Жазылу «Қазпошта», «Эврика Пресс», «Сенім» баспаханасы


–  Орта  мектептерге  «Дінтану



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата07.02.2017
өлшемі16,38 Mb.
#3607
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

–  Орта  мектептерге  «Дінтану 

негіздері» 

пəні 

енгізілгелі 

бері 

біршама уақыт өтті. Қандай өзгерістер 

күтілуде?

–  Ел  азаматтарының  дін  туралы 

білімінің  дұрыс  қалыптасуы  мектеп 

қабырғасынан басталуы тиіс. Сондықтан 

қазір осы бағытқа да күш салынуда.

Орта  мектептердің 9-сыныбында 

оқытылатын «Дінтану негіздері» пəнінде 

əлемдік  жəне  дəстүрлі  діндер,  жаңа 

діни  қозғалыстар,  теріс  пиғылды  жəне 

радикалды діни ағымдар жөнінде негізгі 

түсініктер  берілетіні  белгілі.  Қазіргі 

таңда  Дін  істері  агенттігі  мен  Білім 

жəне  ғылым  министрлігі  тарапынан 

аталған  пəнді  заман  талабына  сай 

жетілдіру мақсатында кешенді шаралар 

атқарылуда. 

Пəннің 

қоғамтанулық 



мазмұнын  күшейте  отырып,  білім 

алушыларға 

зайырлы 

мемлекет 

қағидаттары 

мен 


қазақстандық 

қоғамның 

дəстүрлі 

құндылықтарын 

таныту  мақсатында  «Дінтану  негіздері» 

пəнінің 


атын 

«Зайырлылық 

жəне 

дінтану 


негіздері» 

деп 


өзгертуге 

шешім  қабылданды.  Пəннің  жаңа 

бағдарламасы  жасақталып,  мазмұнына 

өзекті толықтырулар енгізілді.

Таяу  мерзімде  аталмыш  пəннің 

оқулық,  хрестоматия,  оқушы  дəптері 

жəне  мұғалімге  арналған  құралдан 

тұратын 


оқу-əдістемелік 

кешенін 


жасау  қолға  алынбақ. «Зайырлылық 

жəне  дінтану  негіздері»  пəнінен  сабақ 

беретін 

мұғалімдердің 

біліктілігін 

арттыру  мақсатында 1 айлық  мерзімді 

қамтитын  білім  жетілдіру  курсының 

жүйелі,  толыққанды  бағдарламасын 

жасау жəне жүзеге асыру жоспарланып 

отыр.  Жалпыға  бірдей  білім  беретін 

орта  мектептерді  білікті  маманмен 

толық  қамтамасыз  ету  мақсатында 

жоғары  оқу  орындарында  «Тарихшы, 

қосымша 


мамандығы 

бойынша 


дінтанушы» педагог кадрларын даярлау 

мүмкіндіктері қарастырылып жатыр.



–  Дінді  жалпы  халық  тұтынатын 

болғандықтан, 

діни 

əдебиеттер 

мəселесіне  де  кез  келген  азамат 

бейтарап қарамасы анық. Осы орайда 

бір байқалатыны – бұрынғыдай көше 

бойлап, есік қағып, діни əдебиеттерді 

кез  келген  жерде  кедергісіз  тарату 

үдерістері 

саябырлаған 

сияқты 

көрінеді.

– Иə, бұл да жаңа заңның жағымды 

нəтижелерінің  бірі.  Діни  əдебиеттер 

мəселесі  толығымен  дерлік  жолға 

қойылды деуге негіз бар. Ең маңыздысы 

–  тиісті  заңнамалық  актілерге  сəйкес 

дінтану 

сараптамасы 

мемлекеттік 

деңгейде  жүргізілуде.  Агенттік  қызмет 

атқарған 3 жыл  ішінде  еліміздегі  діни 

кітаптар  айналымы  толық  бақылаудан 

өтіп, 25 000-ға  жуық  əдебиетке 

сараптама  жасалды. 300-ге  жуық 

əдебиетке  теріс  қорытынды  беріліп, 

олардың  ел  аумағында  таратылуына 

тосқауыл қойылды.

Түзеу  мекемелеріндегі  діни  кітаптар 

толық сараптамадан өткізілді. Мəдениет 

жəне  білім  мекемелеріндегі,  діни  оқу 

орындарындағы  кітаптар  да  тексеріліп, 

ретке  келтірілді.  Агенттіктің  ұсынуымен 

радикалды 

жəне 


теріс 

пиғылды 


ағымдар  идеологиясының  алдын  алуға 

бағытталған  ағартушылық  мазмұндағы 

əдебиеттер 

мүдделі 


мемлекеттік 

мекемелер арқылы көптеп шығарылуда.

Сараптама  жүргізумен  қатар,  діни 

əдебиеттердің таратылуына да бақылау 

орнатылды.  Қазір  олар  республика 

бойынша  арнайы  стационарлық  үй-

жайлар  ретінде  бекітілген 235 кітап 

дүкенінде  жəне  заңмен  белгіленген 

орындарда таратылуда.

Дегенмен,  азаматтар  тарапынан 

заң 

нормаларын 



білмегендіктен 

немесе  заңға  мойынұсынбаушылықтан 

туындаған  заңсыз  діни  əдебиеттер 

тарату фактілері де жоқ емес. Мұндайда 

тиісті 

органдар 



тарапынан 

нақты 


əкімшілік 

шаралар 


қолданылады. 

Өткен 


жылы 

осындай 78 факті 

анықталып,  айыпты  тұлғалар  əкімшілік 

жауапкершілікке тартылды.



– Дін тарату дегенде миссионерлік 

туралы  сұрақ  ойға  орала  кетеді. 

Байқауымызша, 

елімізде 

миссионерлердің  қарасы  аз  емес. 

Олар жайлы заңнама не дейді?

–  Заңнама  бойынша  Қазақстан 

Республикасы 

азаматтарының, 

шетелдіктер 

мен 


азаматтығы 

жоқ 


адамдардың 

миссионерлiк 

қызметпен 

айналысуына 

тыйым 

салынбаған. 



Мұндай 

тəжірибе 

əлемдік  қоғамдастықтағы  діни  сенім 

бостандығын 

қамтамасыз 

ететін 


мемлекеттердің барлығына дерлік тəн.

Бірақ,  бұл  миссионерлік  қызметке 

шектеусіз  құқық  берілген  деген  сөз 

емес. Біріншіден, миссионерлік қызметті 

жүзеге  асырушы  тұлға  міндетті  түрде 

тіркелуге  жəне  жыл  сайын  қайта 

тiркеуден  өтуге  тиіс.  Ол  миссионерлік 

қызметпен тиісті құжаты болған жағдайда 

ғана  айналыса  алады.  Екіншіден, 

миссионерлік  қызметтің  заң  аясындағы 

өзіндік  талаптары  бар,  ол  талаптарға 

сəйкес  келмеген  тұлғаны  миссионер 

ретінде  тіркеуден  бас  тартылатыны 

да  заңнамада  көрсетілген.  Үшіншіден, 

миссионердің  ел  аумағындағы  қызметі 

де нақты өңірлермен шектеледі. Ол тек 

өзі тіркелген өңірде, өз діни бірлестігіне 

мүше  азаматтар  арасында  ғана  діни 

қызмет атқара алады.

Осындай  бақылау  шараларының 

нəтижесінде  соңғы  жылдары  еліміз-

дегі 


миссионерлер 

саны 300-400 

аралығындағы  тұрақты  көрсеткіштен 

артып  отырған  жоқ.  Миссионерлердің 

басым  бөлігі  еліміздегі  католиктік  жəне 

православиелік  діни  бірлестіктердің 

өкілдері 

болып 


келеді. 

Заңсыз 


миссионерлік  қызметті  жүзеге  асыру 

əкімшілік  құқық  бұзушылық  ретінде 

заңмен  қадағаланады.  Өткен  жылы 

осындай  ниеттегі 70 адамға  айыппұл 

салынып, 

тиісті 


əкімшілік 

шара 


қолданылды.

–  Ғаламтор  кеңістігі  де  назардан 

тыс қалып отырмаған болар?

– 

Иə, 



діни-экстремистік 

жəне 


лаңкестік 

топтардың 

ақпараттық 

кеңістігіне  шектеу  қою  бағытында  да 

нақты  жұмыстар  жүргізілуде.  Агенттік 

тарапынан 5000-ға  жуық  ғаламтор 

ресурсына  мониторинг  жүргізілді, 176 

материалға  дінтану  сараптамасының 

теріс  қорытындысы  берілді.  Оның 45-

інің  Қазақстан  аумағында  таратылуына 

тосқауыл  қою  жөніндегі  сот  шешімдері 

шықты.


Мемлекет басшысының тапсырмасы 

бойынша 


ағартушылық 

бағыттағы 

«E-islam»  порталы  жасақталып,  іске 

қосылды.  Сонымен  қатар,  танымал 

əлеуметтік  желілерде  Агенттіктің  ресми 

парақтары  ашылды.  Агенттіктің  ресми 

сайты  үздіксіз  əрі  сапалы  түрде  жұмыс 

жүргізуде.  Дін  саласындағы  басты 

оқиғалар,  қабылданған  нормативтік-

құқықтық  актілер,  жаңа  құрылымдар 

мен  халықаралық  шаралар  сайтта 

жедел  көрініс  табады.  Агенттік  сайтын 

пайдаланушылар  қатарында  еліміздің 

ғана  емес,  Ресей  мен  АҚШ-тың,  басқа 

да  алыс-жақын  шетелдердің  өкілдері 

көптеп  саналады.  Пайдаланушыларды 

қызықтыратын 

барлық 


сауалдарға 

жауап  берілетін  арнайы  блогтар  да 

сайтты тартымды ете түсуде.

–  Агенттік  құрылған  кезеңнен 

бастап  қолға  алған  шаралардың  бірі 

ақпараттық-насихат 

жұмыстары 

болғанынан  көзі  қарақты  оқырман 

хабардар.  Бұл  саладағы  жұмыстар 

да жалғасын тапқан болар?

–  Əрине,  жалғасуда.  Орасан  зор 

күш-жігердің  саласындағы  ақпараттық-

ағартушылық  жұмыстарға  жұмсалып 

келеді.  Ақпараттық-насихат  топтары 

мен  бұқаралық  ақпарат  құралдары 

арқылы 

тұрғын 


халыққа 

үздіксіз 

түсіндіру 

жұмыстары 

жүргізілуде. 

Жасөспірімдер,  жастар  жəне  əйелдер 

аудиториясына 

арналған 

мақсатты 

жобалар  жүзеге  асырылуда.  Осы 

бағытта 

жүргізілетін 

жұмыстардың 

елеулі  бөлігі  радикалды  жəне  теріс 

пиғылды діни ағымдар идеологиясының 

алдын алу шараларына арналса, ендігі 

бір  бөлігі  осындай  ағымдар  ықпалына 

түскен  тұлғаларға  тікелей  бағытталған. 

Ақпараттық-насихат  топтарына  қажетті 

жүздеген 

ақпараттық-əдістемелік 

материалдар 

дайындалып, 

жарық 


көрді,  тұрғын  халыққа  жəне  мақсатты 

аудиторияларға таратылды.

Айтылғандардан  басқа,  Агенттіктің 

үйлестіруімен 

Діни 

бірлестіктермен 



байланыстар  жөніндегі  кеңес,  Үкіметтік 

емес  ұйымдармен  жұмыс  жөніндегі 

кеңес, 

Консультативтік-сараптамалық 



кеңес,  БАҚ-тарда  діни  тақырыптарды 

жариялау  жөніндегі  əдістемелік  кеңес 

секілді  құрылымдар  дін  саласындағы 

саясатты  сауатты  да  байсалды  түрде 

жүргізу  мақсатына  жұмылдырылуда. 

Теріс пиғылды діни ағымдардан зардап 

шеккендерге  көмек  көрсететін 25 ұйым 

еліміздің  барлық  аймақтарында  қызмет 

атқаруда.

–  Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан 

Назарбаев 

«Қазақстан-2050» 

Стратегиясы – қалыптасқан 

мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты» 

атты Қазақстан халқына Жолдауында 

қазақстандықтардың  діни  санасын 

елдің  салт-дəстүрлері  мен  мəдени 

нормаларына  сəйкес  қалыптастыру 

міндетін атап көрсеткен болатын. Бұл 

бағытта  Агенттік  қандай  жұмыстар 

жүргізуде?

–  Біздің  қазақстандық  қоғамның 

жағдайында  қазір  дін  жəне  дəстүрлі 

құндылықтар үнқатысуы маңызды орын 

алады.  Теріс  пиғылды  діни  ағымдар 

идеологиясының  ең  жағымсыз  ықпалы 

дəстүрлі  рухани-діни  құндылықтарды 

ыдырату  арқылы  діни  сананы  өзгерту 

үдерісі  болып  отыр.  Өйткені,  кез 

келген  жат  ағым  қоғамда  қалыптасқан 

құндылықтарды  күйрету  арқылы  өзін 

орнықтыруға  жол  ашады.  Ал  бұл  өз 

кезегінде  дəстүрлі  құндылықтармен 

бірге,  ішкі  тұрақтылықтың  əлсіреуіне 

алып 

келеді. 


Сондықтан 

ұлтты 


қалыптастырған  құндылықтарды  қорғау 

елдің  ішкі  тұрақтылығы  мен  мемлекет 

іргесінің 

бүтіндігін 

қорғау 

болып 


табылатыны сөзсіз.

– Дəстүрлі құндылықтар демекші, 

қазір  қазақтың  мұсылмандығына 

күмəнмен  əрі  сынмен  қарайтындар 

саны 

көбейген 

секілді. 

Бір 

байқалатыны,  ондайлар  қазақтың 

өз  арасынан  шығып  отыр…  Сіз  не 

дейсіз?

–  Қазақ – мың  жылдан  бері 

мұсылман  халық.  Оның  дəстүрі  мен 

дүниетанымы 

исламмен 

балталаса 

бұзылмастай  болып  тамырласқан.  Біз 

кімнің  алдағанына  арбалып,  өткенімізді 

өнегесіз, 

тарихымызды 

тұлдыр 

демекпіз?



Біздің дініміз – біздің рухымыз. Ол – 

біздің өткеніміз, бүгініміз, болашағымыз. 

Оны зерттеп-зерделеуге əркімнің құқығы 

бар.  Бірақ  тергеп-тексеруге,  айыптап, 

қаралауға,  күзеу  мен  бұзуға  ешкімнің 

құқығы жоқ.

Қазақ  исламға  бүгін  келген  жоқ. 

Мың  жыл  бойы  Мұхаммед  пайғамбар 

(с.ғ.с.)  салған  жолмен  жүрген  ұлттың 

ұлы 


ғұламалары 

қалдырған 

ата 

дініміз – ислам.  Сондықтан  бүгінгі  дін 



атын  жамылып,  саясатқа  суарылған 

жатжұрттық ілімдердің мақсатын үйрету 

емес, күйрету деп бағалаған жөн…

–  Сөзіңіз  аузыңызда,  еліміздегі 

мешіт жамағаттарының арасынан жік 

шығып, екіге жарылу көрініс беруде. 

Исламның  бөлінуді  емес,  бірігуді 

насихаттайтындығына  қарамастан, 

оның  ішінде  алауыз  ағымдар  пайда 

болды.  Дін  саласындағы  уəкілетті 

органның  бұл  мəселедегі  ұстанымы 

қандай?

– Еліміздің тарихымен, мəдениетімен, 

рухани құндылықтарымен қабыспайтын 

жат  діни  көзқарастарды  насихаттап 

жүрген  кез  келген  ағым  қазақстандық 

қоғамның  дəстүрлі  ұстанымдарына, 

ішкі  тұрақтылығына  нұқсан  келтіреді. 

Мұндай  шетін  құбылыстармен  күресу 

–  Агенттіктің  де,  басқа  мемлекеттік 

органдар мен тиісті құрылымдардың да 

басты міндеті.

Ислам  атымен  əрекет  етіп  жүрген 

жат  көзқарастағы  ағымдарға  келсек, 

ел 


аумағында 

өз 


ұстанымдарын 

насихаттайтын  мұндай  топтардың  бар 

екені жасырын емес. Рухани тамырынан, 

дəстүрлі  құндылықтарынан  қол  үзіп 

қалған бүгінгі буынның бірқатар өкілдері 

осындай  шетін  идеологияға  алданып, 

өз  ұлтының  салт-санасына,  дəстүрлі 

құндылықтарына 

қарсы 

шығуда. 


Агенттік  жүргізетін  ақпараттық-насихат 

жұмыстарының пəрменді бөлігі осындай 

адасқан  азаматтарымызға  түсіндіру 

жəне қайта бейімдеуге бағытталуда.

Осы  тұста  атап  өтуге  тиіс  бір  жайт 

бар.  Бас  мүфти  Ержан  Малғажыұлы 

бастаған  имамдар  тарапынан  мешітке 

келетін  халыққа  бөлінбей,  бір  жамағат 

болып  бірігіп,  ынтымақ  құрып,  бір-

біріне  түсіністікпен  қарап,  туындаған 

мəселелерді  үнқатысу  жəне  түсіндіру 

арқылы  шешу  бағытында  жасалып 

жатқан  жұмыстар  зор.  Қолға  алынған 

игі 


істердің 

нəтижесінде 

еліміздің 

мешіттерінде 

мұндай 

келеңсіз 



жағдайлар азайып келе жатыр.

– Халықтың санасын сан тарапқа 

тартқылап  жүрген  теріс  пиғылды 

секталардың  əрекетіне  қатысты  не 

айтар едіңіз?

–  Теріс  пиғылды  секталардың  іс-

əрекеті  де  Агенттік  назарынан  тыс 

қалып  отырған  жоқ.  Ресми  түрде 

тіркелген  діни  бірлестіктердің  нақты 

бақылауда 

болатыны 

белгілі. 

Ал 

секталық  сипаттағы  діни  ұйымдар 



көбіне  идеология  түрінде  қызмет  етеді. 

Сондықтан  оларға  қарсы  күрес  те 

идеологиялық-ағартушылық 

сипатта 


жүргізіледі.  Жоғарыда  санамаланған 

Агенттік жұмыстарының əрбірінде дерлік 

секталық  сипаттағы  діни  ұйымдарға 

қатысты 


іс-қимылдар 

қамтылған. 

Ал  азаматтардың  денсаулығы  мен 

қауіпсіздігіне,  имандылығына  нұқсан 

келтіретін,  отбасының  бұзылуына,  т.б. 

бүлдіргіш  əрекеттерге  себеп  болған 

нақты 

жағдайлар 



айқындалғанда 

бұған  өз  құзыреттері  шегінде  құқықтық 

органдар  да  араласып,  тиісті  шаралар 

қолданып келеді.

Осы 

орайда 


мен 

Қазақстан 

азаматтарын 

қырағылық 

пен 

белсенділік  танытуға  шақырар  едім. 



Секталық 

сипаттағы 

ағымдардың 

қоғамға тигізген зардабы туралы ауызекі 

əңгімеде  көп  айтылады,  ал  азаматтар 

нақты  жағдайлар  бойынша  құқықтық 

органдарға  шағым  жасауға  келгенде 

енжарлық  танытады.  Жекелеген  діни 

ағымдардың 

насихаты 

салдарынан 

отбасынан 

айырылған, 

зайырлы 


білім  алудан,  ақы  төленетін  еңбектен, 

медициналық  көмектен  бас  тартқан 

жəне  соның  кесірінен  зардап  шеккен 

жандар  туралы  олардың  ата-анасы, 

ағайын-туыстары,  достары  дер  кезінде 

тиісті  орындарға  хабарлап  отыруы 

қажет.  Осы  орайда  дін  саласына 

қатысты  барлық  мəселелер  бойынша 

азаматтардан 

ақпарат 


қабылдауға, 

теріс  пиғылды  ағымдардан  зардап 

шеккендерге  кеңесшілік-психологиялық 

көмек көрсетуге арналған «Қауырт желі 

– 114» қызметін  пайдалану  қажеттігін 

көпшілік назарына салғым келеді.

Бір  ғана  мемлекеттік  органның 

мүмкіндігі бəріне бірдей жете бермейді. 

Көп болып көтерген жүк қашанда жеңіл 

болады.  Оның  үстіне  адам  тағдыры, 

азамат  тағдыры  ешбірімізді  бейжай 

қалдырмауы тиіс. Жеке адам тағдырынан 

мемлекет 

тағдыры 


құралады. 

Ал 


мемлекет  тағдыры – баршамыздың 

жəне  əрбіріміздің  тағдырымыз.  Біз 

осыны есте сақтауымыз қажет.

– Əңгімеңізге рахмет.

Əңгімелескен Самат МҰСА, 

«Егемен Қазақстан», 4 маусым, 

2014 жыл.

ОҚШАУ ОЙ

Толғандырар тақырып



«МЕМЛЕКЕТ ТАҒДЫРЫ – БАРШАМЫЗДЫҢ ЖƏНЕ ƏРҚАЙСЫМЫЗДЫҢ ТАҒДЫРЫМЫЗ»

Марат ƏЗІЛХАНОВ, Қазақстан Республикасы Дін 

істері агенттігінің төрағасы

6

19 маусым,

№25 (453)

ШЫНДЫҚТЫҢ ЖҮЗІ

Иə, 


бағдардан 

жаңылмаған 

бағдарлама 

əзірленді.  Оның  түсі  бағдаршамның  жасыл 

түсіндей  жарқырап  жанды.  Сөз  жоқ, «Балапан» 

бағдарламасы  қалыпты  механизммен  іске  асып 

келеді.  Өңірімізде  аталмыш  бағдарлама  аясында 

2010  жылдан  бастап,  күні  бүгінге  дейін 75 

балабақша, 134 шағын  орталық  ашылды. 20515 

бүлдіршін  мектепке  дейінгі  тəрбиемен  қамтылды. 

Ағымдағы  жылдың 1 маусымындағы  мəлімет 

көздеріне  сүйенсек,  облыстағы 384 мектепке 

дейінгі білім беру мекемелерінде (216 балабақша, 

168  шағын  орталық) 40264 бала  тəрбиеленіп, 

мектепке  дейінгі  тəрбиемен  қамтылғандардың 

үлесі 1-6 жас аралығында 48 пайызды құрап отыр, 

еліміз бойынша бұл көрсеткіш 48,8 пайыз. Ал, 3-6 

жас  аралығындағы  балаларға  келсек, 67,6 пайыз 

қамтылыпты. Еліміз бойынша 73,4 пайыз. 

Ағымдағы  жылы  тағы  да 3370 орынға 

балабақшалар ашылады деп күтілуде. Оның ішінде 

күні  бүгінге  дейін 4 балабақша, 2 шағын  орталық 

ашылып, 870 бала  мектепке  дейінгі  тəрбиемен 

қамтылыпты.  Биылғы  жылы  сəуір  айында 

Жамбыл  ауданына  қарасты  Түрксіб  ауылында 

республикалық  бюджет  есебінен  іргесі  қаланған 

280 орындық балабақша пайдалануға берілді. Ал, 

жыл  соңына  дейін 2590 орындық 14 балабақша, 

6  шағын  орталық  ашылады  деген  жоспар  да  жоқ 

емес.  Өңірімізде 19 жеке  меншік  құрылымдағы 

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 2120 (5,3 

пайыз) бала тəрбие алып жатыр. (Тараз қаласында 

16, Меркі ауданында 2, Қордай ауданында 1). Бұдан 

бөлек, 280 орындық 11 балабақшаның  құрылысы 

жүргізіліп жатқанын да қаперде ұстағанымыз лəзім 

шығар.


Сонымен,  айтып-айтпай  не  керек,  мемлекет 

тарапынан, Үкімет тарапынан бұл бағытта игілікті 

шаралар  толассыз  атқарылып  жатыр.  Қамқорлық 

жоқ емес, Құдайға шүкір бар. Бірақ, сол қолдаудың 

арқасында 

өңіріміздегі 

балалардың 

кезегі 


азайды  ма?  Иə,  түйткілді  сауал.  Өкінішке  қарай, 

балалардың  саны  жыл  өткен  сайын  артпаса, 

кемитін  емес.  Бір  жағынан  еліміздің  санының 

артқаны  қуантады.  Алайда,  оларды  мектепке 

дейінгі  тəрбие  беретін  білім  мекемелерімен 

қамтамасыз ете алмай отырмыз ғой.

Сөзіміз  дəйекті  болуы  үшін  тағы  бір 

мысал  келтіріп  өтейік.  Расы  керек,  өңірімізде 

балабақшалар  желісі  жыл  сайын  арта  түскеніне 

қарамастан, бүгінгі таңда қажеттілік, яғни сұраныс 

мөлшері  азаймай  тұр.  Керісінше  артып  барады. 

Облысымыздағы білім бөлімдерінің мəліметтеріне 

сүйенсек,  бүгінгі  таңда  белгілісі  сол – балабақша 

кезегін күтіп тұрған балалардың нақты саны 34933 

болса, оның 22083-і Тараз қаласында. Оның ішінде 

3-6  жас  аралығындағы  балалардың  саны 11947 

болса, оның 6469-ы тағы да сол Тараз шаһарында. 

Байқайсыз  ба,  аудандардан  гөрі  шаһарымызда 

балалардың кезегі тым көп. 

Осы  орайда  облыс  əкімдігі  білім  басқармасы 

басшысының орынбасары Жəмила Бекбатыроваға 

жолығып, 

мəселенің 

анық-қанығына 

көз 

жүгірткенімізде  ол: «Біз  ауылдарда,  аудандарда 



жеке  меншік  құрылымдағы  балабақшаны  ашатын 

болсақ,  ондағы  халықтың  əлеуметтік  жағдайы 

көтере  қоймайды.  Мемлекет  пен  жеке  меншік 

арасындағы  əріптестік,  серіктестік  негізінде 

салынады  ол  балабақшалар.  Яғни,  айтулы 

жеңілдік  бар.  Ал,  мемлекет  тарапынан  қажетті 

балабақшалар салынып жатыр. Биыл да ауқымды 

жұмыстар  атқарылу  үстінде.  Мұның  өзі  кезекте 

тұрған  балалардың  санын  азайтуға  мүмкіндік 

бермейді.  Кезектің  азаймай  тұрған  себебі – 

қазіргі  таңда  халықтың  жағдайы  жақсарды.  Жыл 

өткен  сайын  балалардың  саны  көбейіп  келеді. 

Демографиялық  өсім  байқалады.  Жыл  сайын 0-1 

жас  аралығындағы  балалардың  саны  мектепке 

баратын балалардың санынан асып кетіп жатыр» 

дейді ол. 

Осы  орайда  білім  басқармасы  басшысының 

орынбасарынан 2020 жылға  дейінгі  Үкімет 

тапсырмасы  орындалмай  қалмай  ма  деген  қауіп 

бар екенін тілге тиек етіп, өз пікірін сұрағанымызда 

ол: «Біз  өз  тарапымыздан  тиісті  жұмыстарды 

атқарып-ақ келеміз. 3-5 мың аралығындағы орынды 

қамтамасыз  ететін  жыл  сайын  балабақшалар 

мен  шағын  орталықтар  ашылу  үстінде.  Алайда, 

оның  өзі  жеткіліксіз  болып  тұр.  Бірақ,  межеден 

шығуға күш саламыз. Əзірге олай болмай тұрғаны 

рас»  дейді.  Сондай-ақ,  Жəмила  Бекбатырова  өз 

сөзінде  аудандар  мен  ауылдарда  жеке  меншік 

құрылымдағы  балабақшалардың  ашылуы  тиімді 

бола  қоймайтынын,  оған  қаладағыдай  сұраныс 

орын  ала  қоймайтынын  жеткізді.  Қаланың  өзінде 

бір үй екі баласын бірден жеке меншік, мықты деген 

балабақшаға апаруға шамасы келе бермейтінін де 

сөз етті. 

Шындығында, 

ауылдардағы 

ағайын-жұрт 

жеке  меншік  құрылымдағы  балабақшаны  былай 

қойғанда, 5-6 мың  теңге  төлейтін  мемлекеттік 

балабақшаның  өзіне  кей  кездері  қалтасы 

көтермей, айнып қалып жатады. Неге десеңіз, бір 

үйден бір емес, бірнеше бала балабақшаға баруы 

керек.  Айталық, 3 бала  балабақшаға  баратын 

болса,  сол  отбасы  мемлекеттік  балабақшаның 

өзіне 18 мың  теңге  төлеуге  дайын  ба?  Əкесі 

маусымдық  жұмыс  атқаратын,  шешесі  мектепте 

жəй  ғана  техникалық  персонал  болмаса  тағы 

басқа  төменгі  жалақыдағы  қызметті  атқаратын 

отбасы мұндай шығынға əлбетте дайын емес. Осы 

жерден  барып,  əлеуметтік  теңсіздік  туындайды. 

Ал, сол балалардың барлығы балабақшаға кезекке 

тұратын  болса, 35 мыңнан  да  асып  жығылар  ма 

еді? Кім білсін? Ал, біз мемлекетпен серіктестікте 

жұмыс атқаратын, 50 пайызын мемлекет көтерген 

күннің  өзінде  қалған  жарты  төлемақысы 15 мың 

теңгеге жетіп жығылатын балабақшаларды ауылға 

салу  туралы  осыдан  кейін  қалайша  сөз  қозғай 

аламыз?


Дегенмен,  шаһарымызда  жоғарыда  өзіміз 

айтқандай жеке меншік құрылымдағы 16 мектепке 

дейінгі  білім  беру  ұйымдарында  балалар 

тəрбиеленіп  отыр.  Соның  өзінде 22083 бала  əлі 

күнге сарылып кезек күтіп тұрғанын тілге тиек ете 

кеткен  жөн  шығар.  Жеке  меншік  құрылымдағы 

балабақшаларда 

бүгінгі 


таңда 2120 бала 

тəрбиеленіп  жатқанын,  ол 5,3 пайыз  ғана  екенін 

жоғарыда айтып өттік. Демек, қаламыздағы кезекті 

2020  жылға  дейін 10 пайыз  жою  үшін  əлі  қанша 

балабақша  салынуы  керек?  Оның  қаншасы  жеке 

меншік,  қаншасы  мемлекеттік  құрылымда  болуы 

тиіс?  Осыны  да  бір  таразылап  алған  жөн  шығар. 

Алайда,  əзірге  оны  таразылаудың  сəті  түспей 

тұр. Өйткені, жыл өткен сайын артып келе жатқан 

демографиялық өсімге нақты талдау жоқ. 

Өзіміз 

сөзімізге 



дəлел 

ретінде 


алған 

демографиялық  өсім,  əсіресе  оңтүстік  өңірлерде 

күрт  артып  келеді.  Солтүстік  өңірлерге  қарағанда 

Шымкент, 

Тараз 

қалаларында 



балалардың 

туылуы  өсу  үстінде.  Бұл  кезде  қайтпек  керек? 

Бəлкім,  білім  басқармасындағылар  денсаулық 

сақтау  басқармасы,  перзентханалармен  бірлесіп, 

айына  қанша  бала  дүниеге  келетінін  анықтауы 

қажет шығар? Бірақ, онымен нақты анықтауға бола 

ма?  Жүкті  кезінде  өңірімізге  көшіп  келіп,  осында 

қоныстанып,  кейіндеу  тіркеліп  барып    сəбиді 

дүниеге əкелетіндер де бар ғой...

Бір  сөзбен  айтқанда,  Үкімет  бойдақтарға 

бойдақтар  салығын  салу  мəселесін  қарамақ. 

Қазірдің  өзінде  балаларды  нақты  балабақшамен 

қамтамасыз  ете  алмай  жатқанда,  бойдақтар 

жаппай  отау  құрса,  балабақшаға  кезекке  тұратын 

балалардың  саны 50 мыңнан  асып  жығылмас  па 

екен?


Қалай  десек  те,  кезінде  Үкімет  тарапынан 

балабақшаға  сұраныстың  төмендетуін  көздеген 

бағдарлама қабылданды. Жұмысы да жүйелі түрде 

жолға түсе бастады. «Балапан» бағдарламасының 

шарапатын  көрмесек,  кесапатын  көргеніміз  жоқ. 

Алайда, 2020 жылға дейін кезекті түпкілікті жоямыз 

дегеніміз ертегіге айналып бара жатқан сыңайлы. 

Дəл  қазір 2014 жылдың  екінші  жарты  жылдығы 

басталуға шақ тұр. Демек, біз кезекті 100 пайызға 

жоямыз деген 2020 жылға бар болғаны бес жарым 

жыл  ғана  қалды.  Ал,  бағдарлама  жүзеге  асқан 

төрт  жарым  жылдың  бедерінде  кезек  азаюдың 

орнына  күрт  көбейіп  барады.  Бұндай  жағдайда 

қайтпек керек? 

Тағы  бір  мəселе,  біз  балабақша  саламыз 

деп  жүріп,  мектеп  салудың  мəселесіне  алдағы 

10  жылдың  бедерінде  қайта  соқтығысатын 

сияқтымыз.  Рас,  бүгінгі  таңда  үш  ауысымды 

мектепті жойдық, жоямыз деп су жаңа мектептер 

салып  жатырмыз,  салып  жатырмыз.  Алайда, 0-1 

жастағы  балалардың  саны  мектепке  баратын 

бүлдіршіндерден 

жыл 

өткен 


сайын 

асып 


барады.  Бір  жылда  туылған  балалар  бір  жылда 

мектеп  табалдырығын  аттайтынын  ескерсек, 

балабақшамен  алысып  жүрген  кезде  мектеп 

мəселесі алдымыздан қайта шықпасына кім кепіл?

Не де болса, мəселені терең талдау, таразылау 

керек  қой,  құзіретті  органдарға.  Үкімет  тапсырма 

берді.  Ал,  ол  тапсырма  орындалуға  міндетті... 

Əйткенмен,  түрлі  себептердің  бар  болғанына 

қарамай, біз сол қойылған меженің үдесінен шыға 

алмай  келеміз.  Қалай  десек  те,  демографиялық 

өсімге де, басқаға да дайын болуымыз шарт. Ал, 

тығырықтан шығудың жолы қайсы? 

Негізінде  мемлекет  Заңы  əрбір  анаға  бала 

күтіміне байланысты демалысты 3 жылға дейін 

алуға  мүмкіндік  берген.  Алайда,  жаңа  туған 

сəбиге  төленетін  жəрдемақы 1 жасқа  дейін 

ғана беріледі. Бұл жөнінде толығырақ мəліметті 

облыстық  бақылау  жəне  əлеуметтік  қорғау 

департаментінің  əлеуметтік  қамсыздандыру 

бөлімінің  басшысы  Айгүл  Оразымбетқызынан 

сұрадық.

–  Жұмыссыз  аналардың  бірінші  баласына 

10668  теңге,  екіншісіне 12512 теңге, 

үшіншісіне 14539 теңге,  төртінші  жəне  одан 

жоғарғысына 16483 теңгеден ай сайын сəби 1 

жасқа толғанша төленеді. Бұл республикалық 

бюджеттен  баланың  керек-жарағы  үшін 

берілетін  төлем.  Ал,  жұмыс  істейтін 

аналардың  айлықтық  табысына  қарай,  бір 

жылдық  əлеуметтік  төлемдерінің  орташа 

есебі  шығарылып,  оның 40 пайызы  балаға 

1  жасына  дейін  ай  сайын  беріліп  отырады. 

Сонымен  қатар,  дүниеге  жаңадан  келген 

нəрестенің  күтіміне  арналған  бір  жолғы 

жəрдемақы  бар.  Ол  жұмыссыз  анаға  бірінші 

баладан  үшіншісіне  дейін 58172 теңге  болса, 

төртінші  жəне  одан  арғы  балаларына 96953 

теңге. Бұл бір реттік жəрдемақы да жұмысы 

бар  аналар  үшін  оның  айлықтық  табысына 

қарай түрлі сомада тағайындалады. Бір айта 

кетерлігі – бұл  айтылған  сомалар 1 сəуірден 

бастап көбейтілгені, – дейді ол. 

Енді жаңа туған сəбиге 1 жасқа толғанынша 

күнделікті  не  керек,  олар  бүгінгі  нарықта 

қанша тұрады дегенге тоқталайық.  Сəбилерге 

арналған  жасанды  сүт  бағасы 1450 теңгеден 

бастап 2000 теңгеге дейін барады. Ал, ботқасы 

540  теңгеден  құрамындағы  дəрумендеріне 

қарай  жоғарылай  береді.  Егер  анасы  мұндай 

жасанды  тамақтар  бермей,  омырау  сүтімен 

қоректендірсе,  келіншекке  дəрумендерге  бай 

сүт,  ет,  балық  тағамдары  мен  көкөніс,  жеміс-

жидектерді  көп  жеуі  керек.  Мұндай  құнарлы 

астардың сатылымда қанша тұратыны бəріңізге 

белгілі.  Ал,  нəрестеге  кигізетін  жөргектердің 

(памперс)  бір  данасы,  сапасына  қарай 65 

теңгеден 85 теңгеге  дейін.  Бұның  бір  күнде 

бірнешеуі  жұмсалатынын  ескерейік.  Дəрі-

дəрмектерге  келсек,  ауырмады  десек  те,  қазір 

барлық  нəрестелерге 1 жасқа  дейін  берілуге 

тиіс «Аквадетрим» дəрумені 600 теңге тұрады. 

Міне, бұл тек ең қажеттілері ғана. Нəресте үшін 

керек-жарақ көп. Жоғарыда айтылған баланың 

1 жасына дейін төленетін жəрдемақы бұлардың 

бəрін  қамти  алмайды.  Содан  келіп,  анасы 

жұмысқа шығады. 

Анасы  жұмыста  болған  уақытта  баласын 

күнұзаққа  қарауға  қалдыратын  адам  іздейді. 

Осындай  қажеттіліктен  қазіргі  қоғамда  «жеке 

бала  күтушісі»  деген  жұмыс  пайда  болған. 

Олардың  бір  күнгі  еңбекақылары 1000 теңгеге 

бағаланып  жүр.  Иə,  қорғансыз  нəрестенің 

қауіпсіз де сенімді қарауда болғаны үшін аналар 

ол ақыны аямас-ақ еді. Бірақ, соңғы кездері сол 

бала  күтушілерінің  қызметтерінен  жік  шықты. 

Біреулері  бала  күні  бойы  тыныш  болуы  үшін 

ұйықтататын  «димедрол»  дəрісін  беретін 

көрінеді.  Ондайдан  баланың  жаңа  дамып  келе 

жатқан  жас  ағзасының  кері  əсер  алатыны 

сөзсіз. Енді біреулер бала мазасын алса, ұрып, 

қорқытады  да  екен.  Ондай  қыспақ  баланың 

психологиясына 

ауыр 


əсер 

қалдырады. 

Өскенде одан өз ойын ашық жеткізе алмайтын, 

жалтақ тұлға қалыптасады. Əйтеуір, жеке бала 

күтушілеріне сенімсіздік басым. 

Əке-шешесі жұмыста болған кезде баланың 

ас-суын уақтылы беріп, тазалығын, қауіпсіздігін 

жауапты 


қарайтын 

балабақша 

іздейміз. 

Бəрімізге  белгілі,  балабақша  бүлдіршіндерді 

2  жастан  қабылдайды.  Ал,  қазірлері 3 жастан 

қабылдайтын  «Балапан»  бағдарламасымен 

ашылған 

шағын 


орталықтардың 

қатары 


көбейіп  келеді.  Соңғы  кездері  «Балабақшаға 

3  жастан  қабылдайтын  болыпты»  деген 

қауесетті жиі еститінбіз. Расында, ол «Балапан» 

бағдарламасымен ашылғандары ғана. 

Ертеңін  ойлаған  ел  Үкіметі  баланы  оқыту-

тəрбиелеу  ісімен 1 жастан  бастап  қамтуды 

қарастырған. 2013 жылдың 17-мамырында 

шыққан  №499  Қаулыдағы  «Мектепке  дейінгі 

ұйымдар  қызметінің  үлгілік  қағидаларының» 

ережесінде бала 1 жасында бөбекжайға баруға 

құқылы  екені  айтылған.  Содан  соң,  бүлдіршін 

балабақша,  «мектеп-балабақша»  кешені, 

мектепке дейінгі шағын орталықта тəрбиеленіп, 

1-сыныпқа  оқу  бағдарламаларын  меңгеруге 

дайын  болып  барады.  Сонда  бала  ерте 

жасынан көпшіл, қоғамның жаңа ақпараттарын 

зерек  меңгеруге  бейім  болып  өседі.  Алайда, 

бөбекжай тобы біздің облыста жалғыз Жамбыл 

ауданындағы  балабақшалардың  бірінде  ғана 

бар. Облыстық білім беру басқармасының бас 

маманы  Данагүл  Несіпбаеваның  айтуынша, 

өңірімізде 

мектепке 

дейінгі 


тəрбиелеу 

мекемелерінің 90 пайыздан 

жоғарысы 

балабақшалар. Жақында Жамбыл ауданының 

Түрксіб  ауылынан 280 орындық  балабақша 

ашылған.  Осында  бөбекжай  қарастырылған. 

Облыстық білім беру басқармасы маманының 

айтуынша,  мектепке  дейінгі  мекемелердің 

кезегінде  тұрғандар  санының  көптігінен, 

бөбекжайдан  гөрі  балабақша  ашу  тиімді 

көрінеді.  Бір  ғана  Тараз  қаласының  өзінде 

бүгінгі  күнде 22083 бүлдіршін  балабақша 

кезегінде  тұр.  Тіпті,  біртіндеп  қатары  көбейіп 

келе  жатқан  жекеменшік  балабақшалар  да 

ұзын-сонар кезекті азайта алмай отыр. Мұндай 

жекеменшік  балабақшалардың  кейбірінде, 

санитарлық талаптарға сай келуіне, ерекшелік 

жағдайларына  қарай  бөбекжай  топтары  бар. 

Олардың  ай  сайынғы  төлемақылары  өзіндік 

жай-жағдайларына  байланысты 15000-нан 

бастап  түрліше  болып  келеді.  Десек  те,  жеке 

бала  күтушісінің  қызметіне  қарағанда  ұжым 

болып  жұмыс  істейтін  балабақша  сенімдірек. 

Себебі,  онда  бала  тек  оқу-тəрбиемен  емес, 

денсаулығын 

қорғау 


шараларымен 

де 


қамтылады.  Жəне  балабақша  мемлекеттің 

талаптарына сай жасақталады. 

Қалай дегенде де бала бағу – оңай іс емес. 

Ал, ертеңгі ел тұтқасын ұстар өскелең тұлғаны 

тəрбиелеу  асқан  жауапкершілікті  талап  етеді. 

Расында көбіміз баланың моральдығынан гөрі 

материалдық қажеттілігін ойлап жүрміз.

БАЛА ТƏРБИЕСІНЕ КІМ ЖАУАПТЫ?

БАЛА ТƏРБИЕСІНЕ КІМ ЖАУАПТЫ?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет