Арғынбаев, Қаз. халқы., 188). Қазақ
салтында қалыңға беретін малдан «қ ұ р
ы қ б а у ғ а» деп жылқышылар бір мал,
«қосақбауға» деп қойшылар бір мал алып
қалады (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 3,
72).
ҚҰРЫҚТЫҚ с ы н. Құрық боларлық,
құрыққа жарарлық. Қырық қ ұ р ы қ т ы қ,
сырық қырықтық (Жаңылтпаштар, 22).
ҚҰРЫЛ з а т. Бақаның құрылдаған дау-
сы. Төбенің шығыс бет құламасы жағынан
шыққан көлбақалар бақылы мен қ ұ р ы л ы
одан бетер (М.Қуанышбаев, Тайталас, 65).
ҚҰРЫЛДАУ... Оншақты құрбақа сусыз
терең сайға жетіп, əуелете əндетіп, қ ұ р
ы л д а у л а р ы н үдетті (Т.Əбдірайым,
Алабұға., 186).
ҚҰРЫЛЫМДА е т . Бір нəрсенің
құрылымын жасау. Концерннің құрамына
кіретін тұлғаларды ол қайта қ ұ р ы л ы м
д а п шықты (Астана хабары, 13.06.2008).
ҚҰРЫЛЫС: Құрылыс отряды.
Жазғы каникул кезінде студенттерден
құралған құрылысшылар тобы. Əлі есімде
бір рет студенттік қ ұ р ы л ы с о т р я д ы
м е н алысқа жүргелі тұрғамыз (Н.Ақыш,
Бейуақта., 85).
ҚҰРЫМ з а т. Былғарының жылтыр
əрі жұмсақ бір түрі. Былғарының бірнеше
түрі бар. Олар: көксауыр, опайке, қ ұ р ы м
(хром), көзел, шегірен, сақтиян, ұлтан т.б.
(Қаз. этнография., 1, 580).
ҚҰРЫМАҒЫР е т. Жағымды мəнді
қарғыс. - Əнекей, салқын болса, өстіп
қағынып кететіні бар ғой бұл қ ұ р ы м а ғ ы
р д ы ң (М.Қаназов, Ақ тайлағ., 95). Келін-
ау ... Ало баспағы қ ұ р ы м а ғ ы р өрістен
келмей қалып... Қасқыр тартып кетер деп
іздеп шықсам... (Тұлпар, 272).
ҚҰРЫМДА е т. э т н. Бұлқыншақ,
торсық сияқты теріден жасалған ыдыс-
тарды қатырып (кептіріп), ішкі дəмін
алғаннан кейін оны суға шыланған пештің
ысына салып қою. Одан кейін пештің ысын
жинап алып, оны суға шылап теріні біраз
уақыт əлгі суға салып қояды. Мұны қ ұ р ы м
д а д ы дейді (Шаңырақ, 521).
ҚҰРЫМДАУ Құрымда етістігінің
қимыл атауы. Кейде ысты жинап, суға
шалып, теріні, тері ыдыстарды салып
379
Байынқол Қалиев
қарайтады. Міне, осыны қ ұ р ы м д а у деп
атайды (Д.Шоқпарұлы: Ер қанаты, 284).
ҚҰРЫСПА... Міне, енді сол жақ
аяғынан қ ұ р ы с п а болып, төсек тартып
жатып қалғаны (Ə.Нəбиев, Бейтаныс., 60).
Достарыңызбен бөлісу: |