Жоғарғы Фаулер жағдайында кереуеттің бас жағын көтеру керек:
45˚ бұрышта
60˚ бұрышта
90˚ бұрышта+
30˚ бұрышта
15˚ бұрышта
Ауру адамның жағдайын жеңілдететін қалып қалай аталады?
Белсенді қалып
Енжарлы қалып
Еркін қалып
Мәжбүр қалып+
Төсектік қалып
Адамның еңбек қызметінің тиімділігін арттыру, еңбек жағдайларын оптимизациялау мақсатымен еңбек процестерін зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?
Биомеханика
Кинезиология
Механика
кинезика
эргономика+
Медбикелерде жиі ауыр салмақ көтеру нәтижесінде тірек-қимыл жүйесінде байқалатын патологиялық процесс:
остеопороз
остеохондроз+
компрессионды сынықтар
артрит
артроз
Омыртқа остеохондрозының жиі орналасатын аймағы:
мойын омыртқаларында
кеуде омыртқаларында
бел омыртқаларында+
сегізкөзде
кеуде, сегізкөз
Скелет сүйектерінің зақымдалуымен сипатталатын ағзаның жүйелі ауруы, сүйектердің тығыздалуының төмендеуімен, сүйек массасының төмендеуімен, соның нәтижесінде сүйектердің нәзік, сыңғыш болуымен сипатталады. Бұл қандай патологияға тән болып келеді?
Остеопороз+
остеохондроз
компрессионды сынықтар
артрит
артроз
Ұзақ қысылу, үйкелу салдарынан тері және басқа жұмсақ ұлпалардың жаралы-некротикалық өзгерістері қалай аталады?
Контрактура
Пысынау
Баздану
Бұлшықет гипотрофиясы
Ойылу+
Буындарда қимыл-әрекеттердің шектелуі қалай аталады?
Артроз
Артрит
Контрактура+
Остеопороз
Гемартроз
Қоректенудің бұзылу салдарынан бұлшықет талшықтарының біртіндеп жұқаруы, зақымдалуы, жиырылу қасиеттерінің төмендеуі қалай аталады?
Контрактура
Бұлшықет атрофиясы
Бұлшықет гипертрофиясы
Бұлшықет гипотрофиясы+
ойылу
Өздігінен толық қозғала алмайтын, бірақ негізі жүктемені қол ұшына және шынтақ буынына түсіріп дене салмағын жартылай ұстай алатын пациенттерге арналған қозғалудың қосалқы затын анықтаңыз:
таяқтар
қолтық асты балдақтар
шынтақ асты тіреуші бар балдақтар+
арба (ходунок)
орындық-арба (кресло-коляска)
Аяқ жарақаттары бар пациенттерге ерте реабилитация кезеңінде қолдануға арналған қозғалудың қосалқы затын анықтаңыз:
таяқтар
қолтық асты балдақтар+
шынтақ асты тіреуші бар балдақтар
арба (ходунок)
орындық-арба (кресло-коляска)
Төсек тартып жатқан пациенттерде аяқ-қолдардың ұзақ уақыт қимыл-әрекетсіз болуынан буындарда активті және пассивті қимыл-әрекеттердің шектелуі қалай аталады?
атрофия
анкилоз
тромбоз
плегия
контрактура+
Медбике пациентті қарағанда сегізкөз аймағында терісінің қызарғанын, қабыршақталғанын анықтады. Тұрақты гиперемия қызыл-көкшіл дақтармен сипатталады. Пациентті бір қырымен жатқызғанда да гиперемия кетпейді. Бұл өзгерістер ойылудың трофикалық бұзылыстар деңгейіне қарай қай кезеңіне тура келеді?
ойылудың І-кезеңі+
ойылудың ІІ-кезеңі
ойылудың ІІІ-кезеңі
ойылудың ІV-кезеңі
ойылудың регенерация кезеңі
Төсек тартып жатқан науқастың жамбас аймағында күлбір анықталады. Бұзылыстар тері асты май қабатын зақымдаған.Трофикалық бұзылыстар деңгейіне қарай ойылуды кезеңін анықтаңыз: